Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

17 қарашаға дейін азық түлік жинап алыңыз : неліктен бүкіл интернет кенеттен бұл күннен қорқа бастады

17 қарашаға дейін азық түлік жинап алыңыз : неліктен бүкіл интернет кенеттен бұл күннен қорқа бастады

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әлеуметтік желілерде бірқатар елдің үкіметтері бір мезгілде азаматтарды азық-түлік қорын дайындап, ауқымды апатқа дайындалуға шақырғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Бұл жарияланымдарға 17 қарашада банктер мен интернет жұмысында іркіліс тудырады делінген жаһандық кибершабуыл туралы болжамдар қосылды. Алайда бұл үрейлі хабарламалар астарында бір-бірімен байланысы жоқ әртүрлі оқиға жатыр.

Tengrinews.kz қауесеттер қайдан шыққанын және қазақстандықтардың алаңдауына негіз бар-жоғын анықтап көрді.

Апат туралы қауесеттер қайдан шықты?

Бірден 17 ел мен Еуроодақ халықты төтенше жағдайға дайындалуға шақырды деген хабарламалар қазанның аяғында әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарала бастады.

Factcheck.kz журналисі Даниил Быстровтың айтуынша, алғашқы жарияланымдар шамамен 27 қазанда пайда болған.

"Желі пайдаланушыларына шамамен бір уақытта шыққан, бірақ өзара байланысы жоқ үш жаңалық түрткі болған сияқты", - дей келе, Быстров сол жарияланымдарды тізбектеп берді.

22 қазанда Ұлыбритания үкіметі ауа райының қолайсыздығы сияқты төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын азаматтарға арналған жаңартылған ұсынымдарын шығарды.

27 қазанда Жапонияның төтенше жағдайлар министрі Табиғи апаттарды басқару жөніндегі ұлттық агенттіктің ашылуына байланысты, 2 қарашада азаматтарға табиғи апаттарға дайындалу туралы шұғыл үндеу жолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ 27 қазанда Францияның Нормандия аймағының X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты дағдарыс жағдайында қажет болуы мүмкін 72 сағаттық төтенше жағдайлар жиынтығы туралы тұрғындарға ескерту жасады. Бұл үндеу наразылық шерулеріне байланысты жасалған болуы мүмкін.

"Әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл ақпараттарды біріктіріп, белгілі бір байланыс бар екенін меңзеді. Оқиға ауқымын көрсету үшін тізімге кейінгі уақытта ешқандай хабарлама шығармаған, бірақ басқалар сияқты азаматтарға арналған дайын ұсынымдары бар елдерді де қоса бастады", - деп есептейді журналист.

Әлемдік фактчекерлер де осындай қорытындыға келді. Жарияланымдардың жаппай таралуына 2026 жылғы 27 қазандағы Х әлеуметтік желісіндегі Whale News Daily аккаунтының жазбасы түрткі болған. Онда азаматтарына азық-түлік, су және басқа да қажетті заттардың үш күннен бір аптаға дейінгі қорын жасау ұсынылған 17 ел мен Еуроодақ тізімі келтірілген.

Жарияланымда "Олар бізге беймәлім нені біледі?" деген сұрақ қойылған. Жазба 5,3 миллионға жуық қаралым, 13 мың лайк және 4,6 мың репост жинады. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастады.

Неге үкіметтер қор жинауға кеңес береді

Taiwan FactCheck Center фактчекерлері таратылған тізімді тексеріп, ұсынымдардың көпшілігі расында бар екенін анықтады. Алайда олар әр жылдары және әртүрлі себеппен қабылданған.

Мысалы, Ұлыбритания 2026 жылғы 22 қазанда Be Ready ақпараттық науқанын бастады. Тұрғындарға үйлерінде кем дегенде үш күнге жететін ұзақ сақталатын азық-түлік пен ауыз су қорының болуы ұсынылды. Ұлыбритания үкіметі мұндай дайындық инфрақұрылымның қалыпты жұмысы уақытша бұзылған жағдайда: электр қуатының өшуі, сумен жабдықтау, байланыс пен интернеттегі іркілістер, сондай-ақ экстремалды ауа райы жағдайларына қажет екенін түсіндірді.

Ұсынымдарда бір адамға күніне үш литр су есебімен қор жасау, сондай-ақ тоңазытқышты немесе пісіруді талап етпейтін өнімдерді жинау көзделген.

Еуроодақта мұндай тәсіл әлдеқайда ертерек пайда болды. 2025 жылғы 26 наурызда Еуропалық комиссия Дағдарыстарға дайындық стратегиясын (Preparedness Union Strategy) ұсынды. Құжатта халықтың төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және кем дегенде 72 сағат бойы негізгі қажеттіліктерді өз бетінше қамтамасыз ету қабілеті қарастырылған.

Ықтимал қауіптер қатарында табиғи апаттар, геосаяси шиеленіс, қарулы қақтығыстар, кибершабуыл және басқа да дағдарыстар аталған.

Жапония, Норвегия және Швецияда үйде қор дайындау бойынша ұсыным бұрыннан бар. Атап айтқанда, Норвегия 2018 жылы халықты төтенше жағдайларға дайындау науқанын бастаған, ал 2024 жылы өзін-өзі қамтамасыз етудің ұсынылған мерзімін үш күннен бір аптаға дейін ұзартты.

"Жарияланымдар апат болатынын меңзейді, бірақ бұл үкіметтің қарапайым жадынамалары. Кез келген сәтте 2025 жылдың көктемінде Испания мен Португалияда, сондай-ақ биыл жазда Қазақстанда болған сияқты, адамдар аяқастынан көптеген базалық сервиске қол жеткізе алмай қалатын блэкаут болуы мүмкін", - дейді Быстров.

Азаматтарды алдын ала ескерту идеясы жаңалық емес, деп атап өтті ол. Кейінгі жылдардағы жаһандық дүрбелеңдер аясында үкіметтер бірқатар факторға: тұрақсыз геосаяси жағдайға, табиғи апаттарға, климаттық дағдарысқа және т.б. сүйене отырып, ұсынымдарды жаңартып отырады.

Қазақстан тұрғындарына алаңдауға негіз бар ма?

Қажетті заттар қорын жасау жөніндегі халықаралық ұсыныстар Қазақстанда осындай төтенше жағдай болжанатынын білдірмейді.

"Кейбір елдердің үкіметтері өз азаматтары үшін жадынамалар жариялағаны қазақстандықтарды алаңдатпауы керек. Дегенмен азаматтарымыздың ТЖ-ға әрдайым дайын болғаны абзал деп есептейміз. COVID-19 пандемиясы мен түрлі табиғи катаклизм бізді ұзақ сақталатын өнімдер мен ауыз су қоры артық етпейтініне үйретті. Мамандар Алматы мен Алматы облысында жер сілкінісі болған сайын "дабыл чемоданын" дайындау туралы бекер айтып жүрген жоқ", - деп ескертеді журналист.

Үйде су, азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмек қорын дайындау - түрлі себеппен туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі жалпы қауіпсіздік шарасы. Бұл ретте мұндай ұсыныстардың болуы адамдардың тауарларды шұғыл сатып алуы немесе шектен тыс қор жинауы қажет екенін білдірмейді.

17 қарашада қандай "цифрлық апокалипсис" болады деп болжанып отыр?

Азық-түлік қоры туралы хабарламалармен қатар әлеуметтік желілерде тағы бір үрейлі болжам тарап жатыр. Х желісінің Wesley атты қолданушысы 2026 жылғы 17 қарашаға ауқымды кибершабуыл дайындалып жатқаны туралы ескерту жариялады.

Даркнеттегі белгісіз дереккөзге сілтеме жасап, жарияланым авторы бұл күні банктер мен интернет жұмысында іркіліс болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ ол қолданушыларды алдын ала азық-түлік, су және қолма-қол ақша дайындап, алтын мен күміс сатып алуға шақырады.

Алайда мұндай жоспар бар екені немесе жаһандық кибершабуылға дайындық жүріп жатқаны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Threads әлеуметтік желісінен алынған скриншот

17 қарашада шын мәнінде не болады?

Бір қызығы, бұл күнге хабарлау жүйелеріне байланысты шара расында жоспарланған. Бірақ оның интернетті өшіруге ешқандай қатысы жоқ.

2026 жылғы 17 қарашада АҚШ-тың Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі федералдық агенттігі (FEMA) Федералдық байланыс комиссиясымен (FCC) бірлесіп, Emergency Alert System шұғыл хабарлау жүйесіне жалпыұлттық тестілеу жүргізеді. Тестілік хабарламаны тарату үшін радио және телехабарлар қысқа уақытқа тоқтатылуы мүмкін.

Бұл тестілеу бүкіл әлемге емес, тек АҚШ-қа қатысты. Ол интернетті, банктік жүйелерді немесе мобильді байланысты өшіруді қарастырмайды.

Хакерлер бүкіл әлем бойынша банк шоттарындағы ақшаны жойып жібере ала ма?

Кибершабуылдар банк қосымшаларының, төлем жүйелерінің және басқа да қаржылық сервистердің жұмысын расында бұзуы мүмкін. Салдарынан клиенттер шоттарға қол жеткізу немесе операциялар жүргізу кезінде уақытша қиындықтарға тап болуы ықтимал.

Алайда бұл хакерлер бүкіл әлемдегі банк жүйелерін бір мезетте бұзып, қаржылық деректерді жойып, шоттар туралы ақпаратты қалпына келтіру мүмкін болмайтындай жағдайға жеткізе алады дегенді білдірмейді.

Сонымен қатар, Қазақстанда банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қолданылады. Атап айтқанда, қаржы ұйымдары деректерді резервтік сақтауды, ақпараттық жүйелерді қалпына келтіру мүмкіндігін және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. Жекелеген талаптарда деректерді өңдеудің резервтік орталықтары мен тәуелсіз байланыс арналарының болуы қарастырылған. Мысалы, ауқымды іркіліс болған жағдайда банктік жүйелерді резервтік орталыққа ауыстыру төрт сағаттан аспауы тиіс.

Айта кетейік, фактчекинг дайындалған сәтте қандай да бір мемлекеттік органдар тарапынан ықтимал жаһандық кибершабуыл туралы ресми ескерту де, "цифрлық апокалипсис" дайындалып жатқанына дәлел де табылмады.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар ақырзаман қашан болатынын есептеп шығарды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары