10 күнде 1 млрд теңге: Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкету әрекеттерінің ауқымы анықталды
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ведомство мәліметінше, ҰҚК Шекара қызметі 1-10 тамыз аралығында өткізу бекеттерінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 551 дерегінің жолын кесті.
"Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын елден әкетудің 411 әрекетіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды тасымалдау тәртібін бұзудың 140 дерегі анықталды. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды", – деп хабарлады ведомство.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Шекарада жанармайды заңсыз әкету немесе тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу әрекеттерімен қатар декларацияланбаған валютаны алып өту деректері де анықталады.
Мәселен, Жамбыл облысындағы "Қордай" автомобиль өткізу бекетінде шетелдік азаматтың киімінің астына жасырған 70 мың доллары табылды. Бұл – 32 млн 550 мың теңгеге балама қаражат.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Құны 1 млрд теңге болатын бағалы металдарды заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді Шекара қызметі
26 Наурыз 2026 11:06
Атырау әуежайында шетел валютасын заңсыз әкету деректері анықталды
06 Қараша 2025 22:26
10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
11 Тамыз 2026 14:28
Қызылордада 5 күнде 232 заңсыз такси анықталды
03 Наурыз 2026 19:49
Жанармайды шетелге заңсыз тасығандар ұсталды
01 Мамыр 2026 18:59
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 10:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















