Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

135 жылдық тарихы бар турнир

135 жылдық тарихы бар турнир

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Былтыр дәл осы турнирде Анна Данилина мен сербиялық Алек­сандра Крунич жұбы бас жүлдеге таласып, шешуші сында италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберген еді. Биыл да олар сол межеге жетті. Бастапқы бәсекелерде барлық қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалда Сюко Аояма (Жапония)/Лян Эньшуоны (Тайпей) еркін еңсерген олар шешуші сында Катерина Синякова (Чехия)/Тейлор Таунсендтен (АҚШ) ұтылды. 1 сағат 33 минутқа созылған сайыс 2:6, 5:7 есебімен аяқталды. Қатарынан екінші жыл «Ролан Гарростың» финалында өнер көрсеткен Анна мен Александраға жанкүйерлер дән риза.

Жекелеген сайыста жерлесте­ріміз тым сүреңсіз өнер көрсетті. Дүниежүзілік рейтингіде үздік ондықты түйіндеген Александр Бублик тұсаукесер кездесуінде АТР тізімінде өзінен 70 саты төмен тұрған германиялық теннисші Ян-Леннард Штруфтың алдында дәрменсіздік танытты. Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші кезеңде бұрындары еш көзге түспеген Украинаның ортаңқол ойыншысы Юлия Стародубцевадан ойда жоқта ұтылды. Сол секілді Александр Шевченко мен Юлия Путинцева да ұзаққа шаппады.

Жалпы, биылғы турнир тосын нәтижелерге толы болды. Мәселен, алғашқы айналымда Даниил Медведев (АТР №8) Адам Уолтоннан (97), Джессика Пегула (WTA №5) Кимберли Биррелден (86), Линда Носкова (WTA №12) Мария Саккариден (49) жеңілді. Екінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Хуан-Мануэль Черундолоға (26) есе жіберсе, осы спорт түрі тарихын­дағы ең атақты ойыншы, серб Новак Джокович (АТР №4) бразилиялық Жуан Фонсекаға (30) жол берді. Іле-шала Фонсека әйгілі Каспер Руудты (14) қапы қалдырды. Сонымен қатар Бен Шелтон (АТР №5) Рафаэль Коллиньоннан (62), Ига Швентек (WTA №3) Марта Костюктен (15), Коко Гауфф (WTA №4) Анастасия Потаповадан (27) ұтылды. Бүгінде төрткүл дүние­нің теңдессіз теннисшісі деп танылып отырған Арина Соболенко (WTA №1) ширек финалда Диана Шнайдерге  (№23) есе жіберді.

Сенсациялар одан кейін де жалғасты. Әйелдердің жартылай финалында әлемдік рейтингіде 114-орында тұрған польшалық Майя Хвалинска ресейлік Диана Шнайдерді ұтты – 7:6, 6:4. Ресейдің тағы бір өкілі Мирра Андреева украиналық Марта Костюкті қапы қалдырды – 6:1, 6:3. Финалда Андреева Хвалинскадан айласын асырды – 6:3, 6:2. Сөйтіп, 19 жастағы Мирра «Үлкен дулығы» турнирінде тұңғыш рет топ жарды. 

Ерлер арасында жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы, германиялық Алек­сандр Зверевтің чехиялық Якуб Меншиктен (№27) мерейі үстем болды – 7:5, 6:2, 3:6, 6:3. Италияның қос теннисшісі – Флавио Коболли (АТР №14) мен Маттео Арнольди (№104) арасындағы айқаста екінші финалист анықталуға тиіс еді. Алайда аяқасты сырқаттанып қалған Арнольди кортқа шықпады.

Бас жүлде бәсекесі Зверев пен Коболли арасында өтті. Бұған дейін екеуі де «Үлкен дулығада» дараланбаған. Әр жылдары АҚШ, Аустралияның ашық біріншілігі, «Ролан Гарростың» финалында ойнаған Александр үш ретте де жеңілістің кермек дәмін татты. Флавионың ең зор табысы – былтыр «Уимбл­донның» ширек финалына шығуы. Парижде қос саңлақ ұзақ тіресті. 4 сағат 20 минутқа созылған тартыс 6:1, 4:6, 6:4, 6:7, 6:1 есебімен неміс теннисшісінің пайдасына шешілді. Сөйтіп, А.Зверев турнир жеңімпазы атанды.

Жүлде қоры 61 723 000 еуроны құраған жарыстың жекелей сайыстағы жеңімпаздары 2,8 млн олжаласа, финалда ұтылғандар сол соманың тең жартысын иеленді. Жартылай финалға жолдама алғандар 750 мың, ширек финалға шыққандар 470 мың еуро еншіледі. Өзге теннисшілер мынадай мөлшерде сыйақы алды: төртінші кезең – 285 мың еуро (158 283 300 теңге), үшінші кезең – 187 мың (103 856 060 теңге), екінші кезең – 130 мың (72 199 400 теңге), бірінші кезең 87 мың (48 318 060 теңге).

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары