Геоэкономикалық және қарулы қақтығыстар. WEF 2026 жылдың ең басты қауіп қатерлерін атады
Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF) жыл сайынғы Global Risks Report 2026 баяндамасын жариялап, қысқа, орта және ұзақмерзімді қауіп-қатерлерді атады.
2026-2036 жылдарға арналған жалпы тізім 34 жаһандық қауіп-қатерден тұрса, 2025 жылғы қауіптердің көш басында геоэкономикалық (18 пайыз, 1 орын) және қарулы қақтығыстар (14 пайыз, 2 орын) тұр. Үшінші орынды төтенше табиғи құбылыстар иеленген (8 пайыз).
Кейінгі орындарда келесі қауіп-қатерлерді атауға болады:
Әлеуметтік поляризация; Жалған ақпарат тарату; Экономикалық құлдырау; Адам құқықтары мен азаматтардың еркіндігінің сақталмауы; Жасанды интеллектіні қолданудың салдары; Киберқауіпсіздік; Теңсіздік.Атап өтерлігі, алғашқы ондыққа жасанды интеллектіге қатысты қауіп алғашқы рет еніп отыр.
Ал ұзақмерзімді бағалауда сарапшылар қарулы және геоэкономикалық қақтығыстар жақын уақытта шешімін табатынына сенімді. Ал табиғи апаттар қаупі тек күшейе түспек. Бұл ретте он жылдық перспективада ауа райына қатысты қауіп-қатерлер бірінші орынға шықпақ. Ал ең басты он қауіп-қатердің тең жартысы экологиялық мәселелермен байланысты.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:25
Эта новость заархивирована с источника 19 Января 2026 17:22 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















