Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

Без потерь и дефицита

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

Легенда на плато

Осторожно, цифровой обман

Проводятся обучающие семинары

Костры под запретом

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

Возрастные ограничения на соцсети для детей введет ЕС

Қызылшамен ауырғандардың 78 пайызы екпе алмаған. Ата аналар неге вакцинаға қарсы?

Қызылшамен ауырғандардың 78 пайызы екпе алмаған. Ата аналар неге вакцинаға қарсы?

Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңнан астам адамның қызылша жұқтырғаны анықталды. Әсіресе бес жасқа толмаған балалар арасында бұл жұқпалы ауру кең таралып отыр. Қызылша ЖРВИ, тұмау сияқты басталғанымен, асқынса түрлі қабынуға әкеледі. Сондықтан дәрігерлер қызылшадан қорғану үшін вакцина алу қажет дейді. Алайда кейбір ата-ана вакцинаның тиімділігіне күмәнмен қарап, баласына салдырғысы келмейді.

Осы орайда Информбюро порталы қызылша бойынша эпидахуалдың ушығуына не себеп, вирустың таралуына қалай тосқауыл қоюға болады деген сұрақтарға жауап іздеді.

Қызылша қандай ауру?

Қызылша – жоғары контагиозды, яғни өте жұқпалы вирус. Тек адамнан адамға ауа тамшылары арқылы таралып және жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. Асқынған жағдайда ми қабығы мен тінінің қабынуына әкеп соқтыратын менингит және энцефалит, яғни орталық жүйке жүйесінің ауыр асқынуларына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Бұл аурумен ауырған адаммен қатынаста болған 10 адамның 9-ы ауруға шалдығуы мүмкін. Қызылша бұрын ауырмаған және вакцина алмаған барлық жастағы адамдарға қауіпті. Сонымен қатар, жүкті әйелдер ауырған жағдайда тек әйелге ғана емес, жатырдағы нәрестеге де жұғуы ықтимал.

Алматы қаласының №21 қалалық емхананың директорының емдеу-профилактика ici бойынша орынбасары Дина Абдикаримованың айтуынша, қызылшамен ауырған науқас аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін екі күн бұрын және бөртпелер шыққаннан кейін бес күнге дейін қоршаған ортаға жұқпалы болады. Ауру көпшілік ойлағандай бөртпемен басталмайды.

"Қызылша басқа жедел респираторлы аурулар сияқты жоғарғы температура, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, көзге конъюктивит шығу, яғни көздің қызарып қабынуы секілді белгілермен басталады. Ең негізгі белгі – азу тістердің түбінде дақтарды байқауға болады. Екі күннен кейін аурудың келесі кезеңі басталып, балалардағы қызылшаны нақты ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерге арнайы бөртпе қосылады. Бөртпелер – ұсақ папулярлы элементтері бар гиперемиялық дақтар. Олар денеге бірден емес, кезең кезеңімен таралады. Бірінші күні құлақтың артындағы аймақ, бас терісі, бет, мойынға, екінші күні кеуде, іш және арқаға, иыққа, ал үшінші күні қол-аяққа таралады. Қызылшаға қарсы вакцина алмағандарда бұл ауру асқынып, тыныс жолдарында пневмония, отит, ларингит, жүйке жүйесінде энцефалит тудыруы мүмкін. Аса қауіпті жағдайда соқырлық, тромбоцитопения және кейін, уақыт өте келе байқалатын жедел склерозды панэнцефалит тудыруы мүмкін", – деді дәрігер. 

Вирус неге өршіп тұр?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2025 жылы әлемде 247 мыңнан астам адамның қызылша жұқтырғаны расталған. Халықтың екпемен аз қамтылуы аурудың өсуіне себеп болып отыр. Қазақстанда қызылшамен сырқаттану дерегі 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 6,8 есеге төмендеді. Алайда биыл жағдай ушыға бастады. 2026 жыл басталғалы 3 343 адамның қызылша жұқтырғаны анықталды. Тоғыз өңірде, атап айтқанда Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында вирустық инфекция кең таралып отыр. Қызылшамен көбінесе бес жасқа толмаған балалар (72%) жиі ауырады. 

Қызылшаның таралуына екпе алмағандардың ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, науқастардың 78 пайызы екпе алмаған. Олардың 56%-ы екпеден өз еркімен бас тартса, 14%-ы екпе алуды денсаулығына байланысты кейінге қалдырған. Ал 30%-ы – егу жасына жетпеген балалар.

Бас санитарлық дәрігер эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында арнайы қаулы қабылдады. Енді балаларды қосымша иммундау шаралары күшейтіледі және ауру ошағы анықталған орындарға шектеулер енгізіледі.

"Аталған қаулыға сәйкес, мынадай шаралар жоспарланған: қызылша, қызамық және паротитке қарсы иммундау іс-шаралары. Ұйымдасқан ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру мекемелерінде қызылша тіркелген жағдайда, вакцина алмаған адамдар уақытша шеттетіліп, эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі. Балаларды стационарларға жоспарлы түрде жатқызуға қойылатын талаптар да ескерілген. Енді қызылшаға қарсы екпесі бар балалар ғана стационарға жатқызылады", – деді комитет төрағасы.

Балалар, мұғалімдер және тәрбиешілер ЖРВИ мен қызылша белгілеріне тексеріледі. Балабақшада не мектепте қызылша анықталса екпе алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды. Балабақша топтарында вакцина алған балалардың үлесі 90 пайыздан төмен болмауға тиіс.

Мысалы, инфекция жұқтырған баланың сыныбын тексеріп, мектеп бойынша екпе алмағандар анықталады. Олар сабақтан уақытша шеттетіледі, себебі бұл уақытта оларға екпе салу мүмкін емес.

Неге вакцина алу керек?

Вакциналау баланы қызылша және басқа инфекциялық аурулардан қорғаудың ең сенімді және дәлелденген жолы болып отыр. Сархат Бейсенованың сөзінше, Қазақстанда қолданылатын вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес келеді сапасы мен қауіпсіздігі қатаң бақылаудан өтеді.

"Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізіліп жатыр. 2025 жылы қызылшаға қарсы бір жастағы 323,7 мыңнан астам бала және алты жастағы 348,3 мыңнан астам бала егілді. Иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 214 мыңнан астам балаға вакцина салынды", – деді Сархат Бейсенова.

Дәрігер Дина Абдикаримова қызылша өте тез жұқпалы ауру болғандықтан, одан сақтану мүмкін емес екенін айтып отыр. Қазіргі уақытта вакцина – қызылшаны тоқтатудың тек жалғыз жолы. Оның тиімділігі 97-99 пайызды құрайды. Алайда вакцина алған балалар да ауыруы мүмкін, бірақ бұл балаларда қызылша ауруы асқынуларға әкелмейді. Вакцина қызылшаның ауыр түрінен және өлімнен сақтайды. 

"ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) вакцинасының құрамында тірі, бірақ әлсіретілген вирус бар. Ол ауру тудырмайды, бірақ ағзаны вируспен таныстырып, оған қарсы антиденелер (иммунитет) түзуге мәжбүрлейді. Ал ағза вируспен кездескенде ағзада тез арада вирусқа қарсы антиденелер түзіліп, оның тез жойылуына әсер етеді.  Қызамыққа қарсы вакцинаны балаларға бір жасында және алты жасында салынады. Екі доза алғаннан кейін адамдардың көпшілігінде өмір бойына дерлік иммунитет қалыптасады. Ұжымдық иммунитет негізі аурудың ары қарай тарап кетпеуі үшін және қандай да бір медициналық себептерге байланысты вакцина ала алмайтын балаларды қорғау үшін қажет", – деді Дина Абдикаримова.

Ата-ана неге вакцинадан бас тартады?

Қазақстанда кез келген адам қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады. Әдетте бала бір және алты жасқа толғанда қызылшаға қарсы тегін вакциналау жүргізіледі. Ешқашан вакцина алмаған ересектер де тіркелген емханасына барып, екпені тегін салдыра алады. 

Қызылшаға қарсы вакцина тегін болғанына қарамастан кей ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартады. 

"Вакцинадан бас тарту себебі көп. Көбіне ата-ана вакцинаға күмәнмен қарайды. Интернет желісінде медицинадан хабары жоқ адамдар вакцинаға қарсы шығып, оны салдырмауға үндейді. Әлеуметтік желілерде кейбіреулер оқырман жинау үшін негізсіз, тіпті ғалымдардың аттарын жамылып, олардың айтпаған сөздерін айтты деп жалған ақпарат таратады. Ал қарапайым халық сол адамның айтқан сөздерін шын көреді. Қазақта "шымшық сойса да қасапшы сойсын" деп бекер айтпаған. Ата-анаға айтарым, аурудың алдын алу үшін де, емдеу үшін де дәрігерге құлақ асу керек", – деді Дина Абдикаримова.

Дәрігер "вакцина аутизмге әкеледі" деген пікір шындыққа жанаспайды дейді.

"Бұл ақпараттың негізі жоқ, дәлелденбеген. Тек аутизм ауруы көп жағдайда бір жаста, вакцина алатын кезбен сәйкес біліне бастайды. Сол себептен көп жағдайда ата-ана аутизм туындаған кезде вакцинаға күмән келтіреді", – деді ол.

Баланы қызылшадан қалай қорғаймыз? 

Адам қызылша белгілерін байқаса дереу дәрігерге хабарласып, оқшаулануы қажет. Әсіресе, вакцина алмаған адамдар, балалар және жүкті әйелдер үшін вирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. 

"Қызылшамен ауырған адаммен байланыста болғанын білген жағдайда және қызылшаға қарсы вакцина алмаған болса, инфекцияны болдырмау үшін байланыста болғанан кейін 72 сағат ішінде қызылшаға қарсы вакцинаны алу үшін дәрігерге барыңыз. Иммуноглобулин жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін алты күн ішінде қабылданса, адам инфекцияның алдын алады. Қазіргі жағдайда тек екпе ғана аурудан қорғайды. Ал қызылша жұқтырған жағдайда аурудың асқынып кетпеуіне вакцина үлкен әсер етеді. Ауырған адамдарда тек симптоматикасын және соның асқынуынан туындаған ауруларды емдеумен ғана шектелеміз. Сонымен қатар ағзаның вируспен күресуіне көмектесу үшін витаминдер мен көп мөлшерде сұйықтық тағайындалады", – деді Дина Абдикаримова.  

Айзат Серікбаева үш жарым жасар ұлының ақпан айында ауырып, бір апта ауруханада емделіп, қалған уақытта үйде болғанын айтып отыр.

"Астанадан Шымкентке ұшақпен барып келдік. Шымкентте сол уақыттарда қызылша өршіп тұрды. Балам бір жасында екпе алды. Аурудың алғашқы күндері дене қызуы көтеріліп, әлсіздік болды. Үш-төрт күннен кейін бөртіп бастады. Ауруханада жатып шыққан соң 6-7 күні бөртуі қайтты. Балам ауырғанда қатты қорықтым. Осыдан кейін балаларға қарауға жауапкершілік күшейді. Олардың күнделікті тазалығына мән беретін болдық", – деді Айзат Серікбаева. 

Қызылшаның алдын алу үшін елімізде жоспардан тыс иммундау шаралары жүргізіліп жатыр. Баласына вакцина салдырудан бас тартқан ата-ана ойын өзгертіп, келісімін берсе баласына екпе салдыра алады. Баланың вакцина салдырған-салдырмағанын eGov арқылы тексеруге немесе педиатрдан нақтылауға болады.

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:93
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 25 Февраля 2026 17:11
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

14 Июля 2026 15:33see168

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

14 Июля 2026 17:44see135

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

14 Июля 2026 13:25see134

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

14 Июля 2026 04:32see134

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

14 Июля 2026 18:33see133

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

14 Июля 2026 18:15see133

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

14 Июля 2026 16:20see131

Без потерь и дефицита

14 Июля 2026 14:40see130

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

14 Июля 2026 16:31see129

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

15 Июля 2026 17:33see127

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

14 Июля 2026 22:46see125

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

14 Июля 2026 15:29see124

Легенда на плато

14 Июля 2026 13:59see124

Осторожно, цифровой обман

15 Июля 2026 13:10see123

Проводятся обучающие семинары

15 Июля 2026 00:31see122

Костры под запретом

14 Июля 2026 14:33see122

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

14 Июля 2026 16:47see121

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

15 Июля 2026 18:47see119

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

14 Июля 2026 14:08see119

Возрастные ограничения на соцсети для детей введет ЕС

14 Июля 2026 21:21see118
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня