Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Какие фейки сопровождают трагедию в Мангистау. Центр по борьбе с дезинформацией напомнил об ответственности

До 17 суток за TikTok эфир: в Шымкенте четверых блогеров отправили под арест за мат

OpenAI прекратил обучение своих самых эффективных моделей из за проблем с безопасностью

Девятое золото Казахстана: Ясмина Токсанбаева победила на Азиатских игр в Японии

Тасмагамбетов завоевал бронзу Азиады в прыжках на батуте

Один за всех и все за одного. Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпаге завоевала золото Азиады

Сборная Казахстана стала двукратным серебряным призером женской шахматной Олимпиады

Казахстан завоевал восемь наград на чемпионате WorldSkills в Шанхае

Президент FIDE Тимур Турлов: Следующая цель шахматы на Олимпийских играх

Гибель 14 военнослужащих следствие преступного непрофессионализм офицеров, уверен Токаев Аналитический интернет журнал Власть

Преступный непрофессионализм офицеров, в том числе генералов Токаев о гибели 14 военнослужащих

Об отсутствии спасательных жилетов у погибших на Каспии военнослужащих заявил президент

Показуха стала общим местом

После трагедии на Каспии ВАП начала проверять расходы Минобороны

Нурбек Оралбай проиграл чемпиону мира и остался без медали Азиады 2026

Землетрясение произошло в восьми километрах от Алматы

Новый сезон Шайдорова. Олимпийский чемпион завоевал бронзу на турнире в Словакии

Подросток разбил остановку в Астане, его наказали

Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды

Силу землетрясения в Алматы оценили в МЧС

Жол апаты және 2,5 ай кома: Өлімді жеңіп, сәбиін дүниеге аман есен әкелген Саяжанның оқиғасы

Жол апаты және 2,5 ай кома: Өлімді жеңіп, сәбиін дүниеге аман есен әкелген Саяжанның оқиғасы

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

2022 жылы Саяжан Құсниярова 35 жасында ауыр жол апатына ұшырап, ес-түсінен айырылып, бірден комаға түскен. Ішінде 13-14 апталық баласы болған. Алғашында оны аудандық ауруханада жатқызған, содан соң қалалық ауруханаға ауыстырған. 73 күн бойы ес-түссіз жатқан Саяжанның жағдайы ауыр болса да, құрсағындағы нәрестенің жүрегі соғып тұрған. Жол апатының салдарынан алған ауыр жарақатпен қоса пневмония, анемия секілді аурулар асқынып кеткен. Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бір емес, екі адамның өмірі үшін күрескен. Екі жарым айдан соң жаңа жыл қарсаңында есін жинап, ауруханадан шығып, оңала бастаған. Жүктіліктің 39-аптасында дәрігерлер кесарь тілігін жасап, Саяжан аман-есен баласын дүниеге әкелген. Комада жатқан ананың ішінде баласының өсіп-жетілуі және дені сау баланың өмірге келуі сирек оқиға саналып, баяндама ретінде шетелдік ғылыми журналға да жарияланған.

Осы орайда Информбюро тілшісі Саяжанмен және оның анасы Гүлмира Құснияровамен кездесіп, оқиғаның мән-жайы және қазіргі жағдайы туралы әңгімелесті.

"Қыздарым үшін өмір сүруім керек"

Жол апаты 2022 жылы Құлжа тас жолында Есікке бұрылған кезде болған. Рөлде Саяжанның жолдасы, көліктің артында екі қызы отырған. Нарынқол жақтан келе жатқан жүк көлігінің иесі қызыл жанғанша өтім кетемін деп ойлаған. Ал Саяжанның жолдасы жасыл жанып тұрғанын көріп, Есікке бұрылған кезде жол апатына ұшырап, жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жол апатының салдарынан Саяжан ес-түсін жоғалтып, бірден комаға түскен.

"Ауылға ата-енеме қонаққа бара жатқан едік. Есікке бұрылған кезде жол апатына түстім. Рөлде күйеуім, артқы орындықта екі қызым болды. Апат нақты есімде жоқ. Бірден комаға кетіп қалдым. 73 күн комада жаттым. Қандай диагноз қойғанын білмеймін, оны тек анам мен күйеуім біледі. Ауруханадан шыққан кезде есімді жинадым. Анам мен күйеуімнен не болғанын сұрадым, өйткені ештеңе есіме түспеді. Есімді жиған кезде ауырсыну болды. Аман қалғаным үшін Аллаға сансыз шүкір деп айттым. Өзімді ең бақытты адам сезіндім. Әлі күнге дейін алған жарақатым мазалайды. Оң жағым дұрыс істейді, бірақ сол қолым мен сол аяғым қалпына келген жоқ. Сыздап ауырады. Невропатолог жазып берген ем-домын алып тұрамын", – деді Саяжан.

Саяжан сұхбат баріп отыр. Фото: Тимур Батыршин

Комаға түскен кезде Саяжанның үлкен қызы – жетіде, кішісі үште болған. Ішіндегі 13-14 апталық баласының жүрегі соғып тұрған. Екі жарым айдай ес-түссіз жатса да қыздары үшін өмір сүруге ұмтылған.

"Қыздарымның көз алдымда жүргенін, күлгенін, ойнап жүгіргенін ойладым. Ең үлкен құлшынысым, ең үлкен мотивация солар болды. Өзімнің қалпыма оралсам екен деп тіледім. Комаға түскен кезде үлкен қызым жетіде, кіші қызым төртте болды. Баламды аман-есен дүниеге әкелдім. Ең бірінші дені сау болса екен дедім. Аяққа тұрып, жүріп кетуім керек, осы қыздарым үшін өмір сүруім керек, оларды жетілдіруім керек деп ойладым. Дәрігерлер де көмегін аямады. Жол апатынан кейін босанған қызым Айша үлке толды. Өмір сүруге құлшынысым, мотивациям – балаларым", – деді ол.

Саяжан жол апатынан кейін өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгергенін айта кетті.

"Әр сәтті, әр адамды бағалау керек. Жақындарыңның қасында болғанның өзі ғанибет қой. Кей кезде барымызды бағаламай кетеміз. Жақындарымыздың аман болғаны, қасымыздан табылғаны, солармен күліп-ойнап жүргеніміз қымбат екен. Бүгін – бармыз, ертең – жоқпыз. Өмірді, әрбір сәтті бағалау керек. Қызым дүниеге келгенде қолыма алып, басынан иіскеген кезде өзімді ең бақытты ана сезіндім. Осы қызым үшін өмір сүруім керек деп ойладым. Бірінші Аллаға, содан соң ақ халатты абзал жандарға – дәрігерлерге алғыс айтамын", – деді Саяжан.

Саяжан екі қызымен бірге. Фото: Саяжанның жеке архивінен алынды "Жол апатына себепкер адамға кешірім бердік"

Саяжанның бухгалтерия саласында жоғары білімі бар, декретке шықпай тұрып жұмыс жасап жүрген. Екінші қызы үшке келген соң декреттен шығамын дегенде, үшінші қызына аяғы ауыр болған. Саяжанның анасы Гүлмира қызының жұмыс жасап, күліп-ойнап, қайғысыз жүргенін айтып, кенет бір күні осындай сынаққа тап болғанын айтты. Жол апатына себепші адамға Саяжанның жолдасы кешірім берген. 

"Қас-қағым сәтте болған оқиға. Өзімізді сабырға да шақырдық. Жол апатына себепкер адам кешірім алғаннан кейін ол кісінің бет-жүзін ұмыттық. Кешірім алғанға дейін ол кісі дәрісін әкеп беріп, барынша көмектесті. Кешірім алғаннан кейін ол кісіні көрмедік. Қалқамандағы ауруханада жатқан кезінде жолдасы кешірімін берді. Саяжанның жолдасы намаз оқитын, Аллаға сенгіш, иманы күшті ер азамат. Әлі күнге дейін отбасын бәрінен биік қояды. Басында "неге ол кісі заң алдында жауап бермейді?" деп айтқан едім. "Алла да кешіреді, оның қасында біз пендеміз ғой, неге кешірмейміз?" деп жолдасы кешірім берді", – деді Гүлмира Құсниярова.

Саяжанның анасы Гүлмира қызы жол апатына түсіп, комаға түскелі жанынан табылған. Ол алғашында қызының апатқа түскенін естіп, қайғыға батып кеткендей сезінген. Саяжан ауыр бас сүйек – ми жарақатын алып, бұғанасы сынған. 

"Ішінде баласы болды. Қан кетіп-кетпегенін білу үшін ішін кесті. Соның бәрін білген кезде өзімді басында тастап жібергендей болдым. Менің басымда ғана қайғы бардай көрінді. Бір күні "өзіме-өзім көмектесе алмай, өзімді-өзім тастап жіберсем, қызыма кім көмектеседі?" деген ой келді. Оны да ойыма салған бір Алла шығар. "Қызыма көмегімді беруім керек, Алла шипа берсе неге күреспеске?" деп әр жерге жүгірдім. Қызымның жағдайын айтып, Астанаға да хабарластым. Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасына барып, қызым Есіктің бұрылысында жол апатына түскенімен қалада тұрады, әрі аяғы ауыр, қалаға ауыстырсақ дедік. Басқарма қалаға ауыстыруды қарастыра бастады. Саяжан 15 қазанда жол апатына түссе, 1 желтоқсанда ғана қалаға алып келдік. №1 қалалық клинкиалық ауруханаға жатқыздық. Қызымды есін жиған жоқ, комада жатыр деп айтты. "Жағдайы ауыр, қалаға жеткізе алмайсыздар" деп басында қызымды бермеді. 1 желтоқсан күні Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы арқылы ауруханаға алып келдік. Содан бастап жан сақтау бөліміне түсті, басында оңалту бөліміне түседі деп ойлағанмыз. Дәрігерлер қызымның жақсаруына атсалысып, Астанадағы мамандармен консилиум жасап, сөйлесіп отырды. Қазақстанда ана мен баланы жақсы қорғайтынына көзім жетті. Оған ризамын", – деді Саяжанның анасы.

Cаяжанның анасы Гүлмира Құсниярова. Фото: Тимур Батыршин "Қызым есін жияды деп сендім"

Дәрігерлер тапсырыспен қымбат антибиотик жасатып, Саяжанға барынша көмектескен. Қалалық перинаталдық орталық мамандары да консультацияға келіп, баланың жағдайын тексеріп, жақсы өсіп жатқанына көз жеткізген. 

"Ол кісілер барлығы дұрыс, бала жетіліп жатыр, бірақ қызыңыздың жағдайы ауыр деді. Бірақ ана болған соң қызыма сендім. Қызымның көзіне қарап есін жияды деп ойладым. Қалқамандағы аурухана дәрігерлерінің көмегімен жан сақтау бөлімінен оңалту бөліміне ауыстық. Дәрігерлер Кореямен тәжірибе алмасып, қандай оңалту шараларын жасауға болатыны жайлы консультация алды. Бірақ қызым физикалық жаттығулардың көбісін жасай алмады, өйткені жүктілік кезіндегі қатер болып, іші ауырды. Перзентхана меңгерушісі баланы күнделікті УЗИ-ға түсіріп, жағдайын қадағалап жүрді. Жан сақтау бөлімінен кейін наурызда үйге шығарды. Үйде бір айдай болып, сәуірде қайта бардық. "Перинаталды орталыққа барасыздар ма, әлде бізге келесіздер ме?" деп сұрады. Қызымның жағдайын, қалай есін жиғанын №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жақсы білетін болған соң қайта бардық. Ол жерде қаншама профессор, дәрігер, медбике, санитар қызметкері, барлығы көмегін беріп жатты. Барлығына алғысым шексіз. 39-аптада кесарь тілігін жасап босанды. Қызымның жанында өзім болдым. Баланы қолыма алып қуанайын десем қорқыныш сезімі болды. Аллаға жалбарынып, дәрігерлердің "бәрі жақсы болады" деген сөзіне иланып, ауруханадан жақсы шығарып салды", – деді Гүлмира.

Саяжан арбада отыр. Фото: Тимур Батыршин

Саяжан бала босанған соң ауруханада бір апта жатып, содан соң үйіне келген. Үйінде жолдасы және оынң қарындасы кішкенатй балаға қарауға көмектескен. Саяжан алғашында тек жатып, одан кейін ақырындап отырып, кейіннен аяғын басып, жүре бастаған. 

"Қызымның сауығып жатқанына өте қуаныштымын. Дәрігерлерге мың алғысымды айтамын. Қызым әрекет жасай берсе аяққа тұрып, шапқылап, үш балапанының өсіп-өнгенін көріп, қасында жүрсе өзімді бақытты анамын деп есептеймін. Қызым комаға түскенде қасында болдым. Ал немерелеріме жолдасы, жолдасының қарындасы, ата-енесі қарады. Қыздар еш қиындық көрген жоқ. Достары да қолдап, көмегін беріп тұрады. Осындай жағдай әркімнің басында болып жатыр. Қазақстанда оңалтуға көбірек көңіл бөлсе деген тілегім бар. Биік үйлерде кейде лифт істемей қалады. Бірақ бәрі адамға байланысты: "әрекетке – берекет" дейді. Ең бірінші адам өзі әрекет жасай беруі керек. Сонда берекетін беріп, ұмтылыс болса аяққа тұрады деген ойдамын. Әрқашан да Алладан күдер үзбей, дәрігерлердің кеңесін тыңдап, аяқақ тұрамын, жүремін десе бәрі жақсы болады. Тек алға ұмтылу керек. Басқа салғаннан кейін әрекет жасап, аяққа тұруды ойлаймыз. Осы жағдайдан кейін денсаулықтың қадірін түсіндік. Бұрын күйбең тірлікпен жүрсек, қазір адамның бас байлығы – денсаулық, аманшылық, одан артық ештеңе жоқ деп ойлаймын", – деп сөзін түйіндеді Саяжанның анасы.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:214
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 26 Июня 2026 15:44
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Какие фейки сопровождают трагедию в Мангистау. Центр по борьбе с дезинформацией напомнил об ответственности

27 Сентября 2026 15:45see184

До 17 суток за TikTok эфир: в Шымкенте четверых блогеров отправили под арест за мат

26 Сентября 2026 23:19see157

OpenAI прекратил обучение своих самых эффективных моделей из за проблем с безопасностью

27 Сентября 2026 13:18see157

Девятое золото Казахстана: Ясмина Токсанбаева победила на Азиатских игр в Японии

27 Сентября 2026 11:10see156

Тасмагамбетов завоевал бронзу Азиады в прыжках на батуте

27 Сентября 2026 11:42see151

Один за всех и все за одного. Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпаге завоевала золото Азиады

27 Сентября 2026 16:05see151

Сборная Казахстана стала двукратным серебряным призером женской шахматной Олимпиады

27 Сентября 2026 18:34see150

Казахстан завоевал восемь наград на чемпионате WorldSkills в Шанхае

27 Сентября 2026 20:35see147

Президент FIDE Тимур Турлов: Следующая цель шахматы на Олимпийских играх

27 Сентября 2026 23:29see144

Гибель 14 военнослужащих следствие преступного непрофессионализм офицеров, уверен Токаев Аналитический интернет журнал Власть

27 Сентября 2026 18:55see139

Преступный непрофессионализм офицеров, в том числе генералов Токаев о гибели 14 военнослужащих

27 Сентября 2026 19:05see138

Об отсутствии спасательных жилетов у погибших на Каспии военнослужащих заявил президент

27 Сентября 2026 19:14see135

Показуха стала общим местом

27 Сентября 2026 21:22see135

После трагедии на Каспии ВАП начала проверять расходы Минобороны

27 Сентября 2026 13:06see131

Нурбек Оралбай проиграл чемпиону мира и остался без медали Азиады 2026

28 Сентября 2026 15:41see127

Землетрясение произошло в восьми километрах от Алматы

28 Сентября 2026 10:10see127

Новый сезон Шайдорова. Олимпийский чемпион завоевал бронзу на турнире в Словакии

27 Сентября 2026 12:02see127

Подросток разбил остановку в Астане, его наказали

27 Сентября 2026 00:51see126

Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды

28 Сентября 2026 15:29see126

Силу землетрясения в Алматы оценили в МЧС

28 Сентября 2026 14:37see118
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня