Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

Токаев выступил на саммите ОДКБ

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

От практических вопросов к системным решениям

Бота торопится на стрижку

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды

Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен мәреге бірінші болып жетсе де, кейін нәтижесі жойылып, жүлдесіз қалды.

Осы орайда Информбюро порталы спортшының дисквалификация алуына және алтын медалінен айырылуына не себеп болғанын анықтады.

Су сепкендей басылған қуаныш

27 қыркүйек күні Ясмина Тоқсанбаева әйелдер арасындағы 42,195 шақырымдық марафондық спорттық жүріс қашықтығын 3 сағат 22 минут 20 секундта еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып қиып өткен еді. Азия Олимпиада кеңесі бастапқыда бұл нәтижені ресми түрде тіркеп, спортшының жеңісін Қазақстан делегациясының еншісіне тоғызыншы алтын ретінде жариялаған болатын. Алайда жарыс аяқталғаннан кейін қазақстандық спортшының көрсеткішіне қатысты қарсылық түсіп, көп ұзамай оның нәтижесі ресми есептен алынып тасталды.

Жарыстың жаңартылған хаттамасында 42,195 шақырымдық қашықтықта спортшының нәтижесі жойылғаны көрсетілген.

Азия ойындары ресми сайтынан скриншот

Жарыс хаттамасынан Ясмина Тоқсанбаеваға қойылған дисквалификация белгісінің астында TR7.1 [TR5.2] деп жазылып тұр. World Athletics ұйымы TR7.1 [TR5.2] ережесін спортшылардың тәртіп бұзғаны немесе ресми аяқ киім мен киім-кешек стандарттарын сақтамағаны үшін ескерту жасау немесе жарыстан шеттету мақсатында қолданады:

TR7.1 (тиісті тәртіпті сақтау) спортшылардан өз ісіне адал әрі жауапты қарауды, сондай-ақ экипировкаға, киім мен аяқкиімге қатысты барлық ережені қатаң сақтауды талап етеді. Бұл талаптарды бұзу сары қағазға, қызыл қағазға немесе жарыстан шеттетуге әкеп соғуы мүмкін. TR5.2 (аяқ киім стандарттары) жеңіл атлетика аяқ киімдеріне қойылатын нақты техникалық талаптарды реттейді. Бұған табан қалыңдығына қойылатын шектеулер секілді талаптар кіреді. 

Спортшылардың аяқ киімі бекітілген тізімге сәйкес келмесе, табан қалыңдығы заңсыз шектен тыс болса жазаланады. Бұл ережелер жарыс басталар алдында шақыру бөлмесінде (call-room) тексерілуге тиіс. Алайда Ясмина Тоқсанбаеваның аяқ киімі жарыс біткен соң ғана дауға айналып отыр.

Алайда Ұлттық Олимпиада комиеті Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған атлеттің жеңіске жеткен сәттегі екі видеосы мен алтын медаль алғаны туралы пост тұр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Дисквалификацияға не себеп?

Спортшыдан алтынды тартып алғаннан кейін дисквалификацияға нақты не себеп болғаны туралы әртүрлі ақпарат тарады. 27 қыркүйек күні кешке наразылықтың спортшының жарыста киген аяқ киіміне байланысты туындағаны айтылды.

World Athletics (Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы) ережелеріне сәйкес, спортшылар пайдаланатын аяқ киімнің үлгісі тиісті тәртіп бойынша арнайы рұқсат етілген тізімде болуға тиіс. Кейінірек отандық және шетелдік БАҚ өкілдері спортшының ASICS Magic Speed 4 кроссовкасын кигенін, ал бұл модельдің өкше тұсындағы табан биіктігі халықаралық стандарттағы шектен асып кететінін хабарлады.

Reuters мәліметінше, Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарында жеңіп алған алтын медалі марафон сайысында рұқсат етілмеген аяқкиім кигені үшін жарыстан шеттетілуіне байланысты жойылды.

"Спортшылар тек World Athletics платформасында мақұлданған және көрсетілген аяқкиімді ғана киюге тиіс. Ол бұл талапты орындамағандықтан, біз World Athletics ұйымына жүгіндік. Алайда спортшының қазылар алқасына шағымдануға құқығы бар және ол бұл мүмкіндікті пайдаланды", – деді техникалық өкіл.

Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылғаны туралы ақпарат 27 қыркүйекте тарады. 28 қыркүйек сағат 12.24-те ғана Ұлттық Олимпиада комитеті ресми мәлімдеме жасады. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми мәлімдемесі

Бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жарыс аяқталғаннан кейін World Athletics ережелеріне сәйкес әйелдер мен ерлер арасында жүлделі орындарға ие болған үш спортшының аяқ киімі міндетті тексеруден өтті. Тексеру барысында техникалық делегаттар Қазақстан өкілі Ясмина Тоқсанбаеваның аяқ киімі World Athletics мақұлдаған модельдер тізімінде жоқ екенін анықтады.

Мәселені одан әрі қарау үшін қазақстандық спортшының аяқ киімі суретке түсіріліп, тиісті мәліметтермен бірге ресми қорытынды алу үшін World Athletics-ке жолданды. Халықаралық федерацияның жауабы келгенге дейін марапаттау рәсімі кейінге шегерілді.

"World Athletics-тің спорттық аяқкиімге қойылатын талаптары халықаралық федерация Кеңесінің 2026 жылдың 19 наурызындағы шешімімен жаңартылып, 20 сәуірден бастап күшіне енді. Бұл жөнінде World Athletics-ке мүше барлық ұлттық федерацияға тиісті ақпарат жолданды. Аталған ережелер күшіне енген сәттен бастап жарысқа қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып саналады. Оларды сақтамау спортшы нәтижесінің жойылуына әкелуі мүмкін", – делінген ҰОК ресми мәлімдемесінде.

Ясмина Тоқсанбаева / Фото: ҰОК

World Athletics Ясмина Тоқсанбаеваның аяқ киімі жарыстарда қолдануға рұқсат етілген модельдер қатарына кірмейтінін ресми түрде растады. Халықаралық федерацияның қолданыстағы ережелеріне сәйкес мұндай жағдайда спортшының нәтижесі жарамсыз деп танылып, жарыстың қорытынды хаттамасына тиісті өзгеріс енгізіледі.

"Осы Азия ойындарында мұндай жағдай бұған дейін жетісайыста өнер көрсеткен ирандық спортшы Мохитзадеге қатысты да болған. Тексеру барысында оның аяқ киімі де World Athletics мақұлдаған модельдер тізімінде жоқ екені анықталды. Ережеге сәйкес оның нәтижесі жойылды. Қорытынды хаттамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін бұған дейін төртінші орында тұрған қазақстандық Алина Чистякова үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді", – делінген хабаралмада.

Мәселе туындаған сәттен бастап Қазақстан ҰОК қазақстандық спортшыға қажетті қолдау көрсету және апелляция беру мүмкіндігін қарастыру мақсатында World Athletics, Asian Athletics Association, Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) және Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Спортшының өзі не дейді?

Ясмина Тоқсанбаева нәтижесі жойылғанын әлеуметтік желідегі парақшасында растады. Ол осы жағдайға қатысты эмоциялық жазба жариялап, еліне алтын медаль сыйлауды мақсат еткенін және қолдау білдірген барша отандастарына алғыс айтты.

"Мені қолдаған адамдардың барлығына алығысым шексіз. Рахмет, Қазақстан. Дәл қазір сіздердің қолдауларыңыз қажет. Бүгін біз Азия рекордын орнаттық. Бүгін біз тарихты жаздық. Олар жеңісті тартып алса да, мен мұны тағы да қайталаймын. Бүгін мен чемпионмын. Әнұранымызды шырқау бала арманым еді. Жалт етіп өте шығатын эмоциям үшін кешірім сұраймын. Еліме алтын медаль сыйлағым келді. Жеке бапкерімнен бастап, жеңіл атлетика федерациясы және спорт министрлігіне дейін соңына дейін күрескен суперқаһармандарға алғыс айтамын. Бүгін жеңісімді тартып алса да, мені арманыма жету жолында тоқтата алмайды", – деп жазды қазақстандық атлет.

Жеңіл атлет Азия ойындарында жарыс алдында спортшылардың аяқ киімінің табанын ешкім өлшемегенін айтып отыр.

"Баршаңыздың пікірлеріңізді оқып жатырмын, қолдауларыңызға рақмет. Өкінішке қарай, жағдай осындай. Жауапкершілікті басқа біреуге арта салуға болмас, бірақ кеше жұлдызымыз жанбады. Жарыс алдында ешкім тексермеді. Әдетте осындай жоғары деңгейдегі жарыстардың бәрінде, тіпті Қазақстан чемпионатында да аяқкиімнің дұрыстығы мен табанының биіктігі тексеріледі. Барлығының өлшемі қатаң қадағаланушы еді, алайда бұл жолы өлшеген жоқ", – деді Тоқсанбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казахстанский спортивный портал Sports24.kz (@sports24.kz)

Ясмина Тоқсанбаева спортшыларға жүгіруге рұқсат етілетін аяқ киімдердің тізбесі жаңарғанын, ал одан хабарсыз екенін айтты.

Олар тексеріп, "кроссовкаңыздың биіктігі сәйкес келмейді" деп ескерткенде жарысқа жалаң аяқ шығушы едім. Бірақ олай жасамады. Бұл медальді Қазақстан халқына тарту еткім келді. Тарих жазғым келді. Меніңше, олар қатал әрекет етті. Дегенмен жауапкершілікті өзімнен де ала алмаймын, өйткені бұл жерде менің де аңғалдығым бар. Алайда аяқ киімдердің тізімі осы көктемде ғана жаңартылыпты. Ал бұл кроссовкаларды көктемде сатып алған едім. Ол кезде бұған рұқсат етілгенімен, арада бір ай өткен соң тізімді жаңартып жіберіпті. Айтарға сөзім жоқ. Қолдап, түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенемін. 42 шақырым – Азия рекорды, әлемдегі үшінші көрсеткіш", – деп пікір білдірді спортшы.

Дисквалификация орынды ма? 

Спорт сарапшысы Ақырыс Сейітқазының айтуынша, жарыс ережесі бойынша, ұйымдастырушылар әрбір спортшының экипировкасын толығымен тексереді. Марафон алдында Ясминаның киімінен қандай да бір олқылық табылмаған. Төрешілер жарыс жолына шығуға толық рұқсат берген. 

"Ал 42 шақырымдық марафонды 3 сағат 22 минутта жүріп келген соң ғана, жапондықтар Тоқсанбаеваның кроссовкасына көз тіккен. Бұған себеп те жоқ емес. Ясминадан соң мәре сызығын қытайлық спортшылар кесіп, тиісінше күміс пен қоланы алған. Ал төртінші орында жапониялық атлет тұр. Бұл жерде Жапония командасының қалай да болса өз спортшысына орын алып беруін мақсат тұтқаны анық. Бір қызығы, төртінші орындағы жапондық спортшы Ясминадан бақандай 13 минутқа қалып қойған", – деп жазды спорт сарапшысы. 

Ақырыс Сейітқазы осы жағдайдан соң Азия ойындарында жүрген қазақстандық делегация бірнеше рет қарсы шағым түсіріп, World Athletics ұйымымен байланысқа шыққанын айтып отыр.

"Ясминаның кроссовкасының табаны 43 мм деп көрсетілгенімен, жаттығу кезінде әбден тапталып, 36 милиметрге дейін төмендеген. Яғни, Ясмина Тоқсанбаеваның кроссовкасының табаны ереже бойынша көрсетілген 40 милиметрден де төмен болып шықты. Қазір ҚР Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ, ҚР жеңіл атлетика федерациясы осы сұрақ бойынша Ясминаның алтынын сақтап қалуға бар күшін салып жатыр. Бірақ Азия ойындары, Олимпиада сынды мультикешенді спорт сайыстарында Қазақстан спортшыларының мүддесін қорғайтын негізгі ұйым – Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті. Мұндай ірі жарыстарда Азия Олимпиада кеңесімен байланысқа шығатын жалғыз ұйым – ҰОК. Сондықтан бұл жерде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауы аса маңызды", – деді ол.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш жас спортшының марафондық қашықтықтағы алғашқы дебюті болатын. 21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева бұған дейін де құрлықтық деңгейде жоғары нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы ол 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2026 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:208
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 28 Сентября 2026 15:29
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

11 Ноября 2026 20:12see186

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

11 Ноября 2026 10:56see162

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

11 Ноября 2026 17:23see153

Токаев выступил на саммите ОДКБ

11 Ноября 2026 20:54see152

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

11 Ноября 2026 16:48see149

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

11 Ноября 2026 18:37see147

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

11 Ноября 2026 17:31see147

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

11 Ноября 2026 19:50see143

От практических вопросов к системным решениям

12 Ноября 2026 01:11see137

Бота торопится на стрижку

12 Ноября 2026 02:31see131

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

12 Ноября 2026 01:47see127

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

11 Ноября 2026 11:26see126

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

11 Ноября 2026 17:09see125

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

12 Ноября 2026 08:47see125

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

11 Ноября 2026 14:12see124

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

11 Ноября 2026 11:11see123

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

12 Ноября 2026 08:22see122

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

12 Ноября 2026 03:58see122

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

11 Ноября 2026 11:37see121

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

11 Ноября 2026 12:49see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня