Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Депутат и владелец фермы в Павлодарской области прокомментировал гибель людей при очистке колодца

Два лесных пожара площадью около двух гектаров каждый тушат в Семей орманы

Запуск прямых рейсов из Астаны в Шанхай запланирован на эту осень

Названы грибы с самым большим содержанием витаминов и минералов

Отпуск на тот свет

Подготовка идет полным ходом

Комбайны вышли на поля

Не только кумыс какой продукт из Казахстана всё чаще покупают за рубежом

Дефекты будут устранены

Победа Испании на ЧМ 2026 сделала рэпера Ганвеста долларовым миллионером

Американский суд приостановил слияние Paramount и Warner Bros.

Ядерные технологии: от фундаментальной науки к высокотехнологичной экономике

В партии Байтак объяснили, почему четверо их кандидатов отказались от участия в выборах в Курултай

Аншлаги на фестивале в Сочи

В Астане состоялся показ документального фильма 4739

Новая модель взаимодействия

Высокие технологии доступны каждому

Доллар торгуется на бирже по 469,2 тенге Аналитический интернет журнал Власть

Эксперт измерил объем памяти мозга в смартфонах

ЕНПФ разъяснил новый подход к госгарантии сохранности пенсионных накоплений

2025 жыл үшін төленген салықтың бір бөлігін қалай қайтаруға болады? Түсіндіреміз

2025 жыл үшін төленген салықтың бір бөлігін қалай қайтаруға болады? Түсіндіреміз

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.

Қазақстанда 15 қыркүйекке дейін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкі туралы 270.00-нысанды декларациясын тапсыру науқаны жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл – 2025 жылы оқу, емделу және ипотекаға жұмсалған шығындар үшін төленген жеке табыс салығын кері қайтарудың ең соңғы мүмкіндігі. Себебі 2026 жылдан бастап салық заңнамасына түбегейлі өзгерістер енгізілді.

Жаңа салық ережелері күшіне енгенге дейін 2025 жылдың жеңілдіктерін қалай пайдаланып қалуға болады? Көлік, мүлік салықтары мен шетелдік депозиттерде қандай астыртын кедергілер бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын материалымыздан оқыңыз.

№1. 15 қыркүйекке дейін қандай декларация тапсыру керек?

Қазақстан азаматтары 15 қыркүйекке дейін 270.00-нысанды жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкі туралы декларациясын тапсыруы тиіс. Qazaq Expert Club сарапшысы, салық кеңесшісі Раушан Тасшойынованың айтуынша, бұл декларация 2025 жылы төленген жеке табыс салығының бір бөлігін мемлекеттен қайтарып алудың соңғы мүмкіндігі болмақ.

Бұл декларацияны уақытылы тапсыру арқылы азаматтар өткен жылғы табыстары бойынша есеп айырысып қана қоймай, артық төленген немесе тиісті шегерімдер есебінен ұсталған салық сомасын кері қайтаруға өтініш бере алады.

"Қазақстандықтар өзіне тиесілі салықтық жеңілдіктерді білмей, жиі ақшаларынан қағылып жатады. Негізі, 2025 жылы оқудың, емделудің ақысын және ипотеканың пайызын табысыңыздан шегеріп тастап, салықты азайтуға болатын еді. Егер бұл мүмкіндікті кезінде жұмыс орны арқылы пайдаланбаған болсаңыз, оны декларация тапсырғанда өзіңіз де көрсете аласыз. Әрине, бұл жеңілдіктердің де өзіндік ережелері мен шектеулері бар. Мысалы, білім беру бойынша шығын тек балабақша, колледж бен университеттегі оқу үшін есепке алынады. Медициналық қызметтер бойынша емделу шығындарын азайтуға болады, бірақ бұған сұлулық пен косметология қызметтері кірмейді. Ал ипотекаға келсек, банкке қайтарылған негізгі қарыз емес, тек төленген пайызы ғана есепке алынады. Ақшаңызды кері қайтару үшін 270.00-нысанды декларацияны толтырып, шығыныңызды растайтын құжаттарды қоса тіркеу керек. Егер қайта есептеуден кейін салықтың артық ұсталғаны анықталса, сол ақша салық төлеушінің өзіне қайтарылады", – деп түсіндірді Qazaq Expert Club сарапшысы, салық кеңесшісі Раушан Тасшойынова.

№2. Салықтық шегерімдер деген не және оларды қалай қайтаруға болады?

Салықтық шегерім – бұл Салық кодексінде қарастырылған, салық төлеушінің жеке табыс салығы ұсталатын негізгі табыс сомасын азайтуға мүмкіндік беретін заңды құрал. Көптеген азамат мұндай құқығы бар екенін білмей, өз қаржысын жоғалтып жатады.

Егер сіз бұл шегерімді жыл ішінде жұмыс беруші (салық агенті) арқылы рәсімдеп, пайдаланбаған болсаңыз, оны 270.00-нысан бойынша декларация тапсыру кезінде өзіңіз дербес көрсетуге толық құқылысыз. Мұны іске асыру үшін:

Декларацияда тиісті шегерім сомасын көрсетесіз. Шығындарыңызды растайтын ресми құжаттарды (чек, шарт, төлем тапсырмалары) қоса тіркеп тапсырасыз. Салық органы қайта есептеу жүргізгеннен кейін, ЖТС артық ұсталғаны анықталса, сол сома салық төлеушінің банк шотына қайтарылады.

Оқи отырыңыз: Грант байқауы – 2026: Кімдер тегін оқи алады және оған қандай құжаттар қажет

№3. 2025 жылы қандай шығындар бойынша салықтық шегерім алуға болатын еді?

2025 жылдың қорытындысы бойынша азаматтар мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмсалған шығындарын салық салынатын табыстан шегеруге құқылы болды:

Оқу ақысы бойынша шегерім: Тек мектепке дейінгі тәрбие мен білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқуға жұмсалған шығындарға қолданылды. Медициналық қызметтер бойынша шегерім: Емделуге, медициналық тексерулерге немесе оталарға жұмсалған шығындар есепке алынды. Ескеретін жайт: косметологиялық қызметтерге бұл шегерім қолданылмайды. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша шегерім: Тұрғын үй ипотекасы бойынша банкке төленген негізгі қарыз емес, тек сыйақыны (пайызды) төлеуге жұмсалған шығындар ғана есепке алынды.

№4. Көлік және мүлік салығы бойынша қателіктер неден туындайды?

Мүлік және көлік салықтары мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде автоматты түрде есептеледі. Алайда, бұл жүйелердегі ақпарат уақытылы жаңартылмаса немесе техникалық қателер кетсе, салық дұрыс есептелмей, азаматтарға артық жүктеме түсіруі мүмкін.

Негізгі себептері мен мысалдары:

көлікті сату кезіндегі қателіктер: Автокөлік сатылып, басқа тұлғаға қайта тіркелгенімен, базада жаңа меншік иесі туралы мәлімет жаңартылмай қалуы мүмкін. Нәтижесінде салық төлеу туралы хабарлама бұрынғы иесіне жіберіледі; жылжымайтын мүлік бойынша: Меншік құқығы өзгерген немесе нысанның ауданы/сипаттамасы қайта қаралған жағдайда да ұқсас қателіктер кездеседі.

Сондықтан декларация тапсырар алдында мемлекеттік деректер базасындағы мүлік пен көлік ақпаратын міндетті түрде тексеру ұсынылады.

№5. Кімдер мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге құқылы?

Қазақстан салық заңнамасына сәйкес, азаматтардың белгілі бір әлеуметтік санаттары мүлік салығын төлеуден босатылады немесе жеңілдетілген шарттарға ие болады. Өкінішке қарай, мұндай жеңілдігі бар көптеген азамат өз құқығын білмейді.

Бұл жеңілдіктерге ие санаттар:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар; I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың немесе қамқоршының біреуі; "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар; бөлек тұратын зейнеткерлер.

Оқи отырыңыз: Бірнеше банкте несиеңіз болса, оны қалай реттеп, тиімдірек етуге болады

№6. Депозиттегі сыйақыға салық салына ма?

Азаматтар арасында "банк депозиттерінен түсетін пайыздарға салық салынады" деген қате түсінік жиі кездеседі. Салық кеңесшісінің түсіндіруінше, бұл жерде банк орналасқан елге назар аудару қажет:

Қазақстан банктеріндегі депозиттер: Жеке тұлғалардың отандық банктердегі депозиттері бойынша сыйақы (пайыз) түрінде алатын табыстары жеке табыс салығынан толықтай босатылған; шетелдік банктердегі депозиттер: Бұл жеңілдік тек отандық қаржы ұйымдарына ғана қатысты. Шетелдік банктердегі депозиттерден алынған сыйақыларға Салық кодексінде салықтан босату қарастырылмаған, соныдықтан олар бойынша декларацияда табыс көрсетіліп, салық төленуі тиіс.

№7. 2026 жылдан бастап салықтық шегерім ережелері қалай өзгерді?

Жоғарыда айтылған оқу, емделу және ипотека бойынша салықты қайтару ережелері тек 2025 жылғы табыстарға қатысты екенін ескерген маңызды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасында түбегейлі өзгерістер болды:

Жоғарыда аталған білім беру, медициналық қызметтер және ипотекалық қарыздар бойынша жекелей қолданылатын барлық дербес шегерім күшін жойды (алынып тасталды). Олардың барлығының орнына салық төлеушілер үшін 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізілді.

Соныдықтан, 2025 жыл үшін берілген мүмкіндікті жіберіп алмай, 15 қыркүйекке дейін тиісті декларацияны тапсырып үлгерген жөн.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:17
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 22 Июля 2026 15:02
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Депутат и владелец фермы в Павлодарской области прокомментировал гибель людей при очистке колодца

20 Июля 2026 18:39see137

Два лесных пожара площадью около двух гектаров каждый тушат в Семей орманы

20 Июля 2026 17:07see134

Запуск прямых рейсов из Астаны в Шанхай запланирован на эту осень

20 Июля 2026 18:01see131

Названы грибы с самым большим содержанием витаминов и минералов

20 Июля 2026 22:50see131

Отпуск на тот свет

20 Июля 2026 18:11see129

Подготовка идет полным ходом

21 Июля 2026 01:38see126

Комбайны вышли на поля

21 Июля 2026 00:35see126

Не только кумыс какой продукт из Казахстана всё чаще покупают за рубежом

20 Июля 2026 21:46see124

Дефекты будут устранены

21 Июля 2026 04:03see124

Победа Испании на ЧМ 2026 сделала рэпера Ганвеста долларовым миллионером

20 Июля 2026 18:11see123

Американский суд приостановил слияние Paramount и Warner Bros.

21 Июля 2026 17:26see123

Ядерные технологии: от фундаментальной науки к высокотехнологичной экономике

22 Июля 2026 02:17see121

В партии Байтак объяснили, почему четверо их кандидатов отказались от участия в выборах в Курултай

20 Июля 2026 18:05see120

Аншлаги на фестивале в Сочи

21 Июля 2026 03:17see119

В Астане состоялся показ документального фильма 4739

22 Июля 2026 08:41see118

Новая модель взаимодействия

21 Июля 2026 05:03see117

Высокие технологии доступны каждому

21 Июля 2026 03:56see116

Доллар торгуется на бирже по 469,2 тенге Аналитический интернет журнал Власть

21 Июля 2026 17:29see116

Эксперт измерил объем памяти мозга в смартфонах

21 Июля 2026 17:12see116

ЕНПФ разъяснил новый подход к госгарантии сохранности пенсионных накоплений

21 Июля 2026 18:31see116
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня