ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Көшпелілер мұрасының халықаралық күні деп бекітті
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясында 22 қыркүйекті Көшпелілер мұрасының халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылданды. Бұл туралы 24.kg Қырғызстанның ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссиясына сілтеме жасап хабарлады.
Қарардың мақсаты – көшпелі өмір салтының мәдени, тарихи және әлеуметтік маңызын, сондай-ақ оның әлемдік мәдени әртүрлілік пен тұрақты дамуға қосқан үлесін жаһандық деңгейде мойындату.
"ЮНЕСКО Бас конференциясында құжатты Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев таныстырды. Оның айтуынша, ЮНЕСКО деңгейінде мойындалуы көшпелі мұраны насихаттауда және оны зерттеу мен келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған жобаларды қолдауда маңызды қадам болмақ", – деп жазды басылым.
Фото: UNESCO
Сарапшылардың пікірінше, Көшпелілер мұрасының халықаралық күннің белгіленуі Қырғызстанның көшпелі мәдениетті сақтаушы ел ретіндегі халықаралық беделін арттырып, мәдени дипломатия мен этнотуризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ дәстүрлерді, қолөнерді және материалдық емес мұраны, соның ішінде "Манас" эпосы мен көшпенділер ойындарын сақтау мәселесіне назар аударуға мүмкіндік береді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:120
Эта новость заархивирована с источника 07 Ноября 2025 11:20 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















