ҚМДБ онлайн құрбан шалуға арналған сайтты іске қосты. Қой құны қанша
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосқанын хабарлады.
Мүфтияттың түсіндіруінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.
"Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Сайттағы мәлімет бойынша, бір қойдың бағасы – 125 мың теңге болса, ірі қара бағасы – 875 мың теңге. Бір ірі қараны жеті адам бірігіп құрбандыққа шала алады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:36
Эта новость заархивирована с источника 13 Мая 2026 16:38 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















