Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Как менялся Казахстан за семь лет. Жаңа адамдар представили фэшн перформанс в Астане

Совпадение или расчет? KAZ Minerals начала строительство завода после утверждения Методики

Тепло вернется в Казахстан

УЕФА пригрозила бойкотом будущим ЧМ по футболу

Сильный жар и взрывающийся шифер: полицейские спасли дачника из пожара в СКО (фото, видео)

Кайрат лишился шанса на чемпионство из за ничьей с Актобе

Дети устроили нецензурный эфир во время футбольного матча в Петропавловске

ЦИК утвердила размеры расходов кандидатов на выборах в маслихаты Казахстана

Ночью до 5 градусов: какой будет погода в Алматы в последнюю неделю октября

Марионетки в ловких руках

Подиум четырёх стихий

Казахстанец показывал непристойные жесты в прямом эфире в TikTok и был арестован (видео)

Заморозки до 3°C в Алматы и туман в Астане: штормовое предупреждение на 27 октября

Ипотека от 1% и без первого взноса: какое жильё могут купить казахстанцы этой осенью

Турнир по тогызкумалак ко Дню Республики прошёл в Пекине

Концерт Максима Галкина отменили в Стамбуле

В Акмолинской области открыли новое пожарное депо с вертолетной площадкой

Азиатские игры по боевым искусствам в Саудовской Аравии перенесли на 2027 год

Приезжайте к нам на Колыму!

Ребёнок впал в кому

Ресейдің 27 өңірінде АИТВ эпидемиясы өршіп тұр. Қазақстанға қауіп бар ма?

Ресейдің 27 өңірінде АИТВ эпидемиясы өршіп тұр. Қазақстанға қауіп бар ма?

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Ресейдің 27 өңірінде адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) эпидемиясы жалпылама деңгейге жеткен. Бұл өңірлерде жүкті әйелдердің 1%-дан астамынан инфекция анықталады. Елдегі 40-50 жастағы ерлердің 3%-дан астамы АИТВ жұқтырған. Қазақстанда 2025 жылдың басында АИТВ мәртебесін білетін 36 767 адам медициналық есепте тұрған. Informburo.kz Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайды, Қазақстандағы статистиканы және инфекцияның таралу жолдарын зерделеді.

Ресейдегі жағдай

2026 жылғы 26 қазанда The Moscow Times басылымының орыс тіліндегі қызметі Ресейдің 27 өңірінде АИТВ эпидемиясы жалпылама деңгейге жеткенін хабарлады. Басылым бұл ақпаратты Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметінің (Роспотребнадзор) Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Василий Акимкиннің мәлімдемесіне сүйеніп жариялады.

Мамандардың түсіндіруінше, жалпылама эпидемия кезінде инфекция белгілі бір тәуекел топтарымен шектелмей, жалпы халық арасында да таралады. Ресейдің аталған өңірлерінде жүкті әйелдердің 1%-дан астамынан АИТВ анықталған.

Роспотребнадзордың жетекші ғылыми қызметкері Наталья Ладнаяның мәліметінше, Ресейдегі 40-50 жастағы ерлердің 3%-дан астамы АИТВ жұқтырған. Соңғы 15 жылда инфекция анықталған адамдардың орташа жасы 32-ден 44 жасқа дейін өскен. Жаңадан анықталған жағдайлардың шамамен үштен екісі гетеросексуалдық қатынас арқылы жұғумен байланысты.

Басылым Кемеров, Иркутск және Свердлов облыстарын АИТВ таралуы жоғары өңірлердің қатарына жатқызды. Бұл аймақтарда халықтың 2%-дан астамы инфекция жұқтырғаны хабарланды.

Роспотребнадзор өкілдерінің мәліметінше, 2025 жылы медициналық көмек көрсету кезінде қан арқылы берілетін инфекцияларды жұқтыруға қатысты соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелген. Бұл жағдайлардың басым бөлігі АИТВ мен С гепатитіне қатысты болған.

Қазіргі уақытта Ресейдің он өңіріндегі осындай 11 инфекция ошағына қатысты тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар 2026 жылы қан компоненттерін құю кезінде АИТВ жұқтырудың екі жағдайы анықталған. Басылымның мәліметінше, бұған дейін мұндай жағдайлар алты жыл бойы тіркелмеген.

