Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Бразилии в первом туре президентских выборов лидирует Болсонару младший Аналитический интернет журнал Власть

120 летний дом маяк продают в Германии

Казахстан завершил Азиаду на восьмом месте: 84 медали и исторические победы

В Семее горела пилорама

В ЗКО районный маслихат оставил подростков без льготного проезда

Volkswagen запустил электрический SUV за 8,7 млн теңге

Более 500 млн тенге выплатили казахстанцам за врачебные ошибки

По полному тарифу. Более 1000 подростков лишили льготы на проезд в ЗКО

Жителей Астаны предупредили об ограничениях на дорогах 5 6 октября

Победители первого Astana AI Film Festival получили награды

Коммунальные службы Алматы готовятся к сильному дождю

Как правильно ухаживать за кожей осенью

Пропавшего туриста из Кореи продолжают искать в горах Алматы

Банки и страховщики повышают эффективность с ИИ, но решения остаются за человеком

Пилот flydubai планировал направить самолет в аэропорт

Производитель спецодежды с российскими корнями запустил производство обуви в Семее

Реальный срок назначили иностранцам, которые во время рыбалки на Каспии незаконно пересекли границу

Двум судьям вынесли приговор за взятки в Кызылординской области

Проезд в автобусах Астаны хотят повысить до 150 тенге

В Казахстане за неделю полицейские пресекли 201 факт пьяного вождения

IT, энергетика, құрылыс. Қазақстанда ең көп жалақы төленетін он сала қандай

IT, энергетика, құрылыс. Қазақстанда ең көп жалақы төленетін он сала қандай

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанда жыл сайын мыңдаған түлек мамандық таңдайды. Алайда олардың бәрі еңбек нарығындағы нақты сұранысты ескере бермейді. Бір маман айына 1,5 млн теңге табады, ал енді бірі қанша жұмыс істесе де 150 мың теңге жалақы алады. Сондықтан жоғары жалақыға тәжірибе ғана емес, таңдаған мамандық та ықпал етеді. 

Төртінші тоқсан басталып, мектеп бітірушілер үшін қандай мамандық таңдайтынын нақты шешетін кез келді. Олардың алдында қай саланы таңдау керек деген сұрақ туындайды. Осы орайда Информбюро порталы еңбек нарығына шолу жасап, ең жоғары жалақы төленетін он саланы тізіп шықты.

IT саласы

Ақпараттық технологиялар саласы қарыштап дамыған сайын жаңа маманықтар пайда болып жатыр. Бұл салада тәжірибесі бар мамандарға сұраныс көп әрі оларға төленетін жалақы да жоғары. 

Еnbek.kz биржасында жұмыс берушілер бағдарламалық қамсыздандыру архитекторына – 2,3 млн теңге, ал бағдарламалық қамсыздандыру инженеріне 1 млн теңге жалақы ұсынады. Ал hh.kz сайтында жұмыс беруші 1С әзірлеушісі және талдаушысына 3 млн теңге жалақы беруге дайын болса, product manager жалақысы 1,7 млн теңгеге жетеді. Android-әзірлеушіге 1,6 млн теңгеге дейін еңбекақы төленеді. Backend әзірлеушілерге – 1,5 млн теңгеге дейін, Java Developer-ге 1,2 млн теңгеге дейін жалақы ұсынылады.

Авиация

Авиация саласында мамандарға жоғары талап қойылады, себебі бір ұшқыштың өзіне қаншама адамның өмірі сеніп тапсырылады. Сондықтан еңбек биржасында әуе командирінің жалақысы 2,8 млн теңгеге жетеді. Ал екінші пилоттың жалақысы – 1,9 млн теңге. Ал авиация диспетчеріне 900 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді. 

Әуе тасымалы саласында жұмыс істейтін ұшқыштар мен бортсеріктер, инженер-механиктер тәжірибе жинаған соң Қазақстанда ғана емес, жоғары жалақы төлейтін шетелдік компанияларда жұмыс істей алады.

Тау-кен өндірісі

Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын жалдамалы қызметкер тізімін топ-менеджер емес, тау-кен өнеркәсібі саласындағы инженер иеленді. Ranking.kz мәліметінше жұмыс беруші оған айына 12 млн теңгеден астам еңбекақы төлейді. 

Мұнай-газ өндіру жөніндегі инженерге – 2 млн теңгеден бастап, өндірістік операциялар жөніндегі инженерге 1,7 млн теңгеден бастап жалақы төленеді. Ал кен қазу өнеркәсібіндегі учаске мастеріне 1,7 млн теңгеге дейін жалақы төленсе, бас инженердің жалақысы 1,5 млн теңгеге жетеді. Геологқа 1,6 млн теңге еңбекақы ұсынылады.

Көлік және логистика

Соңғы жылдары логистика қарқынды дамып келеді. Әсіресе халықаралық тасымал саласында жұмыс істейтін мамандар жоғары табыс табады.

Бұл салада басшылардың жалақысы 1 млн теңгеден асады. Десе де басшылық қызметтен өзге мамандарға да жақсы жалақы беріледі. Мысалы, еңбек биржасында темір жол саласында бас инженерге 1 млн теңге жалақы төленеді. Логистика маманының жалақысы 1 млн теңгеге жетеді. Ал Алматы метросында жұмыс істейтін техникалық қадағалау жөніндегі инженерге 750 мың теңге жалақы беріледі.  Астанада автобус жүргізушісіне 985 мың теңге жалақы ұсынады. 

hh.kz сайтында жұмыс беруші логистика менеджеріне 650 мың теңге еңбекақы төлейді.

Энергетика

Еңбек биржасында энергетика саласындағы бас механикке 1,6 млн теңге еңбекақы ұсынылады. hh.kz сайтында жұмыс беруші ТЭЦ директорына 1,5 млн теңге жалақы ұсынады. Еңбек биржасында инженер-электрик маманына 1 млн теңгеге дейін жалақы төленеді. Инженер-сметашыға 800 мың теңгеге дейін, ал инженер-жылу технигіне 650 мың теңге жалақы ұсынады. Бас энергетикке 750 мың теңге еңбекақы төленеді.

Құрылыс

Қазақстанда құрылыс саласында басшылық қызметтер мен сату менеджерлеріне жоғары жалақы төленеді. Одан бөлек техникалық мамандықтарға да жақсы еңбекақы қарастырылған. Құрылысты қадағалау жөніндегі инженерге 1,8 млн теңгеге дейін жалақы төленеді. Ал бас инженерге және инженер-құрылысшыға 1,2 млн теңге жалақы беріледі. Ал сапа жөніндегі инженердің жалақысы 1 млн теңгеден басталады.

Стоматология

Медицинада әсіресе стоматология саласында жалақы жоғары, себебі тіс емдеу қызметі арзан емес. Еңбек биржасында жұмыс беруші тіс дәрігеріне 700 мың теңгеге дейін төлеуге дайын. Ал hh.kz сайтында жұмыс беруші стоматолог-хирург дәрігерге 7 млн теңге дейін, стоматолог-терапевтке 5 млн теңгеге дейін төлеуге дайын. Балалар тіс дәрігеріне 3 млн теңгеге дейін, ал имплантолог дәрігерге 2 млн теңгеге дейін жалақы ұсынады.

Есеп және аудит

Еңбек биржасында бас бухгалтерге 1 млн теңгеге дейін жалақы төленсе, ал аға аудиторға 800 мың теңгеден басталатын жалақы ұсынады. Ал hh.kz сайтында жұмыс берушілер ұсынған бас бухгалтердің жалақысы 1,5 млн теңгеге жетеді, ал аудиторға 1 млн теңгеге дейін жалақы төлеуге дайын.

Ranking.kz мәліметінше, былтыр бір компания өзінің аудиторы үшін айына 7,3 млн теңге төлеген. 

Заң саласы

Заң саласында бірден көп табыс табу мүмкін емес. Десе де тұрақты әрі жоғары табыс әкелетін мамандық болып отыр. 

Еңбек биржасында заңгерге ай сайын 600 мың теңгеден бастап төлеуге дайын. Ал hh.kz сайтында заңгер маманына жұмыс беруші 1,3 млн теңгеге дейін еңбекақы төлеуге дайын. 

Сату саласы

Сату және digital маркетинг саласында табыс көбіне нәтиже мен бонусқа байланысты. Табысты мамандар айына 500 мыңнан 1 млн теңге аралығында табыс таба алады. Әсіресе, сату менеджерлерінің табысы жоғары. Мысалы, hh.kz сайтында сату менеджеріне 1,5 млн теңгеге дейін жалақы ұсынылады. 

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:130
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 01 Апреля 2026 14:39
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Бразилии в первом туре президентских выборов лидирует Болсонару младший Аналитический интернет журнал Власть

05 Октября 2026 07:04see236

120 летний дом маяк продают в Германии

03 Октября 2026 20:02see153

Казахстан завершил Азиаду на восьмом месте: 84 медали и исторические победы

03 Октября 2026 22:33see150

В Семее горела пилорама

04 Октября 2026 12:04see148

В ЗКО районный маслихат оставил подростков без льготного проезда

03 Октября 2026 21:37see148

Volkswagen запустил электрический SUV за 8,7 млн теңге

04 Октября 2026 08:57see146

Более 500 млн тенге выплатили казахстанцам за врачебные ошибки

04 Октября 2026 16:09see144

По полному тарифу. Более 1000 подростков лишили льготы на проезд в ЗКО

04 Октября 2026 13:58see135

Жителей Астаны предупредили об ограничениях на дорогах 5 6 октября

04 Октября 2026 10:50see134

Победители первого Astana AI Film Festival получили награды

04 Октября 2026 12:23see132

Коммунальные службы Алматы готовятся к сильному дождю

04 Октября 2026 20:46see128

Как правильно ухаживать за кожей осенью

04 Октября 2026 18:33see124

Пропавшего туриста из Кореи продолжают искать в горах Алматы

03 Октября 2026 22:51see124

Банки и страховщики повышают эффективность с ИИ, но решения остаются за человеком

05 Октября 2026 10:28see119

Пилот flydubai планировал направить самолет в аэропорт

04 Октября 2026 23:55see119

Производитель спецодежды с российскими корнями запустил производство обуви в Семее

05 Октября 2026 17:55see118

Реальный срок назначили иностранцам, которые во время рыбалки на Каспии незаконно пересекли границу

05 Октября 2026 13:21see117

Двум судьям вынесли приговор за взятки в Кызылординской области

05 Октября 2026 11:29see113

Проезд в автобусах Астаны хотят повысить до 150 тенге

05 Октября 2026 12:19see112

В Казахстане за неделю полицейские пресекли 201 факт пьяного вождения

05 Октября 2026 09:19see112
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня