Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

Точно в цель!

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

Размер имеет значение

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

Грант на словах

МФО лишили лицензии в Туркестане

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

Манас Магулов: Дайте альтернативу

Прокуратура: Журналист Арай Есенбектің бейнежазбасы жасырын тергеу әрекеттері кезінде түсірілді

Прокуратура: Журналист Арай Есенбектің бейнежазбасы жасырын тергеу әрекеттері кезінде түсірілді

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Журналист Арай Есенбек Шымкент қаласы әкімдігін "бопсалағаны" үшін айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі көпшіліктің наразылығын туғызды, себебі әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Арай Есенбектің ақша алудан бас тартқанын көруге болады. 

Осы орайда Информбюро порталы Шымкент қаласының прокуратурасына Арай Есенбектің ісіне қатысты сауал жолдап, аталған видеоның тергеу кезінде қаралғанын, неліктен прокурор ауысқанын сұрады. Сауалға Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, сот орындаушысы Мұхтар Арыстанов жауап берді.

"Видео жасырын тергеу әрекеттері кезінде түсірілген"

Шымкент соты таратқан ақпаратқа сәйкес, Арай Есенбек 2025 жылғы қазанда Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін постты әлеуметтік желілерде жариялап, әкімдіктің өкілі Ж.-мен кездесу барысында өзімен 10 млн теңгеге тапсырыс бойынша ақпараттық келісімшарт жасауды, олай болмаған жағдайда әкімдікті масқаралайтын жазбаны өзінің парақшасына жариялайтынын айтып қорқытып, 2025 жылғы 6 қарашада 990 мың теңгені анасының банктік есепшотына аудартып алған.

Сот "сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді" деген тұжырым жасады және Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен Арай Есенбекті кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса Қылмыстық кодекстің 50-бабы 3-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айырды.

Шымкент қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде таралған видео іс материалдарында қаралғанын және Арай Есенбектің ақша алғаны дәлелденгенін мәлімдеді.

"Арай Есенбектің Бейсейтова Ж.-дан ақша алудан бас тартқаны бейнеленген бейнежазба қылмыстық іс материалдарында және ашық дереккөздерде бар. Аталған бейнежазба қылмыстық іс аясында жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері барысында түсірілген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жиналған дәлелдемелердің, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерінің негізінде Арай Есенбектің Бейсейтова Ж.-дан ақша алғаны дәлелденді. Бұдан бөлек, жасырын тергеу әрекеттері барысында алынған бейнежазбалар сот отырысында жан-жақты зерттеліп, талқыланды. Соның нәтижесінде сот Арай Есенбектің әрекеттеріне құқықтық баға беріп, тергеу органы тарапынан арандатушылық белгілерін анықтаған жоқ", – делінген ресми сауалда.

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Арай Есенбектің іс-әрекетінде "бопсалау" қылмысының құрамы жоқ екенін ескеріп, оны "алаяқтық бабы" бойынша айыптап, бар болғаны 1 жыл жаза кесуді сұраған. Бірақ келесі сот отырысында прокурор ауысып, ол бірден 6,5 жыл сұрады.

Шымкент қаласының прокуратурасы мемлекеттік айыптаушыны ауыстыру мәселесіне қатысты сауалға жауап берді. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушыларды тағайындау және ауыстыруды прокуратура органдары басшылығының ведомстволық өкілеттіктері мен ішкі регламенттері шеңберінде жүзеге асырады. 

"Қазақстан Республикасының прокуратурасы бірыңғай орталықтандырылған жүйе болғандықтан, сот процесіндегі нақты бір лауазымды тұлғаның ауыстыру істі сотта қарауға кедергі келтірмейді. Арай Есенбектің әрекетін саралау және оған тағайындалатын жазаға қатысты мемлекеттік айыптаудың түпкілікті ұстанымы сот тергеуі барысында зерттелген барлық дәлелдемелер жиынтығына жан-жақты әрі объективті талдау жүргізу арқылы қалыптастырылды. Арай Есенбектің әрекеттеріне және тараптардың уәждеріне түпкілікті құқықтық бағаны сот үкім шығару кезінде берді. Қала прокуратурасы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қабылдаған сот актілерімен келісті", – делінген Шымкент қаласының прокуратурасының жауабында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабына сәйкес, кассациялық сот бірінші сатыдағы соттардың апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына берілген кассациялық шағымдарды, прокурорлардың наразылықтарын, сондай-ақ апелляциялық саты соттарының үкімдері мен қаулыларына қатысты істерді қарайды. Сол себепті Арай Есенбек пен оның қорғаушылары ҚР Кассациялық сотына өз бетінше өтінішхат беруге құқылы.

Жасырын тергеу әрекеті деген не?

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде "жасырын тергеу әрекеті" деген ұғым бар. Бұл дегеніміз – осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, мүдделеріне қатысы бар тұлғаларға алдын ала хабарламай жүргізілетін әрекет. Яғни, қылмысты ашу және дәлел жинау мақсатында алдын ала хабарламай жүргізілетін арнайы тергеу шаралары.

Жасырын тергеу әрекеттерінің мынадай түрлері бер:

адамды немесе орынды жасырын аудио және бейнебақылау – адамның әңгімесін жасырын жазып алу немесе оны камера арқылы бақылау; телефон мен басқа байланыс құралдары арқылы берілетін ақпаратты бақылау – телефон қоңырауларын тыңдау, хабарламаларды бақылау және олардың көшірмесін алу; кімнің кіммен байланысқанын анықтау – кімге қоңырау шалды, қай уақытта сөйлесті, қанша уақыт сөйлесті деген мәліметтерді алу; компьютерлер мен серверлерден ақпарат алу – компьютерден, телефоннан немесе басқа электрондық құрылғылардан қажетті мәліметтерді жасырын көшіру; пошта жөнелтілімдерін бақылау – хаттарды, сәлемдемелерді және басқа да жөнелтілімдерді жасырын тексеру; белгілі бір орынға жасырын кіру немесе оны тексеру – пәтерге, кеңсеге немесе басқа жерге құпия түрде кіріп, тексеру жүргізу; адамды немесе орынды жасырын бақылау – белгілі бір адамның қайда барып жүргенін, кіммен кездесетінін сырттай аңду немесе белгілі бір жерді бақылауға алу; жасырын бақыланатын сатып алу – құқық қорғау органдарының бақылауымен тауар немесе ақша беру арқылы қылмысты әшкерелеу.

Мысалы, пара беру фактісін тіркеу үшін арнайы операция жүргізілуі мүмкін. Шымкент қаласының прокуратурасы Арай Есенбекке қатысты осындай операция жүргізілгенін хабарлап отыр.

Жасырын тергеу әрекеттері мынадай адамдарға жүргізіледі:

қылмыс жасады, жасап жатыр немесе жасауға дайындалып жатыр деп көрсетілген адамға; күдіктіге; жәбірленушінің жазбаша келісімі болса, жәбірленушінің өзіне; егер іс үшін маңызды ақпаратты алып немесе беріп жүргені туралы негіз болса, үшінші тұлғаларға; қылмысқа қатысты маңызды мән-жайлар болуы мүмкін орындарға.

Яғни, жасырын тергеу әрекеттері кез келген адамға қатысты қолданыла бермейді. Тергеу органдарында ол адамның қылмысқа қатысы бар немесе іс үшін маңызды ақпаратқа ие екеніне негіз болуы керек. Көп жағдайда мұндай әрекеттерді жүргізуге соттың санкциясы қажет. 

Қылмыстық-процестік кодексте көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық материалдар құпиялық сақтала отырып, ілеспе хатпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі.

Арай Есенбек кім?

Арай Есенбек – журналист, блогер. Ол Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Шымкент қаласы Ақпараттық коммуникациялық орталықтың директоры, "Аманат" партиясының Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет еткен. Еңбек жолын "Хабар" агенттігінде бастап, кейіннен "Оңтүстік", "31" арналарының тілшісі болған.

Кейін тәуелсіз журналистикаға ауысып, интернет-порталда жұмыс істеді. Өткір сыни материалдарымен, билік өкілдерін тікелей сынға алуымен танылды. Брифингтерде қала басшылығына тікелей сұрақ қойып, қала әкімі орынбасарының отставкасын ашық талап етті. 

Отбасылы, бес баласы бар.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:181
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 17 Июня 2026 10:51
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

15 Сентября 2026 21:14see613

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

16 Сентября 2026 10:58see167

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

16 Сентября 2026 20:00see165

Точно в цель!

16 Сентября 2026 04:35see160

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

16 Сентября 2026 18:59see158

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

16 Сентября 2026 10:28see157

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

16 Сентября 2026 20:49see156

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

16 Сентября 2026 05:08see153

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

16 Сентября 2026 14:28see152

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

16 Сентября 2026 14:27see151

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

16 Сентября 2026 10:28see151

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

16 Сентября 2026 14:27see149

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

16 Сентября 2026 15:13see148

Размер имеет значение

16 Сентября 2026 19:33see146

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

16 Сентября 2026 10:13see144

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

16 Сентября 2026 13:43see142

Грант на словах

16 Сентября 2026 15:33see138

МФО лишили лицензии в Туркестане

17 Сентября 2026 04:36see137

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

16 Сентября 2026 17:23see132

Манас Магулов: Дайте альтернативу

16 Сентября 2026 18:16see131
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня