Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

Бесплатные таблетки с ценником

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

Ажиотаж вокруг Умай : у отделения Отбасы банка в Алматы выстроились толпы людей

США нанесли удары по иранскому острову Кешм в Ормузском проливе

Стало известно, когда поправки в Налоговый кодекс внесут в Курултай

Бопса мен бейнежазба: Журналист Арай Есенбектің ісі қалай сотқа деген сенімге селкеу түсірді

Бопса мен бейнежазба: Журналист Арай Есенбектің ісі қалай сотқа деген сенімге селкеу түсірді

По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Шымкентте журналист Арай Есенбекке қатысты шыққан сот үкімі әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Бір жағынан, сот оны бопсалау ісі бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырса, екінші жағынан, үкімнен кейін тараған бейнежазбалар мен пікірлер қоғамда күмән мен қолдау толқынын күшейтті. Бұл жағдай қылмыстық істің шеңберінен шығып, билік пен қоғам арасындағы сенім мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Сот шешімі

Шымкент соты таратқан ақпаратқа сәйкес, Арай Есенбек 2025 жылғы қазанда Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін постты әлеуметтік желілерде жариялап, әкімдіктің өкілі Ж.-мен кездесу барысында өзімен 10 млн теңгеге тапсырыс бойынша ақпараттық келісім шарт жасауды, олай болмаған жағдайда әкімдікті масқаралайтын жазбаны өзінің парақшасына жариялайтынын айтып қорқытып, 2025 жылғы 6 қарашада 990 мың теңгені анасының банктік есепшотына аудартып алған.

Сот "сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді" деген тұжырым жасады және Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен Арай Есенбекті кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 50-бабы 3-бөлігін қолдана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырды.

Ескерте кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Журналистер қауымы неге бұл үкімге қарсы?

Сот отырыстарына бастан-аяқ қатысқан журналист Ерболат Айнабеков істі қарау кезінде күмәнді жағдайлар болғанын жазды. 

"Сот отырыстарына бастан-аяқ қатысып, процестің қалай өткенін өз көзіммен көргендіктен, кейбір жайттарды айтпай қала алмаймын. Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Арайдың іс-әрекетінде "бопсалау" қылмысының құрамы жоқ екенін ескеріп, оны "алаяқтық бабы" бойынша айыптап, бар болғаны 1 жыл жаза кесуді сұраған болатын. Бірақ келесі сот отырысында прокурор кенеттен ауысып кетті де, жаңадан келген мемлекеттік айыптаушы бірден 6,5 жыл сұрады. Бір іс, бір айып, бірақ екі түрлі прокурордың екі түрлі көзқарасы... Бұл жағдайдың астарында не жатқаны, қандай мүдделер соқтығысқаны бізге беймәлім. Тек жанамалап қана жорығаннан басқа амалымыз жоқ", – деді ол.

Ерболат Айнабеков бұл істі жекелеген қылмыстық процесс ретінде емес, медиа мен билік арасындағы қатынастың индикаторы ретінде бағалайды.

"Бүгінгі бұл іс – билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасы тек суып қана қоймай, араздасуға бет алғанын анық білдіреді. БАҚ пен биліктің арасындағы диалогтың орнын қысым мен үрей басқан жерде еркін ойға орын қалмайды. Төртінші билік пен атқарушы биліктің арасындағы алтын көпірдің бұзылуы – қоғам үшін трагедия. Бүгінгі оқылған үкім Арай Есенбекке ғана шығарылған үкім емес, бұл – ашық айтылатын ақиқатқа оқылған үкім деп қабылдадық. Ал мұндай текетірес пен сенімсіздіктің соңы ешқашан жақсылыққа апармайтыны тарихтан мәлім", – деді ол.

Сондай-ақ желіде осы іске қатысты бейнежазба тарады. Журналист Оңғар Қабден жариялаған видеода мейрамханада отырған бірнеше адамның диалогы бейнеленген. Кадрларда әйел адамның қара пакетті алып шығып, "Ареке, давай дружить" дейді. Оған жауап ретінде Арай Есенбек "Сөмкеңе қайта салып қоя салшы, керек емес" деп жауап береді. 

Оңғар Қабденнің жазуынша, бұл кадрлар журналиске тағылған "ақша бопсалады" деген айыпты жоққа шығарады. 

"Арай Есенбекке подстава қалай жасалғанын көріңіздер! Шымкенттік журналист Арай Есенбек ешкімді бопсаламаған! Керісінше әкімдік Арайдың аузын жабу үшін 10 миллион теңге апарған. Келісімге келу үшін. Мына видеода бәрі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ақшаны апарған сотта жәбірленуші болып танылған СПК қызметкері, сотта әкімнің штаттан тыс кеңесшісімін деген Ж.Б. Қасында әкімдіктің операторы М деген жігіт болған. Мына видеоны қараңыздар да, осыдан-ақ біле салуға болады Арайдың жалған жаламен жазықсыз отырғанын. Бес баласы бар Арай 5 жылға сотталып кетті", – деп жазды ол. 

Видеожазбадағы диалогты талдаған журналист Ерқанат Көпжасар ақша алу-алмау мәселесіне назар аударды:

"Ақшаны алмаймын деп, апталдай азамат жылап отырса да айыпты ма? Мен өзім журналист Арай Есенбекті өмірі көрген емеспін. Жеке танымаймын. Бірақ мына видеодан кейін үнсіз қалуға болмайды. (...)  Бір минуттық диалогтан ұққанымыз журналист Арай Есенбек ешкімнен пара алмаған. Видеодағы екеудің негізгі мақсаты барынша анау қара пакетті ұстатып, Арайды темір қапасқа қамату. Обал ғой мынау. Осыған дейін оны Шымкент соты "10 миллион теңге алды" деп, 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Мына видео апелляциялық сотта негізге алынуы керек деп ойлаймын. Арай Есенбек алмаған параны қарсы тарап оның банк шотына да салып жіберуі де мүмкін ғой", – деді журналист.

Ал журналист Тоқтар Жақаш іске заң тұрғысынан баға беріп, сот кінәлілерді анықтауда қате бағыт ұстанды деп есептейді:

"Арай Есенбектің ісіндегі мына видеода мемлекеттік қызметкердің (пара ұсынған әйел) іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 253 бабына (сатып алу, подкуп) және Қылмыстық Кодекстің 24 бабына (қылмысқа оқталу) сәйкес әрекеттерді байқауға болады. Арай Есенбек ұсынылған ақшаны алмаған! Демек, қылмыстық жауапкершілікке Арай Есенбек емес, подкуп жасауға талпынған және видео арқылы провокация ұйымдастырған анау әйел тартылуы тиіс еді! Арайдың іс-әрекетінде ешқандай қылмыс құрамы жоқ!", – деп жазған ол депутат Абзал Құспаннан әжірибелі заңгер ретінде осы іске сіздің тікелей араласуын, депутаттық өкілеттігін қолдануын сұрады.

Заңгер Айгүл Орынбек бұл істі жекелеген оқиға ретінде емес, жүйелі мәселе ретінде бағалады. 

"Жергілікті құзырлы органдар әкімнің қолбаласына айналмауы керек! Құзырлы органдар – біреудің емес, заңның қызметшісі болуы тиіс. Осы төрт тірек шын мәнінде тәуелсіз болмайынша, адам құқығы жай ғана қағаздағы сөз күйінде қалады. Әкімге ұнамаған, шындықты айтқан белсенді – бір күнде “қылмыскерге” айналады. Қолдан іс құрастырылады, қысым жасалады, үнін өшіруге тырысады. Бұл – әділет емес. Бұл – қорқыныш арқылы басқару. Егер елде шынайы әділдік орнасын десек, алдымен құқық қорғау органдары биліктің емес, халықтың жағында тұруы керек. Әйтпесе "Әділетті Қазақстан" деген ұран – бос сөз болып қала береді. Арай Есенбекке ақша ұсынып жатқан әкімнің кеңесшісі және көмекшісі Жанна Байсейітова ханым екен. Негатив жазба деп ақша берудің өзі қылмыс", – деп жазған заңгер Бас прокуратурадан осы іске назар аударып, заңды түрде шара қабылдауды сұрады.

Арай Есенбек кім?

Арай Есенбек – журналист, блогер. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Шымкент қаласы Ақпараттық коммуникациялық орталықтың директоры, "Аманат" партиясының Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет еткен. Еңбек жолын "Хабар" агенттігінде бастап, кейіннен "Оңтүстік", “31” арналарының тілшісі болған.

Кейін тәуелсіз журналистикаға ауысып, интернет-порталда жұмыс істеді. Өткір сыни материалдарымен, билік өкілдерін тікелей сынға алуымен танылды. Брифингтерде қала басшылығына тікелей сұрақ қойып, қала әкімі орынбасарының отставкасын ашық талап еткенімен көзге түсті. 

Отбасылы, бес баласы бар. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:132
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Мая 2026 12:12
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 15:32see299

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

03 Ноября 2026 17:34see190

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

03 Ноября 2026 18:06see188

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

03 Ноября 2026 16:58see176

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

03 Ноября 2026 17:10see176

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 17:08see155

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

03 Ноября 2026 17:25see147

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

03 Ноября 2026 17:39see146

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

03 Ноября 2026 17:07see145

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

03 Ноября 2026 18:01see140

Бесплатные таблетки с ценником

03 Ноября 2026 16:59see138

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

03 Ноября 2026 17:01see135

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

03 Ноября 2026 13:10see131

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

03 Ноября 2026 18:21see130

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

03 Ноября 2026 14:59see130

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

03 Ноября 2026 17:15see125

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 18:31see121

Ажиотаж вокруг Умай : у отделения Отбасы банка в Алматы выстроились толпы людей

03 Ноября 2026 16:58see119

США нанесли удары по иранскому острову Кешм в Ормузском проливе

03 Ноября 2026 15:39see119

Стало известно, когда поправки в Налоговый кодекс внесут в Курултай

03 Ноября 2026 15:09see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня