Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

Учитель нации и хранитель слова

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

Первые призывники из Астаны отправились служить на границу

Өлімі де өнеге ғой алыптың . Ақын Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармаларына шағын шолу

Өлімі де өнеге ғой алыптың . Ақын Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармаларына шағын шолу

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.

Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын әрі қоғам қайраткері, драматург Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген тұлға ретінде тарихта қалды. 

Өмір жолы

Мұхтар Шаханов 1942 жылғы 2 шілдеде қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Балалық шағы Төле би ауданындағы Қасқасу елді мекенінде төбенің басында әкесі қаздырған жертөледе өткен. Бала кезінде тау басында отырып өлең жазған. Қари молда болған әкесі Мұхтар 9 жаста болға кезде дүние салған. Ал анасы 13 құрсақ көтерген.

Ақынның өлеңі алғаш рет 16 жасында республикалық газетке шыққан. Бүкіл Қазақстан шулап, ақынға 400-ден аса хат келіп түскен. Композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Төлеген Айбергенов Мұхтар Шахановты өздері іздеп келген. Біртуар тұлғалардың достығы сол кезде басталған.

Мұхтар Шахановтың негізгі мамандығы – тракторшы. Еңбек жолын тракторшы болып бастағанымен, кейін Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдайды. "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор, "Лениншіл жас" газетінде оңтүстік өңірдегі меншікті тілші, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР министрлер кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.

1984 жылы "Жалын" альманағының бас редакторы болды. Екі жылдан соң "Жалын" журналының бас редакторы қызметіне кірісті. 1988 жылы республикада тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал мен Балқаш мәселесі жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы болды. 

1988 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен тыйым салынған "Наурыз" мерекесінің 62 жылдан кейін қайта салтанат құруына мұрындық болды.

Мұхтар Шаханов мінберде сөз сөйлеп тұр. Фото: Шүкір Шахай

Мұхтар Шаханов 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын ашуда, оған саяси баға беруде шешуші рөл атқарды. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының съезінде ол жастарға тағылған "қазақ ұлтшылдығы" айыбын жоққа шығарып, Мәскеу деңгейінде мәселені алғаш ашық көтерді. Ол Мәскеудегі билік өкілдеріне Алматыдағы бейбіт шеруге шыққан жастарға қарсы арнайы әскери күштер мен техника қолданылғанын нақты деректермен дәлелдеді. "Бес мың, он мың адамды айыптауға болады. Бірақ бүкіл қазақ халқын ұлтшыл деп айыптауға болмайды" деген еді.

"Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…" – деп жырлады "Желтоқсан алаңы" атты өлеңінде. 

1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1992 жылы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп, "Халық конгресі" партиясын құрды.

1993-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Қырғыздың даңқты жазушысы Шыңғыс Атматов екеуі дос болды. Мұхтар Шаханов махаббат қана емес, достық та екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген болатын.

2004-2007 жылдары ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды. Кейін халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық "Жалын" журналының бас редакторы болды.

Шығармашылығы

Ақынның шығармашылығына келер болсақ, 1966 жылы ақының тұңғыш жыр жинағы "Бақыт" деген атаумен басылып шықты. Одан кейін он жылда "Балладалар", "Ай туып келеді", "Қырандар төбеге қонбайды", "Сенім патшалығы" кітаптары шықты. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері халықтың есінде.

Мұхтар Шаханов – ақын ғана емес, драматург. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары театрларда сахналанды. Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілге аударылды.

"Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Эйнштейн атындағы алтын медаль берілді. Ақынның есімі БҰҰ алтын кітабына жазылған. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония секілді жиырмаға тарта елдің құрметті азаматы атанған. Кезінде "Халық қаһарманы" атағынан ақын өз еркімен бас тартқан. "Атақ пен даңққа қызыққан адам емеспін" дейді Шаханов.

1994 жылы Қырғыз Республикасының халық ақыны атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы атанды.

Одан бөлек БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының лауреаты, Түркияның "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының халықаралық "Руханият" сыйлығының лауреаты атанды. Ал 2006 жылы Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған "Түркі әлеміне ерен еңбегі үшін" атағы берілді. Сондай-ақ, "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" атағы берілді. 

Мұхтар Шаханов. Фото: Әйгерім Әбжан

Мұхтар Шаханов өмір бойы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту және ұлттық мүддені қорғау жолында күресті. 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде тіл туралы заң жобасын талқылауда орыс тілінің ресми тіл ретінде теңестірілуіне қарсы тұрып, қазақ тілінің жалғыз мемлекеттік тіл болуын жақтады.

"Бізден басқа республикалардың барлығы өздерінің тілін мемлекеттік тіл жасады. "Біз тоқалдан тудық па? Бұл не деген масқара? Бүкіл елді көтереміз, мұның соңы екінші Желтоқсанға әкеліп соғуы мүмкін" – дегенімде билік басындағылардың көбісі тіксініп қалған. Содан кейін қайта дауысқа салды. Басқалар сияқты сол кезде үндемей отыра бергенімде осы күнде қазақтың тілі қосымша тіл ретінде қалатын еді. Орыс тілі мемлекеттік тіл болып кететін еді. Осы кезден де қазақтың шамамен 75-80 пайызы орыстанып кетер ме еді, кім білсін?" – деген еді Мұхтар Шаханов сұхбатында.

Ақын "Төрт ана" атты өлеңінде әр адамда өз анасынан басқа демеп, жебеп жүретін құдіретті төрт ана болуы керек екенін айтады. Ол – туған жері, туған тілі, салт-дәстүрі және туған тарихы.

"...Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы", – деп Мұхтар Шаханов өле-өлгенше өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлт руханиятына арнады.

Аида Балаева, премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі:

– Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, аяулы азамат Мұхтар Шаханов жарық жалғаннан өтті. Барша қазақ еліне, ағамыздың әулеті мен ағайын-бауырларына қайғыра көңіл айтамын.

Мұхтар Шаханов шоқтығы биік шығармалары арқылы көзі тірісінде-ақ күллі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алты алаштың ардақтысына айналған біртуар азамат еді. Ұлт тағдыры сынға түскен елдік істерде азаматтық ұстанымынан таймай, елжандылық пен парасаттылықтың озық үлгісін көрсетті.

Қаламгердің өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкелген тағылымы мол туындылары руханиятымыздың құнды қазынасы болып қала берері анық. Мұхтар ағамыздың отты да ойлы өлеңдері, қайсар мінезі, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Рухы пейіште шалқысын! Алла тағала ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін! Қош болыңыз, ұлтымыздың ұлы перзенті!

Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:

– Бүгін ұлы шынар құлап түсті. Жоқтап қалдық. Қазақтың тілі, ділі, рухы үшін күрескен біртуар перзенті бола білді. Мұхтар Шаханов – тек ақын ғана емес, ұлттық сана, рухани тәуелсіздік мәселесін көтерген ірі тұлғалардың бірі. Ол бірнеше бағытта маңызды мұра қалдырды. Шаханов поэзиясы – жай лирика емес, ұлттың ар-ұяты, рухани күресі. Оның шығармаларында ұлттық намыс, тіл тағдыры, тарихи жады, адамгершілік дағдарысы терең қозғалады. "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы", "Төрт ана" деген мұраларында "ұлтты сақтайтын тірек не?" деген сұраққа жауап іздеді.

Желтоқсан оқиғасы кезінде және кейін Шаханов сол оқиғаның ақиқатын ашуға үлкен үлес қосты. Ол ресми билікке қарсы шығып, қазақ жастарының намысын қорғады. Шаханов қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі үшін күресті. Оның көзқарасында "Тіл – ұлттың жаны" деген идея тұрды. Ол халықаралық деңгейде Қазақстанның мәдени-рухани мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, жаһандану жағдайында ұлттық болмыстың жойылу қаупін жиі ескертті.

Шахановтың басты идеяларының бірі – "Рухани иммунитет". Яғни, ұлт өзін сақтап қалу үшін тілін, ділін, тарихын жоғалтпау керек. Қысқасы, Мұхтар Шаханов қалдырған ең үлкен мұра – ұлттық рухты ояту идеясы, тарихи әділетті қорғау, рухани тәуелсіздік үшін күрес. Қош бол аға! Жаныңыз жұмақта шалқысын!
Дархан Мыңбай, қоғам қайраткері:

– Мұхтар Шаханов "Мұх.Шахан" қолтаңбасымен кітабын сыйлайтын ең танымал тұлға болатын. Пәрмен жазмыштан. Сағаты соқты, өлшеулі демі таусылды. Есіл ер дүниеден көшті. Оның ғазиз рухын құрметтейтін халқы жоқтауын жалғастырып, айтып, жазып жатыр.

Сөз зергері Ғабит Мүсірепов: "Адам атақ-даңқымен емес, өз даңқымен атақты болсын" деп жазған екен. Мұхаң – аты мен атағы алысқа кеткен ақын, қоғам қайраткері, аңыз адам. Бәлкім, оған даңқы тірі күнінде зіл батпандай жүк те болған шығар.

Бірінші қара сөзінде дана Абай жазғандай: "алысты, жұлысты, айтысты, тартысты". Бұл фәниде мінсіз пенде, мүлтіксіз іс болған ба? Ақындық арқасы бар адам кейде асып, енді бірде тасып сөйледі. Іші оттай лаулады, соның жалыны жүрегін шарпыған кездері де болған шығар. Қайткенде де өзі теңдес жақсылардың арасында бұғып қалмады. Ал озған жері – өмірінің соңына дейін мемлекеттік тілдің тағдырына, болашағына алаңдап, жанашырлық танытуы, әділдікке болысуы, ұлт рухына терең тамыр жіберген жастарға сенуі, биік сана дәрежесіндегі сезімді аялап, оны қорғаштай білуі. Өз ұстанымын Құдайдың берген бағындай бағалады.

Қандай мақсат көздесе де, не амал қылса да, ол қарақан бастың емес, халқының қамын күйттеді. Жүрегінен жыр жазылған, дүр төгілген талант иесі еді. Тынымсыз шығармашылық ізденісі нәтижесінде қазақ әдебиетінің поэзия, драматургия, проза жанрларына үлес салды. Досы – Шәмші Қалдаяқовпен бірге жазған оның әуезді әндері де жұршылыққа кеңінен танымал.

Мұхаң ұлықтардың құрметінен гөрі қалың қазағының құшағын абзалырақ, артығырақ санады. Мұхтар Шаханұлы ерекше туған ер еді. Игі істері үшін Алла жарылқасын! Жаратқан иенің шапағаты тиіп, марқұмның жүзін жарық қылсын! Ақынның ақыреті абат болып, мәңгі мекені жұмақ гүлзарынан бұйырсын!

Абзал Құспан, парламент мәжілісінің депутаты:

– Мұхтар Шаханов дүниеден озды. Бұл – қазақ руханиятына түскен салмақ. Иә, адам баласы бұл дүниеге келеді, кетеді – бұл заңдылық. Бірақ әркімнің өмірі бірдей емес. Бірі үнсіз өтеді. Бірі із қалдырады. Ал енді бірі – тұтас ұлттың жадында қалады. Шаханов – сол үшінші санаттан.

Біз, кеңес заманында өскен ұрпақ, "Төрт ананы" жатқа айтып өстік. Бұл жай өлең емес – біздің ішкі кодымыз, ұлттық санамыздың тірегі болды: туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, тарих. Бүгін осыны айту оңай. Бүгін бұл – тренд. Ал сол кезде ше? Сол кезде мұны айту батылдық еді. Ал оны халықтың жүрегіне жеткізу тек Шахановтай рухты ақынның қолынан келді.

Рух ол – ұран емес. Рух – ұлттың тірі қалу қабілеті. Шаханов сол рухты оятты, сол рухты сақтап қалды. Ол кісінің тәні жер қойнына тапсырылады. Бірақ рух көмілмейді. Оның жырлары бүгінгі жас ұрпақпен бірге өмір сүріп жатыр. Ертең де өмір сүре береді.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:201
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 20 Апреля 2026 12:54
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

06 Сентября 2026 17:46see250

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see142

Учитель нации и хранитель слова

06 Сентября 2026 17:57see134

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

06 Сентября 2026 18:02see133

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

06 Сентября 2026 20:20see131

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

06 Сентября 2026 18:02see130

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

06 Сентября 2026 18:17see129

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see128

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

06 Сентября 2026 17:55see127

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

06 Сентября 2026 17:57see126

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

06 Сентября 2026 17:55see125

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

06 Сентября 2026 18:10see125

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

06 Сентября 2026 17:53see125

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

06 Сентября 2026 18:09see124

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

06 Сентября 2026 18:01see124

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

06 Сентября 2026 18:02see124

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

06 Сентября 2026 17:57see123

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

06 Сентября 2026 17:46see120

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

06 Сентября 2026 17:51see120

Первые призывники из Астаны отправились служить на границу

06 Сентября 2026 17:53see118
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня