Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

Бесплатные таблетки с ценником

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

Ажиотаж вокруг Умай : у отделения Отбасы банка в Алматы выстроились толпы людей

США нанесли удары по иранскому острову Кешм в Ормузском проливе

Стало известно, когда поправки в Налоговый кодекс внесут в Курултай

Балқашқа жолбарыс оралды. Ол не жейді және адам мен малға қауіп бар ма

Балқашқа жолбарыс оралды. Ол не жейді және адам мен малға қауіп бар ма

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

70 жылдан кейін Қазақстанға жолбарыс қайта оралды. "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына Үміт есімді амур жолбарысының аналығы жіберілді. Бұл жолбарыс түрі Қазақстанда осыдан шамамен 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен еді. 

Тұран жолбарысы қандай болған?

Жазушы-журналист Серік Әбікенұлының деректеріне сүйенсек, биологтар Тұран жолбарысының терісі қызғылт емес, ашық сары түсті болғанын, ал қара жолақтарының ұзын әрі жиі орналасқанын жазады.

Ақтоғай археология және этнография музейінде сақталған Тұран жолбарысының тұлыбы. Фото: Ерболат Шадрахов, nationalgeographic.kz

Жолбарыстың тұрқы жөнінде бірнеше дерек бар. Серік Әбікенұлының мақаласында Ресей империясы кезіндегі форт коменданты Карповтың жазбасынан дерек келтіреді. Онда алаңда жатқан жолбарыстың салмағы – 11 пұт 22 фунт, құйрығынан құлағына дейінгі ұзындығы 2 аршын 14 вершокқа жеткені жазылған. Қазіргі өлшем бірліктеріне шаққанда ол жолбарыстың салмағы – шамамен 181 келі, ұзындығы – шамамен 2 метр 20 сантиметр болған. 

Ал өлкетанушы Қараша Қараман "Жолбарыс соққан Сәдуақас батыр" атты мақаласында жолбарыстың салмағы 210 келіге, құйрығының ұшына дейінгі ұзындығы 4 метр 10 сантиметрге жеткенін жазған. Жолбарыстың терісі мен Сәдуақас батырды Алматыға алдырып түсірген сурет "Қасиетті Қаратал" кітабында жарияланған екен.

Сәдуақас Отарбайұлы мен жолбарыс терісі. Сурет: abai.kz Қай жерді мекендеген?

Ғылымда "Тұран жолбарысы" немесе "Каспий жолбарысы" деп аталатын тұқым бір кездері Орталық Азия мен Қазақстанның едәуір бөлігін мекендеген. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл жыртқыш көбіне Сырдария өзені мен Арал теңізінің жағалауында, кейінірек Балқаш көлі мен Іле өзені бойында өмір сүрген. Сондай-ақ ол Шу, Сарысу, Талас, Арыс өзендерінің аңғарында, Билікөл маңында және Қаратау жоталарында да кездескен.

Неге жойылды?

ХХ ғасырдың ортасына қарай жағдай күрт өзгерді. Біртіндеп дала жыртқышының көзі жойыла бастады. Серік Әбікенұлының жазуынша, отарлау кезеңінде Түркістан маңына көшіп келген орыс шаруаларының саны артқан сайын жолбарыстың мекені тарылып, қорегі азайған, сондықтан жыртқыш мал мен иттерге шабуыл жасай бастаған. 

Жойылудың тағы бір себебі ретінде патша үкіметінің солақай саясатын да атауға болады. Дала генерал-губернаторы Перовский Тұран жолбарысының терісіне қызығып, әр теріге 25 сом сыйақы тағайындаған. Ол кез үшін бұл қомақты ақша болған. Мәселен, Ресей империясында генерал айына 500-1000 сом, ал қатардағы солдат небәрі 1 сом жалақы алатын. Ақшаға қызыққандар жолбарыс аулауға жаппай кірісті. 

Тұран жолбарысы атылған сәт. Н.Н. Каразин салған сурет. Сурет: abai.kz

Соңғы жолбарыстың қашан атылғаны туралы дерек әртүрлі. Кейбір мәліметтерде 1947-1948 жылдары Балқаш пен Іле өзені маңында, ал басқа деректерде 1920-1940 жылдары Сырдария өңірінде соңғы шердің өлтірілгені айтылады. 

Ал биолог-зерттеуші А.А.Слудскийдің "Владыка джунглей" кітабында:

Павлодар, Көкшетау, Ақмола бекіністері маңы, Тарбағатай, Зайсан, Қара Ертіс бойындағы жолбарыс ХІХ ғасырда-ақ жойылғанын; Талас пен Шу өзені бойындағы аңдар шамамен 1937 жылы құрып біткенін; Қызылорда маңындағы жолбарыстар 1945 жылы толық жойылғанын, аман қалғандары Торғай мен Сарысу бағытына ауып кеткенін; Жетісуда 1894-1899 жылдар аралығында жыл сайын 10-16 жолбарыс атылғанына қарамастан, Балқаш – Алакөл өңіріндегі жыртқыштар 1935 жылға дейін кездесіп тұрғанын; Соңғы жолбарыстың ізін Балқаштың оңтүстік жағалауынан 1948 жылы көргенін жазған екен. Жолбарыс Қазақстанға қалай оралды?

Бірнеше онжылдық бойы жолбарыстың бұл тұқымы дербес түр саналып келді. Алайда 2009 және 2017 жылдары жүргізілген генетикалық зерттеулер жағдайды түбегейлі өзгертті. Музейлерде сақталған Тұран жолбарысының тері мен сүйек үлгілеріндегі ДНҚ-ны талдау нәтижесінде оның амур жолбарысымен генетикалық жағынан бір ғана нуклеотидке ғана ерекшеленетіні анықталды. Осыдан кейін ғалымдар ол екеуін бөлек түр емес, бір түрдің географиялық популяциясы ретінде қарастыра бастады. Осылайша, Тұран жолбарысын қалпына келтіру жобасы қолға алынды:

2010 жылы Санкт-Петербургте өткен жолбарысты сақтау жөніндегі халықаралық форумда Қазақстан Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтару жобасына дайын екенін мәлімдеді. Сол жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстан үкіметі бағдарламаны қолға алды.

2017 жылы бағдарламаны практикалық жүзеге асыруға жол ашатын меморандумға қол қойылды.

Сол жылы бұл туралы голливуд актері Леонардо Ди Каприо: "Қазақстан жарты ғасыр бұрын жойылып кеткен жолбарыстарды Орталық Азияға қайтаратын тұңғыш ел болады", – деп жазған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leonardo DiCaprio (@leonardodicaprio)

2018 жылы 27 шілдеде 415 мың гектар жерді қамтитын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Осы кезден бастап резерватта қоректік база ретінде жабайы қабан, құлан, қарақұйрық, бұғы популяцияларын арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіле бастады.

2024 жылдың қыркүйегінде Нидерландының Landgoed Hoenderdaell хайуанаттар бағынан бір аталық, бір аналық амур жолбарысы жеткізілді.

2026 жылдың мамырында Ресей Федерациясының Хабаровск өлкесіндегі жабайы табиғаттан ұсталған төрт амур жолбарысы (екі ересек және екі 6-7 айлық күшік) Қазақстанға жеткізілді. Осылайша резерваттағы жолбарыстар саны алтыға жетті.

2026 жылдың 31 шілдесінде алты жолбарыстың ішінен Үміт есімді аналық алғаш рет арнайы қоршаудан шығарылып, табиғи ортаға жіберілді.

Яғни, соңғы жабайы Тұран жолбарысы жойылғаннан бері шамамен 70 жылдан астам, ал мемлекеттік деңгейде бағдарлама басталғаннан бері 16 жыл, "Іле-Балқаш" резерваты құрылғаннан бері 8 жыл өткен соң ғана алғашқы жолбарыс жіберілді.

Экология министрлігінің хабарлауынша, бағдарламаның түпкі мақсаты – Іле өзенінің бойы мен Оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстың орнықты, өзін-өзі толықтыратын популяциясын қалыптастыру. Бұл үшін бес-алты жыл ішінде резерватқа кемінде 20 амур жолбарысын жерсіндіру жоспарланып отыр. Жануарлар Ресейдің Қиыр Шығыс аймағынан жылына екі-үш дарадан әкелінеді.

Қазіргі уақытта еркін жіберілген Үміттен басқа бес жолбарыс арнайы бейімдеу орталығында бақылауда. Күшік кезінде әкелінген екі жолбарыс 18 айлық болғанда ветеринария және мінез-құлық сынақтарынан өтеді. Соның нәтижесіне қарай табиғи ортаға жіберіледі. Оларға арнайы GPS орнатылған қарғыбау тағылып, қимыл-қозғалысы тәулік бойы қадағаланады.

Жолбарыс жерсініп кете ме?

Жобаның табысты болу-болмауы жөнінде әртүрлі пікір бар. Ресми мониторинг деректері оң нәтидеге үмітті. Оған себеп те жоқ емес. Резерват аумағында жолбарыстың негізгі қорегі саналатын жабайы қабандар мен басқа тұяқты жануарлар саны 2018-2024 жылдар аралығында айтарлықтай өскен. Осы кезеңде қорыққа 200-ден астам тоғай бұғысы мен 100-ден астам құлан көшірілді. Министрлік мамандарының пікірінше, резерваттағы жануарлардың тығыздығы жолбарыстың тіршілік етуіне жеткілікті деңгейге жақындап қалған.

Үміт. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Дегенмен ғылыми ортада бұл бастамаға күмәнмен қарайтындар да бар. Кей сарапшылар ең алдымен резерваттың тұтас экожүйесін сауықтыру қажет екенні алға тарталы. Олардың айтуынша, жолбарыс бой тасалайтын жиделі тоғай мен қалың қамыс болмаса, ол еш уақытта толық жерсіне алмайды. 

Алайда желідегі жазбалардың басым бөлігінен жергілікті халықтың бұл жаңалыққа аса қуана қоймағанын көруге болады. Олардың қорқынышы біреу – "Жолбарыс жайлымдағы малға, адамға шаппай ма?" деген қауіп.

Қорыта айтсақ, Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасы – Орталық Азиядағы ең ауқымды табиғат қорғау бастамаларының бірі саналады. Ол тек бір жыртқыш түрді қалпына келтірумен шектелмей, Іле өзені бойы мен Оңтүстік Балқаш өңірінің тұтас экожүйесін жаңғыртуды көздейді. Мұндай бастама бірінші рет болып отырған жоқ. Мәселен, Мельбурн университетінің генетиктері осыдан 40 жыл бұрын жойылып кеткен тасман жолбарысын, АҚШ-тағы Colossal Biosciences биотехнологиялық компаниясы 400 жыл бұрын жойылып кеткен Додо құсын қалпына келтірумен айналысып жүр.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:143
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Августа 2026 12:48
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 15:32see299

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

03 Ноября 2026 17:34see190

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

03 Ноября 2026 18:06see188

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

03 Ноября 2026 16:58see176

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

03 Ноября 2026 17:10see176

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 17:08see155

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

03 Ноября 2026 17:25see147

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

03 Ноября 2026 17:39see146

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

03 Ноября 2026 17:07see145

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

03 Ноября 2026 18:01see140

Бесплатные таблетки с ценником

03 Ноября 2026 16:59see138

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

03 Ноября 2026 17:01see135

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

03 Ноября 2026 13:10see131

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

03 Ноября 2026 18:21see130

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

03 Ноября 2026 14:59see130

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

03 Ноября 2026 17:15see125

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 18:31see121

Ажиотаж вокруг Умай : у отделения Отбасы банка в Алматы выстроились толпы людей

03 Ноября 2026 16:58see119

США нанесли удары по иранскому острову Кешм в Ормузском проливе

03 Ноября 2026 15:39see119

Стало известно, когда поправки в Налоговый кодекс внесут в Курултай

03 Ноября 2026 15:09see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня