Шілдеде қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі
Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
2026 жылғы шілдеде Астана күніне орай қазақстандықтар тағы бір қосымша күн демалады. Мемлекеттік мерекенің дүйсенбіге сәйкес келуі арқасында ел тұрғындары қатарынан бірнеше күн демалу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда жыл сайын 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Мемлекеттік мереке мәртебесіне ие бұл күн ел астанасының Алматыдан Астанаға көшірілуіне орайластырылған.
2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге тоқайласып тұр, сондықтан қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтеді.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
4 шілде (сенбі) – демалыс күні; 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні; 6 шілде (дүйсенбі) – Астана күніне орайластырылған мерекелік демалыс күні.
Осылайша, ел тұрғындары қатарынан үш күн – 4-нен 6 шілдеге дейін (қоса алғанда) демала алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жастар жұмыссыздығы азайды. Қалада қандай жобалар жүзеге асып жатыр?
Алты күндік жұмыс аптасы үшін кесте төмендегідей болады:
4 шілде (сенбі) – жұмыс күні; 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні; 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік графикпен жұмыс істейтін азаматтар үшін 5 демалыс және 26 жұмыс күні қарастырылған.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:88
Эта новость заархивирована с источника 04 Июня 2026 11:32 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