Мамандар инфекцияның медициналық ұйымдарда таралу себептерінің бірі ретінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын атаған. Олардың арасында жеке қолдануға арналған катетерлер мен глюкометрлерді бірнеше пациентке пайдалану жағдайлары бар.

Жалпы алғанда Ресейдегі АИТВ инфекциясына қатысты статистикада әртүрлі көрсеткіштер кездеседі. Ресей Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы маусымда елде шамамен 931 мың адам АИТВ жұқтырғанын мәлімдеген. Ал Ресейдегі "СПИД орталықтың" бағалауы бойынша, 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 1,23 миллионға жеткен.

Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін қанша адам бар?

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаеваның мәліметінше, Қазақстанда АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін 36 мыңға жуық адам диспансерлік есепте тұр. 2026 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам инфекция жұқтырған. Жүкті әйелдердің 96%-ға жуығы инфекцияның анадан балаға берілуінің алдын алу шараларымен қамтылған. Бұл мәліметтер 19 қазанда Алматыда өткен "АИТВ: кеше, бүгін, ертең" атты халықаралық конференцияда айтылды. 

Қазақстанда АИТВ-ға тестілеу мен қажетті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі. Ал антиретровирустық терапия вирустың көбеюін тежеуге және пациенттердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

АИТВ қалай таралады?

Қазақстанның Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының жазуынша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясы негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Вирус қан арқылы, сондай-ақ анадан балаға жүктілік, босану немесе емізу кезінде де берілуі мүмкін.

АИТВ құшақтасу, қол алысу, ортақ ыдысты пайдалану немесе ауа-тамшы жолы арқылы берілмейді. Инфекция ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін, сондықтан АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өту маңызды.

АИТВ-ға тестілеу және қажетті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі. Ретровирусқа қарсы терапия инфекцияны бақылауда ұстауға және өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АИТВ инфекциясын анықтау үшін тестілеудің, ал инфекция расталған жағдайда антиретровирустық терапияның маңызды екенін ескертеді. Ем вирустың көбеюін тежеп, адамның иммун жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Тиісті ем нәтижесінде қандағы вирустық жүктеме тұрақты түрде анықталмайтын деңгейге жеткен жағдайда АИТВ жыныстық жолмен берілмейді. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:29
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 27 Октября 2026 18:04
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Как менялся Казахстан за семь лет. Жаңа адамдар представили фэшн перформанс в Астане

25 Октября 2026 18:48see157

Совпадение или расчет? KAZ Minerals начала строительство завода после утверждения Методики

26 Октября 2026 13:25see155

Тепло вернется в Казахстан

26 Октября 2026 14:01see144

УЕФА пригрозила бойкотом будущим ЧМ по футболу

25 Октября 2026 23:31see143

Сильный жар и взрывающийся шифер: полицейские спасли дачника из пожара в СКО (фото, видео)

27 Октября 2026 05:51see141

Кайрат лишился шанса на чемпионство из за ничьей с Актобе

25 Октября 2026 20:07see139

Дети устроили нецензурный эфир во время футбольного матча в Петропавловске

25 Октября 2026 23:30see138

ЦИК утвердила размеры расходов кандидатов на выборах в маслихаты Казахстана

26 Октября 2026 11:23see135

Ночью до 5 градусов: какой будет погода в Алматы в последнюю неделю октября

26 Октября 2026 08:27see129

Марионетки в ловких руках

26 Октября 2026 14:19see128

Подиум четырёх стихий

26 Октября 2026 15:22see127

Казахстанец показывал непристойные жесты в прямом эфире в TikTok и был арестован (видео)

26 Октября 2026 11:31see127

Заморозки до 3°C в Алматы и туман в Астане: штормовое предупреждение на 27 октября

26 Октября 2026 20:25see126

Ипотека от 1% и без первого взноса: какое жильё могут купить казахстанцы этой осенью

27 Октября 2026 06:31see125

Турнир по тогызкумалак ко Дню Республики прошёл в Пекине

26 Октября 2026 04:35see124

Концерт Максима Галкина отменили в Стамбуле

26 Октября 2026 00:06see123

В Акмолинской области открыли новое пожарное депо с вертолетной площадкой

25 Октября 2026 19:33see123

Азиатские игры по боевым искусствам в Саудовской Аравии перенесли на 2027 год

26 Октября 2026 23:17see122

Приезжайте к нам на Колыму!

26 Октября 2026 17:35see121

Ребёнок впал в кому

26 Октября 2026 19:21see121
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня