Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жылқы жылы: 2026 жыл қандай болады

Жылқы жылы: 2026 жыл қандай болады

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. 2026 жыл - жылқы жылы. Қазақ ықылым заманнан пір тұтқан Қамбар атаның түлегі қай кезде де болмасын қасиетті, қадірлі. Жылқы жылы жайлы бола ма? Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыздар.

Жылқы жылы — жылан жылынан кейін, қой жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 7-ші жылы. Бұл жыл атауы Азия халықтарының көпшілігінің күнтізбесінде қолданылады. 12 жылда бір қайталанып отырады.

Жылқы туралы жыр бөлек

Қазақ өзін жылқы мінезді халық деп санайды, себебі жылқы бауырмал, иесіне де, үйіріне де адал. Сосын жылқы кекшіл мал емес. "Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше" деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Жалпы аламан десе делебесі қозатын қазақ үшін жылқы қасиетті жануар. Төрт түлікте жаманы жоқ, бірақ жылқы туралы жыр бөлек. Өйткені қазақ ықылым заманғы өз мәдениетін тікелей жылқымен байланыстырған. "Ереуіл атқа ер салмай" деп жырланған эпос-дастандарда да талай шапқыншылықта ерлік көрсеткен батырлардың серігі тұлпары болғаны айтылып жүр, айтыла да бермек.

Ержеткен баласын ат жалын тартып мінді дейтін қазақ, құнды сыйлыққа да ат мінгізген. Ат үстіндегі қонағын қолтығынан демеп түсірсе, айтар тілегінде де аламаннан атың озсын деп тілеген. Тәуелсіз мемлекеттің Елтаңбасында да басты әрі маңызды деталь пырақ бейнеленген.

Жылқы жылы елдік рух күшейеді - этнограф

Тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Бабақұмар Хинаят жылқы жылы туралы былай дейді:

"Ұлы Абай "қазақ қайдан шықты" деген мақаласында жылқы жылы туралы тоқталады. Қазақтар соғысқа Шыңғыс хан заманында Шыңғыс хан әскеріне қосылып, әуелі Герханды өлтіріп, ұйғыр жұртын алғаннан кейін Азияның төріне дейін барған дейді. Осыған байланысты қазақ "жылан жылы жылыс болады, жылқы жылы ұрыс болады, қой жылы зеңгір тоғыс болады" деген".

1221 жылы Шыңғыс ханның Орта Азияға шабуылдап, Отырар қаласының қирауы осы жылқы жылымен тұспа-тұс келген.

"Ертеде қазақ жылқы жылы ұрыс көп болып, барымта көбейеді деп түсінген. Жылқы көшпелілер үшін мәдениеттің үлкен феномені, уақыттың философиясы. Адамның өмірі мен руханияты арасындағы тепе-теңдік. Азаттықтың рухы, өрлік, береке жылы болып есептеледі. Жылқы жылы несібе мол болады, елдік рух күшейеді деп сенген", - дейді Бабақұмар Хинаят.

Ата-бабамыз үлкен істі бастап, алысқа жасалатын сапарда әр жылға мән берген. Сауда жасап, керуендететін кезде, алысқа көшетін сәттер болса да "келер жылы жылқы жылы, қолайлы жыл" деп ырымдаған екен.

"Бұл жылы дау-жанжал болуы мүмкін деп те сақтанған. Бұл тек бір қазақ емес, жыл қайыру бар жалпы шығыс елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан дәстүр", - дейді этнограф.

Жылқы жылы жайлы бола ма?

"Келесі жылқы жылы молшылық, береке күтеміз. Негізі әр жылдың өзіне тән қасиеті бар. Жылан мен қой жылының ортасында тұрған жылқы жылында екі жылдың да кейбір сипаты болады. Жылқы - жасырын күш, тарпаң, динамика. Көшпенділерді әлем мәдениетіне алып шыққан жануар. Аз уақытта көп жер жүретін, ат жалындағы мәдениет. Жылқы қазақ жерінде, Солтүстік Қазақтандағы Ботай жерінде пайда болды деген жазбалар бар. Жылқының адам қолына үйренуі 13 ғасыр бұрын басталған делінген. Жүздеген мыңнан астам жылқы сүйегінің табылуының өзі үлкен айғақ", - дейді Бабақұмар Хинаят.

Мына бір қызықты қараңыз, жылқы ақылы, өрісі жағынан жануарлардың ішінде иттің алдында, бесінші орында тұрады екен. Ол адамның мінезін, іс-әрекетін саралай алады. Егер иесі өзіне ұнаса, оған қызмет етіп, адал болады.

Жылқы қазақ халқының өмірінен, мәдениетінен еш алыстатуға келмейтін жануар. Біздің ұлттық спорттық ойындарымыз да тікелей осы жануармен байланысты. Асауды бағындырған жігітті ер деп мақтаса, шашасына су жұқпаған тұлпар шапқызған жігіттің мәртебесі жоғары болған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары