Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

17 млрд доллар алтын теңгелері бар галеон суға батып кеткен

17 млрд доллар алтын теңгелері бар галеон суға батып кеткен

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Zmescience.com зерттеу материалының негізінде Aikyn.kz 318 жыл бұрын суға батқан кеменің қазынасы туралы жаңа деректер ұсынады.

Испандық галеон бүгінгі бағамен 17 млрд доллар тұратын қазынасымен су түбіне кетті. Зерттеушілер су астындағы қазынаны 1708 жылы суға батқан аңызға айналған испандық галеонымен байланыстыруда. Алтын теңгелер 300 жылдан астам уақыт бойы жарқырай алмай, 600 метр тереңдікте жатты. Колумбия үкіметі адамдар басқаратын робот аппараттың көмегімен қираған кемені зерттеуде. Бұның өзі шытырман оқиғаға толы романға ұқсайды: XVIII ғасырдағы испан галеоны, соғыс, жойқын жарылыс пен теңіз жұтқан орасан қазына. Бұл – «Сан-Хосе» кемесі туралы.

Алтын, күміс және қымбат тастарға толы, бүгінгі бағамен 17 млрд доллар тұратын «Сан-Хосенің» қирауы біраздан бері қазына іздеушілердің, тарихшылар мен түрлі үкімет өкілдерінің назарын аударып келеді. Алайда бұл жаңалық – тек жоғалған байлық туралы емес. Осы зерттеу арқылы Испания империясының теңіз сауда желісі мен қазіргі әлемнің қалыптасуына ықпал еткен саяси, әскери және экономикалық тарихтың жаңа беттері ашылмақшы.

2025 жылдың қараша айында колумбиялық ғалымдар Кариб теңізінің түбінен «кемелер апатының Қасиетті Граалі» аталып кеткен жерден бір зеңбірек, үш теңге және фарфор тостағанды көтеріп шықты. Бұл табылған олжалар, теңіз түбінде әлі де жатыр деп болжанатын миллиардтаған долларлық алтын-күміспен салыстырғанда, аса көп емес. Бірақ бұл үлкен қазынаның бастауы сияқты.

1708 жылы испандық галеон бүгінгі бағамен 17 млрд доллар тұратын қазынасымен су түбіне кеткен. Фото hrmm.org сайтынан алынды

«Сан-Хосе» жай ғана кеме болған жоқ. 1708 жылы ол Перу вице-корольдігін Еуропамен жалғаған, испан тәжінің монополиялық тасымал жүйесі – «Тьерра Фирме» флотының флагманы болды. «Сан-Хосе» Испанияның соғысын қаржыландыру үшін қазына тиеп, Еуропаға бет алған кезде, Колумбия жағалауында британдықтар тарапынан суға батырылды. Ол Оңтүстік Американың түкпір-түкпірінен жиналған тауарлар мен патшалық қазынаны Панамадағы Портобело порты арқылы Кариб теңізіне жеткізеді. Содан кейін 18 кемеден тұратын керуеннің құрамында Картахенаға, одан әрі Испанияға жол тартуы тиіс болатын.

Бірақ олар өз еліне жете алмады. Испанияның империясын күшейту соғысы жүріп жатқан шақта, 8 маусым күні, флотқа бес британдық соғыс кемесі шабуыл жасайды. «Сан-Хосе» қарсы оқ атады, алайда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс галеонды қақ бөледі. Кеме 600-ге жуық теңізшісімен және трюмдегі шамамен 200 тонна алтын, күміс қазынасымен су түбіне кетеді.

«Сан-Хосенің» трюмдарынан фарфор бұйымдар мен ондаған алтын теңгелер табылған. Фото zmescience.com сайтынан алынды

300 жылдан астам уақыт бойы бұл кеменің тағдыры жұмбақ болып келді. 2015 жылы Колумбия үкіметі Картахена жағалауында қираған кеменің табылғанын жариялады. Одан кейін Колумбия Әскери-теңіз күштері мен мәдени мұра институттарының ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізді. Saab Seaeye Lynx деп аталатын қашықтан басқарылатын аппаратты қолдана отырып, команда 2021 және 2022 жылдары төрт рет терең су астына зерттеу жүргізді. Олар зеңбіректердің, фарфор бұйымдарының, жеке заттардың және ондаған алтын теңгенің суреттерін түсіреді. Алтын тиындар апат аймағының үш жерінен табылған.

Дәл осы теңгелер «Сан-Хосенің» тұлғасын анықтауда шешуші рөл атқарды. Зерттеушілер теңіз түбіндегі жоғары дәлдіктегі түсірілім мен фотограмметрия әдісін пайдаланып, Испанияда макукинас деп аталатын, қолмен соғылған теңгелер – кобтардың үш өлшемді үлгілерін жасады. Олар Испания отарларында 200 жылдан астам уақыт бойы айналымда болған заңды валюта болған.

Тиынның алдыңғы бетінде Иерусалим кресі, оның айналасында Кастилия мен Леонның гербтік белгілерін білдіретін қамалдар мен арыстандар бейнеленген. Артқы бетінде толқынды теңіздің үстінде биіктеп тұрған, тәж киген Геркулес тіректері (бағаналары) және олардың шыққан жерін көрсететін әріптер жазылады.

Ең маңызды айғақтардың қатарында – Лима қаласын білдіретін «L» әрпі, номиналы сегіз эскудо екенін көрсететін «8» саны және 1707 жылы Лима Монета сарайының бас сарапшысы болған Франсиско де Хуртадоны білдіретін «H» әрпі бар. «Бір монетада «8» санының жанында осы сарапшының белгісі болған кішкентай шар бейнеленген», – деп жазады зерттеушілер.

Осы таңбалардың жиынтығы, сондай-ақ соғылған жылы (1707 жыл) кеменің «суға батқан уақытының анықтауға» көмектесті деп есептейді зерттеудің жетекшісі Колумбия Әскери-теңіз күштері мен Антропология және тарих институтының теңіз археологы Даниэла Варгас Ариса. Бұл кеменің осы жылдан кейін суға кеткенін білдіреді.

«Сан-Хосенің» тарихтан белгілі тағдыры мен «Тьерра Фирме» флотының тарихи жүк манифестері қираған кеменің шынында да аңызға айналған галеон екеніне нақты дәлел болады.

Кеменің атауы мен меншік иесінің анықталуы бір тарихи тарауды жапқанымен, келесісін ашады. Бұл жерде құқықтық және дипломатиялық тартыстар жеткілікті. Испания халықаралық теңіз құқығына сәйкес, кеме қалдықтары испан соғыс кемесі ретінде әлі де өзінің меншігі деп санайды. Ал Sea Search Armada атты америкалық құтқару компаниясы кемені алғаш 1980-жылдары тапқанын алға тартып, қазынаның бір бөлігіне үміткер. Ал Колумбия өз аумақтық суындағы нысанға егемендік құқығын мәлімдеп, табылған артефактілерді сақтайтын музей салуды жоспарлап отыр. Бірақ әрі қарайғы зерттеулерді қаржыландыру үшін олжаның бір бөлігін сатуды да жоққа шығармайды.

«Бұл – ұзақ мерзімді жобаның алғашқы қадамы ғана», – деп жазады Варгас Ариса мен оның әріптестері.

Жуырда «Сан-Хоседен» алғашқы артефактілер су бетіне көтерілді. Бір зеңбірек, үш монета және нәзік фарфор тостаған. Үш монета – кеменің биылғы көктемде атауын, кімге тиесілі екенін растаған. Олар Лима монета сарайында соғылған макукина теңгелеріне ұқсас зертханалық жағдайда сақтаулы.

Операция аса құпия жағдайда жүргізілуде. Кеме жатқан жердің координаттары Колумбия Әскери-теңіз күштерінде құпия сақталады және ядролық кодтар сияқты қатаң қорғалады. Қалдықтарды көтерудің күрделі операциясында мұнай компаниялары мен океанографиялық институттар қолданатын қашықтан басқарылатын аппараттар қолданылды. Қазір артефактілер Картахенадағы арнайы консервация зертханасында тұр. Ғалымдар оларды баяу тұзсыздандырып, тұрақтандыру үстінде. Зерттеу нәтижелері Antiquity журналында жарияланды. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары