Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Слухи о перенаправлении казахстанской нефти из порта Усть Луга в Новороссийск прокомментировали в Минэнерго

Услышал крики и бросился в воду: тренер спас тонущего в реке ребенка в Семее (видео)

В благодарность за доброту и радушие : Канат Айтбаев посвятил песню друзьям из Ташкента

СМИ: Нетаньяху готов перейти к публичной конфронтации с Трампом

Над Таразом поднялся воздушный шар с символикой Курултая

Азербайджанская команда казахстанского футболиста проиграла первый матч раунда плей офф Лиги чемпионов

Жилой дом, баня и постройки загорелись в Алматы (видео)

Еще один TikTok блогер наказан за мат: теперь он убирает улицы

СМИ: Трамп планирует встретиться с Ким Чен Ыном этой осенью

Кайрат примет Андерлехт на испорченном Канье Уэстом поле бельгийские СМИ

Очевидец передал видео в полицию: 9 протоколов составили в Акмолинской области

Второго подозреваемого в подрывах газопровода Северный поток задержали в Хорватии

Журналистам напомнили о правилах работы в день выборов в Курултай

Байтақ обсудила экологические проблемы Усть Каменогорска с жителями города

Фрагмент боеприпаса взорвался в воинской части близ Арыси

Пастух пытался продать чужих овец в Жамбылской области

В Алматы в день выборов будет обеспечена доступность транспортных услуг для маломобильных граждан

Эвтаназию легализовали в одной из европейских стран

Нашёл новую работу, а старый работодатель не отпускает. Что делать?

13 гектаров леса пострадали от пожара в Иле Алатауском нацпарке

Құрбан айт 2026: Онлайн құрбан шалудың тәртібі қандай

Құрбан айт 2026: Онлайн құрбан шалудың тәртібі қандай

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, тапсырыс сомасын онлайн төлей алады. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді, бірақ тапсырыстар мен өтініштер түнгі уақытта қаралмайды. 

Осы орайда Информбюро порталы маңызды сұрақтарға жауап бере отырып онлайн құрбан шалу тәртібін түсіндіреді.

№1. Құрбан шалу кімдерге міндет?

Ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – міндет. Шариғат бойынша "бай" деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамға айтылады. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі) немесе 30 ірі қара немесе 5 түйе. Ол да болмаса қажетінен артық 85 грамм алтын қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.

Құрбандық шалу:

ақыл-есі дұрыс; балиғат жасына толған; ауқатты, муқим (тұрақты), әрбір ер және әйел мұсылманға бұйырылады.

Құрбандық шалу міндет емес:

жолаушыға; уақытша (15 күннен аз) қоныстанған адамға; қажыға барған (меккеліктен басқа) адамға; кедей адамға.

Ақылды, балиғат жасына толған адам құрбандықты өз атынан шалады. Кішкентай балаларының атынан құрбандық шалу міндет емес.

№2. Құрбан шалған адамға қандай сауап жазылады?

Құрбан шалу құлшылығы адамды ақыретте сый-сыяпатқа, мол сауапқа ке­нелтеді. Құрбандыққа шалынған малдың әрбір тал қылшығына сауап жазылатыны айтылған. Алланың берген нығметіне шүкіршілік етудің бір жолы – Алла жолында мал-дүниені жұмсау. Құрбандық шалу – Аллаға шүкіршілік етудің бір көрінісі.

Құрбандық етінен отбасына, жақын туыстарына, көршілеріне, достарына және мұқтаж жандарға үлестіру мұсылмандардың арасында махаббат пен сүйіспеншілікті артырады. Бір малын қиып, кедей және мұқтаж бауырларына жәрдем беру арқылы жаман қы­лықтарын бауырмалдық, жомарттық, кі­шіпейілдік секілді жақсы қасиеттермен алмастырады. Шариғатта мұндай істерді істеу талап етіледі әрі жақсы аман саналады.

Дүниеден озған адамның атынан сауап ниетінде құрбан шалуға болады. Бірақ мойнына құрбан шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Марқұм үшін құрбан шалғысы келген адам оны құрбан айт күндері орындауы шарт. Құрбандық етінен құрбан шалған адамның өзі де, басқалар да жесе болады.
Егер құрбан шалуды қайтыс болған адам өсиет етсе, құрбандық етін оның мұрагерлері жей алмайды. Құрбандықты түгелдей кедей мен мұқтаждарға таратып беру керек.

№3. Біреуге тапсырыс беріп құрбан шалуға бола ма?

Шариғат бойынша бір адам өзінің атынан басқа бір адамды белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені адам баласы кейбір жағдайларда бір істі орындауға жарамай қалуы мүмкін. Сонда біреудің көмегіне жүгінеді, яғни, сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді.

Мұхаммед Пайғамбар Хаким ибн Хизамға құрбандық сатып алуға тапсырыс берген. Сондықтан, құрбандықты үйінен шықпай біреу арқылы орындауға  да болады. Яғни, құрбан шалуға ниет еткен адам өзіне бір сенімді адамды уәкіл етіп тағайындайды да оған құрбандықтың ақшасын беріп, малды сатып алуды, бауыздауды, етін бөлшектеп таратуды тапсыра алады. Шариғатта бұл қарым-қатынас "уакалат" деп аталады.

№4. Тапсырыс қай күнге дейін қабылданады?

Тапсырыстар мен өтініштер мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Ал құрбан шалу 27 мамыр күні құрбан айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні 29 мамырда күн батқанға дейін жалғасады.

№5. Тапсырыс берерде қандай мәлімет енгізу қажет?

"Құрбан шалу" деген бөлімді таңдап, мына мәліметтерді енгізіңіз:

Өңірді таңдаңыз. Онлайн құрбандық тапсырысы тек облыс орталықтары бойынша қабылданады. Сондықтан өзіңізге жақын аймақты таңдаңыз. Толық аты-жөніңізді жазыңыз. Телефон нөміріңізді енгізіңіз. Құрбандық малын таңдаңыз. Ең соңында тапсырыс сомасы шығады. Оны Kaspi QR арқылы төлеңіз. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді.

Қате енгізілген мәліметті қайта жөндей алмайсыз. Қате жіберсеңіз қайтадан өтініш бересіз.

Өзге адамның атынан құрбан шалуға болады. Ол үшін тапсырыс бергенде құрбан шалдырушының аты-жөні деген жолаққа жазасыз.

№6 Құрбандық малының бағасы қанша?

ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі. Биыл қой мен ірі қараның құны едәуір қымбаттаған. Қазақстанның әр аймағында малдың бағасы әртүрлі:

қой – 100-150 мың теңге аралығында (былтыр 60-100 мың теңге болған); ешкі – 55-90 мың теңге аралығында (былтыр 50-75 мың теңге болған); ірі қара – 630-945 мың теңге аралығында (былтыр 400-700 мың теңге болған); түйе – 1 млн 120 мың теңге (былтыр 700 мың мен 1,1 млн мың теңге аралығында болған).

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Мысалы, бір адам бағасы 630 мың теңге болатын ірі қараға 90 мың теңге төлейді.

Бұл бағаға қасапшының еңбекақысы, тоңазытқыш көліктерде етті сақтау, пакетке салусекілді мұқтаж жандарға құрбандық етін жеткізу үшін барлық қызмет түрлері кіреді 

№7. Төлем қалай қабылданады?

Төлемді қолма-қол беруге болмайды, тек онлайн қабылданады. Тапсырысқа байланысты ақша аударымын тек Kaspi Gold картасы арқылы жасай аласыз.

№8. Қарыз алып құрбан шалуға бола ма?

Егер бір адамға құрбандық шалу уәжіп болса, алайда қолында ақшасы болмаса, қарыз алуы міндетті. Ал егер оған құрбан шалу уәжіп болмаса, өзі мұқтаж адам болса, оған құрбандық шалу үшін қарыз алу дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала пенделеріне шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. Құранда "Алла ешбір жанға күші жететінінен басқаны жүктемейді" делінген.

№9. Құрбандық үлесін қалай алады?

Республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін qurban.muftyat.kz сайтында өтініш бере алады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады.

Шалынған құрбандық еттері толықтай мұқтаж жандарға таратылады.

№10. Құрбан етін алу үшін қалай өтініш береді?

Сайтта "Құрбан етін алу" деген бөлімді таңдап, мына мәліметтерді енгізіңіз:

ЖСН; Толық аты-жөні; Телефон нөмірі; Өңірді таңдау; Әлеуметтік жағдайы; Етті жеткізетін мекенжай; Жағдайын қысқаша түсіндіру; Әлеуметтік жағдайын растайтын құжатты жүктеу (құжат PDF, JPEG форматында және өлшемі 5 мб-тан аспауға тиіс).

№11. Құрбан етін алуға кімдер өтініш бере алады?

Мына адамдар:

көпбалалы отбасы; мүмкіндігі шектеулі отбасы; жалғызбасты; аса ауыр жағдайда қалған адамдар құрбан етін ала алады.

Ауқатты және мұқтаж емес адамдар өтініш бере алмайды. ҚМДБ өзгелерден қиын жағдайда қалған мұқтаж жандарды ойлап, түсіністік танытуды сұрайды. Жәрдемге мұқтаж жандар құрбандыққа шалынатын малдың санына қарай көмек алады. 

№12. Құрбан шалынғанын қайдан білуге болады?

Құрбандығыңыз шалынған соң сізге, тапсырыс беру кезінде Құрбандық есебі қажет деп белгілеген жағдайда Whatsapp желісі арқылы есебі келеді. Сондықтан құрбандық туралы фото және бейне есеп алуыңыз үшін WhatsApp мессенжері болу міндетті.

Сайтта "Құрбан шалынды" деген бөлім бар. Ол жерде телефон нөмірін енгізіп, құрбан шалынғандығы туралы мәліметті тексеруге болады.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:112
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 21 Мая 2026 15:07
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Слухи о перенаправлении казахстанской нефти из порта Усть Луга в Новороссийск прокомментировали в Минэнерго

19 Августа 2026 22:41see330

Услышал крики и бросился в воду: тренер спас тонущего в реке ребенка в Семее (видео)

19 Августа 2026 22:40see144

В благодарность за доброту и радушие : Канат Айтбаев посвятил песню друзьям из Ташкента

19 Августа 2026 22:37see140

СМИ: Нетаньяху готов перейти к публичной конфронтации с Трампом

19 Августа 2026 22:38see138

Над Таразом поднялся воздушный шар с символикой Курултая

19 Августа 2026 19:06see137

Азербайджанская команда казахстанского футболиста проиграла первый матч раунда плей офф Лиги чемпионов

20 Августа 2026 02:27see136

Жилой дом, баня и постройки загорелись в Алматы (видео)

19 Августа 2026 22:38see136

Еще один TikTok блогер наказан за мат: теперь он убирает улицы

19 Августа 2026 22:29see136

СМИ: Трамп планирует встретиться с Ким Чен Ыном этой осенью

19 Августа 2026 22:41see136

Кайрат примет Андерлехт на испорченном Канье Уэстом поле бельгийские СМИ

20 Августа 2026 02:40see135

Очевидец передал видео в полицию: 9 протоколов составили в Акмолинской области

19 Августа 2026 22:41see134

Второго подозреваемого в подрывах газопровода Северный поток задержали в Хорватии

20 Августа 2026 04:36see134

Журналистам напомнили о правилах работы в день выборов в Курултай

19 Августа 2026 18:38see134

Байтақ обсудила экологические проблемы Усть Каменогорска с жителями города

20 Августа 2026 02:40see134

Фрагмент боеприпаса взорвался в воинской части близ Арыси

19 Августа 2026 22:25see133

Пастух пытался продать чужих овец в Жамбылской области

19 Августа 2026 18:27see132

В Алматы в день выборов будет обеспечена доступность транспортных услуг для маломобильных граждан

19 Августа 2026 22:30see130

Эвтаназию легализовали в одной из европейских стран

19 Августа 2026 22:38see130

Нашёл новую работу, а старый работодатель не отпускает. Что делать?

19 Августа 2026 17:44see128

13 гектаров леса пострадали от пожара в Иле Алатауском нацпарке

19 Августа 2026 16:43see124
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня