Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

11 сынып оқушысы ауызсу тапшылығын шешті

11 сынып оқушысы ауызсу тапшылығын шешті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венада өткен Cleantech Days 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. Ол атмосферадан су жинауға арналған құрылғыларды әзірлейтін стартапты ойлап тапты. Жоба құрғақ климат жағдайында да ауызсу тапшылығын шешуге бағытталған. Электр қуатынсыз жұмыс істейтін бұл қондырғы ауадағы ылғалды өзіне сіңіріп, оны суға айналдырады. Осы жобаны қолға алуына және қалай дайындағаны жайында 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Aikyn.kz сайтына айтып берді.

– Дана, марапатыңыз құтты болсын! HydroTech стартапы GCIP Global (Cleantech Innovation Programme) бағдарламасының жаһандық финалында үздік үштігіне кіріп, Венада өткен Cleantech Days 2026 халықаралық алаңында арнайы наградасымен марапатталдыңыз. Оның елімізге берері не?

– Бұл жетістік – Қазақстан табиғи ресурстарымен ғана емес, технологиялық шешімдер мен инновациялар жасайтын ел екенін дәлелдейді. Және еліміздің инновациялық экожүйесі жеңімпаз стартаптарды тәрбиелей алатынын көрсетті. Біріншіден, осындай бағдарламалар Қазақстанда жасыл технологиялар мен инновациялық стартаптарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Екіншіден, мұндай халықаралық бағдарламалар жас ғалымдар мен инженерлерге өз жобаларын дамытуға жол ашып, тәжірибе алмасып, әлемдік деңгейде өздерін көрсетуге көмектеседі.

– Неге ауызсу мәселесін көтердіңіз? Жобаңыз жайлы айтып берсеңіз?

– Еліміз қандай кең-байтақ болса, жеріміз де сондай кең. Оның арасында шұрайлы жер ғана емес, шөл дала да бар. Сол бір құрғақ аймақтарды көргенімде су тапшылығы барын байқадым. Шалғай жерлерде, яғни өзен-көлдерде әрдайым су тұрақты бола бермейді. Міне, сол кезде халыққа тұрақты су көзі қажет деп ойладым. Содан ауадан су жинау технологиясын дамыту идеясы туды.

HydroTech – атмосферадан су жинауға арналған құрылғыларды әзірлейтін стартап. Біздің технология ауадан ылғалды жинап, оны таза ауызсуға айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе орталықтандырылған су жүйесі жоқ немесе су тапшылығы қатты сезілетін аймақтар үшін өте маңызды. Құрылғы арнайы материалдардың көмегімен ауадан ылғалды тартып, оны суға айналдырады, нәтижесінде адамдар табиғи су көзіне тәуелді болмай-ақ ауадан су ала алады.

Тағы бір артықшылығы – климат өзгерсе де құрылғымыз жұмыс істей береді. Ешқандай электр күшіне байланбайды, яғни жұмыс істеу үшін электр энергиясы  қажет емес. Өйткені су өндіретін технологияның көбісі  токсыз қосылмайды. Ал біздің құрылғы табиғи процестерге негізделген. Соның арқасында электр энергиясы үнемделіп, энергияға деген тәуелділік азаяды. Мұндай шешім инфрақұрылымы әлсіз немесе тұрақты электр энергиясы  берілмейтін аймаққа қажет дүние.

– Бұл жобаны қанша уақыт дайындадыңыз? Сіз үшін ең қиыны не болды?

– Жобаны екі жылдан астам уақыт дайындадым. Зерттеу барысында ең қиыны – құрылғыда қолданылатын наноматериалдардың дұрыс синтез әдісін табу. Біз бір емес, бірнеше түрлі әдістерді сынадық. Одан нәтиже көрмеген соң эксперименттік тәсілдерді бірнеше рет өзгерттік. Сөйтіп, біраз тәжірибеден кейін қазіргі уақытта қолданып отырған тиімді синтез әдісіне келдік. Ендігі мақсат – бұл жобаны пилоттық түрде шалғай аймақтарда іске қосу. Соның арқасында құрылғының нақты жағдайларда қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік  туады. Егер пилоттық кезең сәтті өтсе, технологияны кеңінен енгізе аламыз. Өйткені электр энергиясына немесе күрделі инфрақұрылымға тәуелді болмай, ауадан автономды түрде таза ауызсу алу – үлкен жетістік. Еліміздегі су тапшылығы бар аймақтар, әсіресе ауылдар сумен қамтылар еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 18:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары