Мұхтар Шахановтың аманаты: Ақынның жары президентке хат жолдады
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы тілегін орындауға қолдау көрсетуді сұрады.
Хатта Мұхтар Шахановтың қазіргі таңда ауыр дертке шалдыққаны және жағдайының күрделі екені айтылған. Автордың мәлімдеуінше, ақынның ең соңғы әрі маңызды аманаты – өзі дүниеден өткен жағдайда Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену.
"Мұхтар Шаханов – тек ақын ғана емес, ұлттық руханияттың көрнекті өкілі, ел тәуелсіздігі мен ана тілінің мәртебесі жолында қызмет еткен тұлға", – делінген хатта.
Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш саналатындықтан, мұндай жерлеу рәсімін өткізу үшін арнайы рұқсат қажет екені атап өтіледі. Осыған байланысты Ханшайым Шаханова Президенттен тиісті мемлекеттік органдарға, атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігіне тапсырма беруді сұраған.
Қазіргі уақытта аталған өтінішке қатысты ресми жауап жарияланған жоқ.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:82
Эта новость заархивирована с источника 20 Апреля 2026 09:29 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















