Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Таза бейсенбі : жыл басынан бері 46 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Таза бейсенбі : жыл басынан бері 46 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясы жүзеге асырып отырған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл іс-шара аясында тұрғындар елді мекендерді, саябақтарды, көшелер мен қоғамдық аумақтарды тазартуға бірігіп, санитарлық жағдайды жақсартуға және экологиялық мәдениетті нығайтуға үлес қосып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шығыс Қазақстан облысында «Таза бейсенбі» акциясы Самар ауданында өтті. Тазалық жұмыстарына 35-тен астам адам қатысты. Олардың қатарында ауыл әкімдігі өкілдері, мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар және жергілікті ұйымдар болды. Акция барысында Мәдениет үйінің аумағы, орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық демалыс орындары тазартылды. Бұл жұмыстың нәтижесінде ауылдың санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасты.

Түркістан облысы Шәмші ауылында «Таза бейсенбі» акциясы Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ аумағында өтті. Биыл композитордың туғанына 95 жыл толуына орай, акция ерекше мәнге ие. Сондықтан партия мүшелері бұл акцияны Шәмші мұрасының рухани жалғасы, туған топырақты қадірлеудің нақты көрінісі ретінде бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру – ұлы тұлғаға құрметтің бір көрінісі әрі туған жерді таза ұстаудың белгісі.

«Таза бейсенбі» акциясын қазақтың кең даласына әннің нұрлы сәулесін себелеп өткен Шәмші Қалдаяқов саябағында өткізіп отырмыз. Ұлт мақтанышының есімін иеленген орта әдемі, ұқыпты, таза болуы керек. Әннің мөлдір бұлағын қалдырған ұлы тұлғамыз жайлы тазалық биігінен естелік айтып, рухани биіктік тұрғысынан ой қорытуымыз қажет. Таза Қазақстанның өзегі – таза жүректе, таза ниет пен таза табиғатта», – деді «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы.

Акция барысында саябақ аумағы, оған іргелес көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды, жас көшеттер отырғызылды, арықтардағы жапырақтар шығарылды, жас ағаш өскіндерінің түптері аязды күндерден қорған болуы үшін бекітілді, су жиналатын аумақтар тегістелді.

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданына қарасты Бадамша ауылында да «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы мүшелері, волонтерлер мен ұйым қызметкерлері көшелер мен жол жиегін тазартуға қатысты. Нәтижесінде шамамен 2 тонна қоқыс шығарылды.

Атырау облысы Махамбет ауылында акция аясында 220 көшет отырғызылды. Аудандық филиал төрағасы Руслан Аженовтің айтуынша, әрбір отырғызылған ағаш – өңірдің көгалдануына қосылған үлес және келер ұрпаққа қалатын игі мұра.

Шымкентте кезекті «Таза бейсенбі» акциясы Абай саябағында өтті. Іс-шараға 50-ге жуық адам – қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері, «Жастар Рухы» белсенділері және коммуналдық қызмет мамандары қатысты. Олар қураған ағаш бұтақтарын, шөп қалдықтарын, сондай-ақ тұрмыстық қоқысты жинады. Жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясы 49 рет ұйымдастырылып, көпқабатты үйлердің аулалары мен көшелерден 46 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Тазалық жұмысына жалпы 4000-нан астам тұрғын атсалысқан.

«Тұрғындар тазалықты тек акция кезінде ғана емес, күнделікті әдетке айналдырудың маңызын түсіне бастады. Қала – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әр азаматтың борышы», – деді «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.

Жетісу облысының Панфилов ауданында «Таза бейсенбі» акциясы тұрғындар, волонтерлер және белсенділерді біріктірді: 40-қа жуық адам үш тоннадан астам қоқыс жинады. Экоакция  аясында саябақтар, жол жиектері және қоғамдық орындар тазартылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық тек қана қоршаған ортаны жинаумен шектелмейді, ол – экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастырудың жолы. «Таза бейсенбі» адамдардың бірлігін күшейтіп, табиғатты таза сақтауға деген ұмтылысын арттырады. Аудандық филиал алдағы уақытта мектептер мен ұйымдарда экологиялық сағаттар өткізіп, осы игі іс-шараға қатысушыла санын арттыруды жоспарлап отыр.

«AMANAT» партиясы ұйымдастырып отырған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тазалық пен тәртіпке деген қамқорлық бір реттік бастама емес, маңызды қоғамдық миссия екенін көрсетеді. Тұрғындар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың қатысуының арқасында акция бүкіл Қазақстанды қамтып отыр. Отырғызылған ағаштар, тазартылған көшелер мен абаттандырылған саябақтар – өңірлердің экологиялық болашағын жақсартуға бағытталған маңызды үлес.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 22:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары