Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

Точно в цель!

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

Размер имеет значение

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

Грант на словах

МФО лишили лицензии в Туркестане

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

Манас Магулов: Дайте альтернативу

BilimClass электронды журналы: Ата аналар мен оқушыларға қажет 11 дерек

BilimClass электронды журналы: Ата аналар мен оқушыларға қажет 11 дерек

Qazaq24.com сообщает, что по информации сайта Informburo.KZ.

2016 жылы Қазақстан мектептері алғаш электронды журналға өтіп, Kundelik.kz платформасы жұмыс істей бастаған еді. Содан бері оқушылардың үлгерімін бағалайтын қағаз күнделік пен сынып журналы қолданыстан шықты. 2025 жылдан бастап мектептер Kundelik орнына BilimClass электронды журналына көшіп жатыр. Биыл үшінші тоқсанда Алматы мектептері жаппай жаңа платформаға ауысты. 

Осы орайда Информбюро порталы жаңа платформаға көшуге не себеп болғанын, BilimClass артықшылықтары мен қалай пайдалануға болатынын түсіндіреді.

№1. Неліктен BilimClass платформасына өту туралы шешім қабылданды?

BilimClass платформасы электрондық журналдан бөлек, мектепті басқару жүйесін, білім беру контенті мен толыққанды аналитиканы біріктіреді, сол арқылы мектептер оқу процесіне қажет құралдарды бір жүйеден ала алады. 

BilimClass артықшылығы:

қазақстандық білім беру контентін қамтыған толықтай отандық платформа; жүйе серверлері Қазақстан аумағында орналасқан; оқушылар мен ата-аналарға мобильді қосымша үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, ол толықтай тегін; Қазақстан заңнамасының талаптары қатаң сақталады, BilimClass-тың тегін мобайл қосымшасы қарастырылған; интерфейсі ыңғайлы әрі түсінікті; ата-аналар бірнеше баланың оқу үлгерімін бір жерден бақылап, толық ақпаратты ала алады; тек онлайн-журнал мен күнделікті ғана емес, сонымен қатар мектепті басқару жүйесін, оқу контентін, әдістемелік және жан-жақты талдауды біріктіреді. 

BilimClass тегін ұсынылады, сондықтан сатып алу рәсімдерін жүргізуді талап етпейді. Шешім жергілікті атқарушы органның өкілеттігі аясында, пилот сынақтар, аналитикалық бағалау және мектептерден алынған кері байланыс негізінде қабылданды. 

№2. Жаңа жүйеге қанша мектеп қосылды?

Қазіргі таңда BilimClass онлайн күнделігін еліміздің 11 өңіріндегі (Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары) 5 416 мектепте 2,2 миллион оқушы мен 300 мың мұғалім пайдаланып отыр.

№3. Жаңа платформаға көшу туралы шешімді кім қабылдайды?

Электрондық журналға арналған платформаны білім беру басқармалары өздері таңдайды. Таңдау кезінде мектептерге, мұғалімдер мен оқушыларға қолайлығы, заңнамалық талаптарға сай болуы ескеріледі.

Алматыдағы мемлекеттік мектептерді BilimClass жүйесіне енгізер алдында басқарма платформаны 15 мектепте апробациядан өткізді. Пилоттық жобаға қатысқан мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігі BilimClass-тың барлық қойылған талапқа сай келетінін растады. Білім басқармасы оларыдң пікіріне құлақ асып, түрлі платформаларды салыстыра келе, BilimClass барлық талапқа толық жауап береді деген қорытындыға келген. 

№4. Үшінші тоқсанда ауысу оқу процесіне кері әсер етпей ме?

Жоқ, кері әсерін тигізбейді деп нақты айта аламыз, себебі жүйеге көшу жұмыстары қысқы каникул кезінде жүзеге асырылады. Мұғалімдер BilimClass-ты қалай қолдану керек екенін алдын ала үйренген соң үшінші тоқсанның басында олар барлық қажет ақпарат пен машықтарды толық меңгеріп шығады. Сонымен қатар платформаның интерфейсі қарапайым әрі түсінікті болғандықтан, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар оны тез арада игеріп кетеді. Ал процесс барынша кедергісіз өтуі үшін Bilim Group компаниясының қолдау қызметі пайдаланушыларға көмектесіп, барлық туындайтын сұрақтарға жауап береді.

№5. Оқушылар мен мұғалімдердің бұрыңғы деректері қалай көшіріледі?

Алдыңғы платформадағы оқушылар мен мұғалімдердің деректері, бағалар мен оқу процесінің ақпараттары BilimClass жүйесіне көшіруді Алматы қаласы Білім басқармасының "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы" айналысып жатыр. Барлық дерек сақталып, BilimClass жүйесіне толық көшіріледі, сондықтан ақпараттың жоғалуына қатысты алаңдауға себеп жоқ. 

№6. Деректер қаншалық қорғалады?

Өнімді кәмелетке толмағандар пайдаланатын болғандықтан, олардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдылық беріледі. BilimClass ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарына толық сәйкес келеді және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметінің сертификаттауынан өткен. 

Платформа рөлдер принципі бойынша жұмыс істейді: яғни педагогтер, оқушылар, ата-аналар мен әкімшілік тек өз жұмысына қажет ақпарат пен функцияларға ғана қол жеткізе алады. Деректер сенімді қорғалған арналар арқылы беріледі, ал рұқсатсыз кіруді немесе ақпаратты қолды қылуды болдырмау үшін барлық сессия мен авторизация қатаң бақыланады.

Жүйеге күдікті (аномальді) кіру әрекеттерін, әдеттен тыс белсенділікті немесе деректерді жаппай жүктеуді болдырмау үшін BilimClass-та мониторинг және хабарландыру жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық маңызды іс-әрекеттер тіркеледі. Осал тұстарды барынша азайту үшін платформада анықталған сын-қатерлер үнемі бағаланады және қауіпсіздік тұрғысынан техникалық тексерулер жүргізіліп тұрады. Айта кетерлігі, BilimClass командасының өкілдері дербес деректермен жұмыс істеу ережелері мен қауіпсіздік тәжірибелері бойынша оқудан өткен, бұл қателіктер мен адами фактор қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

№7. Мұғалімдер үшін қандай жаңашылдық бар?

BilimClass-тың басты мақсаттарының бірі – мұғалімдердің жүктемесін азайтып, оқушылармен тікелей жұмысқа, шығармашылыққа және кәсіби дамуға көбірек уақыт қалдыру. Әдетте педагогтердің жұмыс уақытының едәуір бөлігі сабақ өткізуден гөрі жоспар құруға, есеп беруге, құжат толтыруға және ата-анамен байланыс жасауға кетеді. BilimClass дәл осы процестерді автоматтандыруға бағытталған.

BilimClass-тың мұғалімдер үшін де көптеген артықшылығы бар. Қолжетімді құралдар:

күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау; қашықтан оқыту функциясы; өз сабақтарын жүктеу мүмкіндігі; интерактивті тапсырмалар; БЖБ/ТЖБ тапсырмаларының дайын каталогы; чат және оқушылармен кері байланыс; бағаларды автоматты түрде есептеу.

Есеп беру бөлігінде енгізілген барлық дерек бір жүйеге жинақталады. Үлгерім көрсеткіштері автоматты түрде қалыптасады, қиындық тудырып отырған тұстар анық көрінеді. Мұның бәрін жүйе өзі орындайды.

Ата-ана BilimClass-тан баласының үлгерімін, сабақ кестесін көре алатындықтан, мұғалімге қойылатын қосымша сұрақтар азаяды. Ал мұғалімдер оқушылар орындаған тапсырмаға пікір қалдырып, нақты қай жерде қате кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын бірден көрсете алады.

Платформа бұрын "қағазбастылыққа" кететін уақытты үнемдеп, көптеген процесті автоматтандыру арқылы мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеуге  және шығармашылыққа көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 

№8. Оқушыларға тағы қандай өнімдер қолжетімді?

Мектептерге тек BilimClass қана емес, Bilim Group компаниясының басқа да өнімдері ұсынылады. Олар:

ҰБТ-ға дайындалуға арналған iTest онлайн-тренажері; бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі iMektep видеосабақтар платформасы; ТМД аумағындағы ең ірі цифрлық білім беру контент қоры саналатын BilimLand бар.

BilimClass платформасы толықтай тегін және аталған қосымша ресурстар да тегін түрде ұсынылады. 

№9. Ата-ана BilimClass жүйесіне қалай кіре алады?

Ата-ана тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді. Хабарламадағы сілтеме арқылы BilimClass сайтына өту қажет.

Тіркелу үшін SMS-шақыруда келген сілтемені ашып, ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдайсыз. Одан кейін SMS арқылы келген кодпен нөмірді растайсыз. Құпиясөз орнатып, өзіңіз туралы қысқаша мәліметті (аты-жөніңіз және электронды пошта) толтырасыз. Тіркелген соң ата-ана кабинеті автоматты түрде ашылады.

Нұсқаулықты мына жерден көре аалсыз.

№10. Қосымшаны жүктеу қажет пе?

BilimClass мобильді қосымшасы браузер нұсқасына қарағанда жаңа бағалар мен үй тапсырмалары туралы Push-хабарламаларды бірден алуға мүмкіндік береді, яғни барлық өзгерістерді дер кезінде хабардар етеді. Қосымша жылдам жұмыс істейді, интернет-трафикті аз пайдаланады және смартфон экранына ыңғайланып жасалған.

BilimClass қосымшасын App Store немесе Google Play дүкендерінен тегін жүктеуге болады.

Ата-ана BilimClass мобайл қосымшасынан баласының сабақ кестесін, оқу үлгерімін және үй тапсырмаларын бақылай алады. Қосымшаның ішінде бірнеше баланың аккаунты арасында ауысып, күнделікті кесте мен сабақтың егжей-тегжейін көре алады. "Бағалар" бөлімінде баланың үлгерімі мен барлық тоқсандағы қорытынды балдары көрсетілсе, "Үй тапсырмасы" бөлімінде жұмыстардың тақырыбы мен тапсыру мерзімдері берілген. Сондай-ақ баптаулар бөлімінде интерфейс тілін немесе түрін өзгертуге болады.

№11. Баланы ынталандыру көзделген бе?

Оқушылардың оқуға деген мотивациясын әрі қаржылық сауатын арттыру мақсатында "Бағалар үшін" акциясы өтіп жатыр. Бонус жүйесі аясында 2-11 сынып оқушылары үздік бағалары үшін ақшалай сыйақы ала алады. Ақшаны ала бастау үшін баланың атына карта ашу қажет. Қалай ашуға болатынын мына жерден көре аласыз. Банк бөлімшесіне бармай-ақ, онлайн ашуға да болады.

Карта ашқан соң қосымшада баласының атына Power Card картасын рәсімдеу қажет. Картаны рәсімдегеннен кейін бірнеше сағат ішінде жүйе баланы бағдарламаға автоматты түрде қосады.

Ақша баға қойылғаннан кейін келесі күні түседі. Ақшалай сыйақы былай есептеледі:

күнделікті 10 балл үшін – 100 теңге; БЖБ/ТЖБ бағалары 85%-дан асса – 200 теңге; тоқсандық, жылдық қорытынды бағалар 5 болса – 300 теңге.
Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:202
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 27 Января 2026 11:08
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

15 Сентября 2026 21:14see621

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

16 Сентября 2026 10:58see169

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

16 Сентября 2026 20:00see168

Точно в цель!

16 Сентября 2026 04:35see162

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

16 Сентября 2026 18:59see161

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

16 Сентября 2026 10:28see159

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

16 Сентября 2026 20:49see158

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

16 Сентября 2026 14:28see155

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

16 Сентября 2026 14:27see155

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

16 Сентября 2026 05:08see155

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

16 Сентября 2026 10:28see153

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

16 Сентября 2026 14:27see152

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

16 Сентября 2026 15:13see151

Размер имеет значение

16 Сентября 2026 19:33see148

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

16 Сентября 2026 10:13see146

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

16 Сентября 2026 13:43see145

Грант на словах

16 Сентября 2026 15:33see142

МФО лишили лицензии в Туркестане

17 Сентября 2026 04:36see139

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

16 Сентября 2026 17:23see136

Манас Магулов: Дайте альтернативу

16 Сентября 2026 18:16see134
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня