Қырғызстанда сағат 22.00 ге дейін тойын тарқатпаған мейрамханалардың жарығы өшіріледі
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев сағат кешкі 22.00-ден соң да тойын аяқтамаған, қонақтарын таратпаған мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтардың жарығын мәжбүрлі түрде өшіруді талап етті, деп хабарлады 24.kg.
Оның айтуынша, министрлер кабинетінің қаулысы жергілікті жерлерде толық орындалмай жатыр.
"Біз қаулы қабылдадық, бірақ ол орындалып жатқан жоқ. Жақында менің әріптесім Бішкекте, той өткізді, ол түн ортасына дейін жалғасыпты. Ешкім араласпаған. Жалалабадта (қазіргі Манас – автор) да той 00.00-ге шейін созылған. Ләм-мим деген ешкім жоқ", – деді Қамчыбек Ташиев.
Оның айтуынша, құжатта тыныштық туралы заңның сақталуына жергілікті атқарушы органдар жауапты екені тайға таңба басқандай жазылған.
"Жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сіздер жазбаша тапсырманы орындап жатқан жоқсыздар. Енді мен ресми түрде тапсырамын: Қай жерде болмасын, той, ойын-сауық, дәмхана, мейрамхана, түнгі клубтардың жұмысы сағат 22.00-ден бастап тоқтауы тиіс. Егер бағындай жатқандар болса, электр жарығынан ажыратыңыздар", – деді Қамчыбек Ташиев.
Просмотров:62
Эта новость заархивирована с источника 13 Ноября 2025 15:33 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас
Контакты








Самые читаемые



















