Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

Токаев выступил на саммите ОДКБ

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

От практических вопросов к системным решениям

Бота торопится на стрижку

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

Каспий итбалығы неге азайып барады? Ғалым қырылудың негізгі себептерін атады

Каспий итбалығы неге азайып барады? Ғалым қырылудың негізгі себептерін атады

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

Бір кездері Каспий жағалауында көптеп кездескен итбалықтар қазір бұрынғы мекендерінен алыстап барады. Теңіздің тартылуы аралдарды кішірейтіп, кейбірін мүлдем жойса, балық аулау торлары мен теңіз қоқысы жануарлардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр. Бұл туралы ÓzgeEpic хабының арт-кеңістігінде өтіп жатқан "Көрінбейтін әлем: Су астындағы қала" көрмесінің ашылуында этолог, гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова айтты. 

Әсел Баймұқанова. Фото: Сұлтан Анарбеков Теңіз тартылуы итбалықтардың өміріне қалай әсер етіп жатыр?

1995 жылдан 2023 жылға дейін Солтүстік Каспийдің деңгейі 2,28 метрге төмендеген. Осы кезеңде жағалау сызығы батысқа қарай орта есеппен 44-164 шақырымға жылжып, кей жерлерде су 175,4 шақырымға шегініп кеткен. 

Теңіз деңгейінің төмендеуі аралдардың кішірейіп, кейбірінің толық жойылуына әкеліп отыр. Ал аралдар Каспий итбалықтарының түлеуі мен демалуы үшін негізгі орындардың бірі саналады.

"Солтүстік-шығыс Каспийде бұрын итбалықтар демалатын Дурнев аралдары сияқты дәстүрлі орындар таязданып, мүлдем құрғап қалды. Зерттеулеріміз көрсеткендей, аралдардың азаюынан жануарлар жаңа мекен іздеп, батысқа қарай 10,5 шақырымға, ал кейбір топтар Түлен аралдары архипелагына қарай 179,5 шақырымға деңгейлеп орын ауыстыруға мәжбүр болды", – деді Әсел Баймұқанова.

Таязданудың салдарынан итбалықтар кеме қатынасы, балық аулау және мұнай-газ өндіру жоспарланған қауіпті әрі қорғалмаған аймақтарға жақындауға мәжбүр болып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assel Baimukanova (@asselbaimukanova)

Каспий итбалығының азаюына табиғи факторлармен қатар адам әрекеті де әсер етіп отыр. Қысқы уақытта көбею орындарының бұзылуы, браконьерлік, кемелердің мазалауы және теңіздің ластануы жануарларға қауіп төндіреді.

2019-2023 жылдары Гидробиология және экология институты тасталған балық торлары мен қоқыстарды жинау бойынша бес экспедиция ұйымдастырған. Осы жұмыстар кезінде Түпқараған түбегі, Түлен аралдары және Маңғыстау шығанағы акваториясынан 16 924 келі тасталған балық торы мен 36 тоннадан астам теңіз қоқысы тазартылған.

"Өкінішке қарай, осы зерттеулер барысында табылып, тіркелген 395 итбалық өлексесінің 9,4%-ы осы иесіз қалған торларға шырмалып өлген", – деді зерттеуші.

Ғалымдар итбалықтарды қалай зерттейді?

Ғалымдар Каспий итбалықтарының жасын, тамақтану рационын, санын және тығыздығын тұрақты зерттеп келеді.

Итбалықтардың немен қоректенетінін анықтау үшін ғалымдар аралдардағы экскременттерді жинап, талдайды. Жануар жеген балық толық қорытылғанымен, оның құлағындағы теңгерім тастары – отолиттер қорытылмайды. Осы тастар арқылы итбалықтың нақты қандай балық түрімен қоректенгенін анықтауға болады.

Зерттеулер итбалықтардың негізінен бұзаубас балықтар мен атериналармен қоректенетінін көрсеткен.

Итбалықтар бұрын не үшін ауланды?

Каспий итбалығын аулау 1800 жылдардан басталып, 1870 жылдары ресми түрде кәсіпшілік деңгейіне жеткен. Жануар негізінен терісі мен майы үшін ауланған.

Итбалық майы кір сабын жасауға, медициналық және емдік мақсаттарға пайдаланылған. Ал терісінен бас киімдер мен жағалар тігілген. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында итбалық майы халықтың аман қалуына үлкен септігін тигізген.

Ересек итбалықтар майы үшін ауланса, итбалық күшіктерінің сұр жүнінен тымақтар мен жағалар жасалған.

"Бұрын апам көп адамда итбалық терісінен тігілген тымақтар болғанын айтып отыратын. Бұрын теңізде балық та, итбалық та өте көп еді. Алайда уақыт өте келе жануарлар саны азайып, олардың экономикалық құндылығы да жоғалды. Қазақстан 2006 жылы итбалықтарды аулау лимитінен толықтай шығарып, кәсіпшілік мақсатта аулауға толық тыйым салды. Қазіргі таңда бұл өндіріс мүлдем тоқтаған", – деп түсіндірді Әсел Баймұқанова.

Каспий итбалығы адамға қауіпті ме?

Зерттеушінің айтуынша, Каспий итбалығы – бейуаз әрі адамға зияны тимейтін жануар. Табиғи ортада оларға қыс мезгілінде бүркіттер мен қасқырлар ғана қауіп төндіреді.

Алайда жабайы жануарға адам тиіссе, ол өзін қорғауға тырысады.

"Кез келген жабайы жануарға тиісетін болсаң, ол өзін қорғауға тырысады. Бұрын Ақтау жағалауында итбалықтар тым көп болып, су бойында жататын кездерде кейбір адамдарды тістеп алған кезі болған. Бұл – жануарлардың агрессиясы емес, адамдар тиіскенде өзін қорғауының белгісі. Қазір, өкінішке қарай, жағалауда олар мүлдем көрінбейді", – дейді зерттеуші.

Зерттеу жұмыстарында қандай қиыншылықтар бар?

Қазақстанда Каспий итбалығын зерттейтін мамандар өте аз. Негізгі зерттеу тобы Әсел Баймұқанова еңбек ететін Гидробиология және экология институтында жұмыс істейді. Институтта шамамен 20 маман бар.

Зерттеушінің айтуынша, зоология саласындағы негізгі қиындықтардың бірі – қоғам мен биліктің енжарлығы. Ғалымдарға әрбір өзгеріс пен қорғау шарасы үшін күресуге тура келеді.

Сонымен қатар зоология ғылымына мемлекет тарапынан жан-жақты әрі тұрақты қолдаудың жеткіліксіздігі де мәселе болып отыр. Себебі жануарларға деген қызығушылық көбіне қысқа мерзімді сипат алады.

Ғалым үшін жануарлардың қырылуы мен адам әрекетінің салдарын көру де психологиялық тұрғыдан ауыр.

"Мен өте эмпат адаммын. Жануарлардың өлімін, олардың қырылып жатқанын көргенде жаным ауырады. Зоологияға қарағанда тұрақты, оңайырақ басқа саланы таңдауыма болатын еді. Бірақ менің әкем – ғалым-ихтиолог, зоолог, биология ғылымдарының кандидаты Мирғали Баймұқанов бүкіл ғұмырын осы жануарларға арнады, ол барлық тірі жанды жақсы көреді. Мен де бұл махаббатты әкемнен дарыттым", – деп бөлісті Әсел Баймұқанова.

Каспий итбалығын сақтау үшін не жасалып жатыр?

Каспий итбалығы 2020 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. 2024 жылы "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Ал 2025 жылы Үкіметтің №1009 қаулысымен 2026-2029 жылдарға арналған популяцияны сақтау жоспары бекітілді.

Ғалымдар қорғау шараларын икемді ету, реабилитациялық орталық пен ғылыми мониторинг жүйесін құруды ұсынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assel Baimukanova (@asselbaimukanova)

Бұл туралы білу не үшін маңызды?

Каспий итбалығы – теңіздегі өзгерістерді көрсететін негізгі биологиялық индикаторлардың бірі. Оның мінез-құлқы, саны мен денсаулығы Каспийде болып жатқан өзгерістер туралы ақпарат береді.

"Егер адамдар бұл мәселеден хабарсыз болса, ол мәселе жоқ сияқты көрінеді. Әрбір назар аударған адам – итбалықтардың аман қалуына берілген мүмкіндік. Себебі жер бетінде қай жануардың өмір сүріп, қайсысының жойылатынын қазір адам баласы шешіп отыр", – дейді зерттеуші.

Ғалымның айтуынша, итбалықты сақтау арқылы Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға да үлес қосуға болады.

"Әр азамат ресурстарды үнемдеу, суды ластамау және қоқыс тастамау арқылы бұл іске атсалыса алады. Сонымен қатар жарақаттанған немесе қаза тапқан итбалық кездессе, оны фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп, ғалымдарға дереу хабарлау зерттеу жұмыстарына көмектеседі", – деп түйіндеді ғалым.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:162
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 24 Сентября 2026 16:06
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

11 Ноября 2026 20:12see186

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

11 Ноября 2026 10:56see162

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

11 Ноября 2026 17:23see153

Токаев выступил на саммите ОДКБ

11 Ноября 2026 20:54see152

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

11 Ноября 2026 16:48see149

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

11 Ноября 2026 18:37see147

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

11 Ноября 2026 17:31see147

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

11 Ноября 2026 19:50see143

От практических вопросов к системным решениям

12 Ноября 2026 01:11see137

Бота торопится на стрижку

12 Ноября 2026 02:31see131

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

12 Ноября 2026 01:47see127

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

11 Ноября 2026 11:26see126

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

11 Ноября 2026 17:09see125

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

12 Ноября 2026 08:47see125

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

11 Ноября 2026 14:12see124

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

11 Ноября 2026 11:11see123

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

12 Ноября 2026 08:22see122

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

12 Ноября 2026 03:58see122

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

11 Ноября 2026 11:37see121

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

11 Ноября 2026 12:49see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня