Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Зумерлер тамаққа тапсырыс берудің және бір тиын да төлемеудің жолын тапты

Зумерлер тамаққа тапсырыс берудің және бір тиын да төлемеудің жолын тапты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бургерге тапсырыс беру, мінсіз комбо жинау, бәрін себетке салып, сайтты жауып қою. Оңтүстік Кореяда "дофамин сайттар" деп аталатын платформалар танымалдылыққа ие болып жатыр - олар тамақ жеткізу, бірге темекі шегу және басқа да үйреншікті рәсімдердің имитациясын жасайды, бірақ ақшаны да, нақты іс-әрекетті де талап етпейді. Tengri Life зумерлер миын неге алдайтынын баяндайды.

Дофамин сайттар дегеніміз не?

SCMP мәліметінше, мұндай платформалар оңтүстіккореялық жастар арасында жаңа интернет-ермекке айналды. Олардың басты ерекшелігі - үйреншікті әрекеттерді шынайы өмірде жасамай-ақ, солардан жағымды эмоция алу мүмкіндігі.

Кейбір сайттар виртуалды тамақ жеткізу қызметінде тапсырыс жинақтауды ұсынса, басқалары бірге темекі шегу немесе қасыңда басқа адамдар бардай әсер сыйлайды. Пайдаланушылардың айтуынша, мұндай сервистер мазасыздықтан, стресстен және жалғыздық сезімінен арылуға көмектеседі.

@pixelsbynana link is at the end of the video! let’s replace doomscrolling with better, fun activities :) #dopaminemenu #doomscrolling #tech #code #vibecoding #mindless #wellness ♬ Library Vibes - Cozy-Cozy-Moodscape
Тамақ жеткізу

Ең танымал мысалдардың бірі - жалған тамақ жеткізу сервисі. Ол нақты қосымшаның дәл көшірмесі: сіз кіресіз, мәзірді қарап, комбо-түскі астарды таңдайсыз, бургерлерді қалауыңызша өзгертіп, бәрін себетке саласыз. Экранда тіпті жалған жеткізу уақыты саналып, пікірлер тұрады. Тек бір нәрсе - төлем жасау батырмасы жоқ.

Пайдаланушылардың сөзінше, басты мәні де осында. Адам таңдау процесінің өзінен ләззат алады, бірақ ақша жұмсамайды және тапсырыс бермейді.

Темекі шегу бөлмесі

Зумерлер арасындағы тағы бір тренд - онлайн "темекі шегу".

Сайт компаниямен бірге темекі шегу сәтін имитациялайды. Кіргеннен кейін пайдаланушы платформада өзімен бірге қанша адам отырғанын көрсететін есептегішті көреді.

Бұл - істен сәл тынығып, өзге адамдардың барын сезініп, темекісіз-ақ және денсаулыққа зиян келтірмей үзіліс жасауға болатын өзіндік виртуал кеңістік.

Зумерлер мұндай сайттарды қалай пайдаланады?

Жастар үшін бұл платформалар күтпеген жерден көмекке айналды. Мәселен, Ким есімді 25 жастағы кеңсе қызметкері мұндай сайтты жиі түнгі сағат екіде ашады. Ол шынымен тамаққа тапсырыс беруді жоспарламайды, бірақ тағамдарды қызыға таңдап, сатып алуды толық имитациялап, оларды себетке жинайды.

Оның айтуынша, тамақ жегісі келіп, бірақ ақша жұмсағысы келмеген кезде, ол ештеңе сатып алу ойында жоқ болса да, жай ғана тағамдарды таңдап, себетке жинай береді.

"Көбіне түнде тамақ жегім келіп кетеді, бірақ ақша үнемдеу үшін өзімді тежеймін. Бұл нағыз тамақ жеткізу қосымшасына ұқсайды, сондықтан неге екенін білмеймін, оған үнемі қарап отырамын. Соңында ештеңеге тапсырыс бермеймін, бірақ стрессім бірден басылады", - дейді Ким.

Ал 24 жастағы студент Ли басқа сервисті - виртуалды "курилканы" пайдаланады. Әдетте ол жаққа емтиханға дайындалу кезінде немесе оқудан шаршағанда кіреді.

"Шын мәнінде мен темекі шекпеймін, бірақ бұл сайтта өзімді көпшілікпен бірге демалуға шыққандай сезінемін және бұл мені қатты тыныштандырады", - дейді Ли.

Оның айтуынша, платформа жалғыздықпен күресуге де көмектеседі.

"Жалғыз оқумен айналысып отырып сайтқа кіргенде, басқа адамдардың да қиындықтарды бастан кешіріп жатқанын сеземін, содан барып жалғыз емес екенімді түсінемін", - деді Ли.

Ғалымдар не дейді?

Чонвон университетінің профессоры Ким Хон Сик мұндай сервистердің танымалдылығы адамдардың интернет арқылы жылдам эмоция мен лезде қанағаттану әдетімен байланысты деп есептейді.

Оның пікірінше, бұл құбылыс мукбанг феноменіне - блогерлердің камера алдында тамақты көп мөлшерде жейтін бейнероликтеріне ұқсайды.

"Соңғы кездері желіде алкоголь, темекі немесе тамақ болсын, әртүрлі тәжірибені виртуалды түрде бастан кешіруге мүмкіндік беретін контент көбейді. Бұл симуляторлар жастардың нақты өмірде бұл әрекеттерді жасамай-ақ, белгілі бір атмосфераны сезіну немесе ләззат алуға деген талпынысын көрсетеді", - деп түсіндірді Ким Хон Сик.

Сонымен қатар сарапшы мұндай платформалардың танымалдылығының астарында көптеген жастар бетпе-бет келіп отырған шаршау, мазасыздық және белгісіздік сезімі жатқанын айтады.

"Біз жаппай қажу мен белгісіздік дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мұндай жағдайда зумерлер интернеттегі әлсіз болса да байланыстардан жұбаныш іздеуге тырысады. Осы секундта сайтта сенімен бірге тағы біреудің онлайн отырғанын сезінудің өзі - оның кім екені маңызды емес - жалғыздықты басуға көмектеседі", - деп түсіндірді ғалым.

Оның айтуынша, мұндай сервистер эмоционалды күш-жігерді талап етпейтіндігімен де тартымды. Мұнда басқа адамдарға икемделудің, қарым-қатынас орнатудың немесе ықтимал қақтығыстар үшін уайымдаудың қажеті жоқ.

Барлығы барынша жеңіл, болжамды әрі қауіпсіз өтеді. Қатал шындықпен осындай алшақтық зумерлерге айтарлықтай психологиялық жайлылық сыйлайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары