Аяғым дірілдейді , Анамды құттықтаймын . Құрылтайға жолы түспеген депутаттар немен есте қалды
Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлайды. Партиялар ұсынған тізімдерге қарағанда, VIII шақырылым Мәжілісінің 89 депутатының 42-сі ғана жаңа заң шығарушы органға үміткер ретінде қайта ұсынылды. Демек, бұрынғы Мәжіліс депутаттарының жартысынан астамы (47 адам) жаңа сайлауға қатыспайды.
Олардың арасында қоғамда өткір мәлімдемелерімен, бастамаларымен, даулы оқиғаларымен немесе көтерген мәселелерімен есте қалған депутаттар аз емес. Informburo.kz Құрылтайға үміткерлер тізіміне енбей қалған бірқатар бұрынғы депутаттардың парламенттегі қызметіне, ел есінде қалған оқиғаларына шолу жасады.
Бақытжан Базарбек
VIII шақырылымдағы ең белсенді депутаттардың бірі – Бақытжан Базарбек болды. Ол Мәжіліске бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы қаласынан өзін-өзі ұсынып, сайланған депутат еді.
Үш жыл ішінде әртүрлі құзырлы органға жалпы саны 66 депутаттық сауал жолдап, 81 жауап алған.
Ол Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде мінберде заңсыз жер беру мәселелерін, құрылыс саласындағы заңбұзушылықтарды тұрақты көтерді.
Сондай-ақ Бақытжан Базарбек жер саласындағы олигархтар мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізуді ұсынды.
Ринат Зайытов"Заңсыз халықтың ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар оны игермей, дереу оны сатуға, не банкке кепілге қоюға тырысатын. Екі ортада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің муддесі. Сондықтан да алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет. Реформаның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек", – деген еді Бақытжан Базарбек.
Ақын, айтыскер Ринат Зайытов та Мәжілістің VIII шақырылымына бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Абай облысынан өзін-өзі ұсынып, сайланды. Amanat партиясының мүшесі ретінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қызмет етті. Ол парламентте мемлекеттік тіл, ұлттық мәдениет және әлеуметтік мәселелерді тұрақты көтерді. Үш жылда жалпы саны 75 депутаттық сауал жолдап, құзырлы органдардан 85 жауап алған.
Ринат Зайытов әуе компанияларына домбыраны ұшақ салонына алып кіруге рұқсат беруді талап етіп, мәселе шешілмесе, әуежайларда мың домбырашының қатысуымен "Адай" күйін орындауды ұсынды. Нәтижесінде музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыра мен қобызды, арнайы футлярда қол жүгі ретінде ұшақ салонына алып кіруге рұқсат берілетін болды.
Сондай-ақ тағы есте қалған оқиға – Ринат Зайытовтың Мәжіліс мінберінде қазақ тілін түсінбеген шенеунікке сауалын орыс тілінде қоюға мәжбүр болған сәті. Сол кезде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың "Екі тілде де сайрайды екенсіз ғой, Ринат Рифхатұлы" деген сөзі қоғамда кең талқыланды.
Сонымен қатар Ринат Зайытовтың "аяғы дірілтейтіні" туралы сөзі де желіде көп талқыға түсіп, оны "популист" деп сынағандар да болды.
Ардақ Назаров"Менің күнде жұмысқа келетін жолым аяғымды еріксіз дірілдетеді. Өйткені күнделікті Мәжіліске жұмысқа келе жатқан әр депутаттың әр қадамында халықтың үміті, халықтың аманаты және халықтың тағдыры бар. Түсіне білген адамға елдің аманаты мен сенімінен ауыр жүк жоқ", – деген еді ол депутат кезінде.
Әлем чемпионы Ардақ Назаров та Мәжілістің VIII шақырылымына бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облысынан өзін-өзі ұсынып, сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде отбасы құндылықтары, жастар тәрбиесі мен дәстүрлі құндылықтарды жиі көтерді, Түркістанда арақ-шарап сатпауды ұсынды. Үш жыл ішінде түрлі органдарға 45 депутаттық сауал жолдап, 54 жауап алған.
Оның депутаттық кезеңіндегі ең көп талқыланған сәттердің бірі – Мәжіліс отырысында депутаттық сауалын бастамас бұрын анасын 70 жас мерейтойымен құттықтауы болды.
Бұл әрекет залдағы депутаттардың қолдауына ие болғанымен, қоғамда екіұдай пікір туғызды. Бірі оны анаға деген құрметтің үлгісі десе, енді бірі парламент мінберін жеке мақсатта пайдалануға болмайтынын айтты.
Кейін Назаров бұл әрекетін "қай қызметте жүрсең де, ата-ананы құрметтеуді насихаттағым келді" деп түсіндірді.
Дәулет Мұқаев
Блогер ретінде танылған Дәулет Мұқаев та бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласынан өзін-өзі ұсынып, Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде жастар, отбасы, әлеуметтік төлемдер мен баспана мәселесі және қаржылық сауаттылық мәселелерін көтерді, "ұлттық киім" күнін бекітуді ұсынды. Үш жылда 110 депутаттық сауал жолдап, оған 133 жауап алған.
Алайда оның кейбір әрекеттері қоғамда қызу талқыға түсті. Соның бірі – жұбайын Парламент атынан рәсімделген құттықтау хатпен туған күнімен құттықтауы болды.
Сонымен қатар ол камера орнатылған смарт-көзілдірікпен Мәжіліске келіп, журналистерді видеоға түсіріп алғаны үшін де сынға қалған еді.
Соңғы оқиға журналистердің наразылығын туғызып, парламенттегі қауіпсіздік пен этика мәселесі жөнінде пікірталасқа себеп болды.
Самат Нұртаза
Самат Нұртаза Мәжілісте Amanat партиясының фракциясында, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде болды. Ол мінберде ақпараттық саясат, цифрландыру және қоғамдық мәселелерді жиі көтерді. Үш жылда 27 депутаттық сауал жолдап, 27 жауап алған.
Оның депутаттық кезеңіндегі есте қалған оқиғалардың бірі – әлеуметтік желіде қайта тараған бұрынғы пікірі болды.
Желіде оның қазақ тілін кемсіткендей көрінген ескі жазбасы қызу талқыланып, қоғам сынына ұшырады.
Желіден скрин
Кейін Самат Нұртаза бұл пікірдің 2019-2020 жылдары тіл мәселесіне қатысты эмоциямен жазылғанын айтып, ешкімді кемсітуді мақсат етпегенін мәлімдеп, кешірім сұрады.
Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігіне ұрланған смартфондардың неге табылмайтыны туралы сұрап, артынан бір жарым жыл телефон жоғалтқанын айтып, "қашан табамыз?" дегені де қоғам талқысына түсті.
@qaz365kzДәулет Тұрлыханов❗️Депутат Самат Нұртаза өз мысалында ішкі істер органдарындағы жүйелі мәселені көтерді. Оның жоғалған телефонына қатысты іс бір жылдан бері қозғалыссыз жатыр. «Мәселе менің телефонымда емес, осындай жағдай мыңдаған адамда бар. Арыз жаз не жазба – бәрібір. Неге халықтың жүйкесін тоздыратын осындай ұсақ-түйек мәселелер шешілмейді?» – деді депутат. Министр Ержан Сәденов әзілмен жауап беріп, залды күлдіріп алды. Бірақ қоғам үшін бұл мәселе – күлкі емес, нақты шешімді қажет ететін жағдай.
♬ оригинальный звук - Qaz365.kz | Новости Казахстана
Олимпиада чемпионы Дәулет Тұрлыханов та бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласынан өзін-өзі ұсынып, Мәжіліс депутаты болып сайланды. Amanat партиясының фракциясында, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде болды. Мінберде спорт саласы мен бұқаралық спортты дамыту мәселелерін көтерді. Үш жылда 40 депутаттық сауал жолдаған және 42 жауап алған.
Алайда оның депутаттық қызметі көбіне ұлы Нұрасыл Болаттың қатысуымен болған резонансты оқиғалармен қатар аталды.
Ұлының заңгерлерді соққыға жыққаны үшін сотталуы және кейін әскери бөлімнен қашып кетуі қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Осыдан кейін депутаттан мандатын тапсыру туралы сұрақтар қойылды. Тұрлыханов бұл мәселені сайлаушылар шешетінін айтып:
Еділ Жаңбыршин"Егер сайлаушыларым "мандатыңызды тапсырыңыз" десе, тапсырамын. Әзірге ондай талап болған жоқ", – деп жауап берген еді.
Еділ Жаңбыршин де VIII шақырылымдағы белсенді депутаттардың бірі болды. Ол VIII шақырылымға бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Маңғыстау облысынан өзін-өзі ұсынды. Amanat партиясының фракциясында, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды. Ол мұнай-газ саласы, өңірлердің дамуы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және әлеуметтік мәселелер бойынша өткір депутаттық сауалдарымен танылды.
Депутат микроқаржы ұйымдарынан алынған несиелерді жаппай кешіруге мұқият қарап, мұндай шешім әділетсіздікке әкелуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тұрақты көтеріп жүрді.
Бұдан бөлек, бұралқы жануарлар туралы заңның авторларының бірі ретінде бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігіне күмән келтіріп, бұл мәселені құқық қорғау органдарының тексеруін сұраған болатын.
Бұл мәселе қоғамда қатты талқыға түсті. Себебі заңда 5 күн ішінде иесі табылмаған иттерді эвтаназия әдісімен ұйықтатып өлтіру қарастылыған. Бір тарап оны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қажетті қадам десе, екінші тарап адамгершілік қағидаларына қайшы деп санайды.
Бақтықожа Ізмұхамбетов
VIII шақырылымдағы ең тәжірибелі әрі ең егде депутаттардың бірі – Бақтықожа Ізмұхамбетов болды. Бұған дейін V, VI және VIII шақырылымдарда Мәжіліс депутаты болған. VIII шақырылымда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, 20 депутаттық сауал жолдап, 23 жауап алған. Amanat партиясының мүшесі болды.
75 жасында да депутаттық қызметін жалғастырған кезде журналистер одан "шаршаған жоқсыз ба?" деп сұрағанда&
"VIII шақырылымдағы депутаттардың жасы жас екенін ескерген соң, партия мені қалдырды", – деп жауап берген еді.
Депутаттың есімі кейін ұлы мен бұрынғы келіні арасындағы алимент дауына байланысты ақпарат құралдарында аталды. Алайда Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл мәселені жеке отбасы дауы деп бағалап, көпшілік алдында кеңінен пікір білдіруден бас тартты.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:65
Эта новость заархивирована с источника 10 Июля 2026 18:03 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















