17 жыл халықаралық іздеуде болған: Алматыда адам өліміне қатысы бар күдікті сотталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Алматыда кісі өлтіруге қатысты резонан тудырған күдіктіге қатысты 17 жыл өткен соң сот үкімі шықты.
Сотталушы ұзақ жылдар бойы Қазақстаннан тыс жерде жалған анкеталық деректермен жасырынып жүрген.
"Қылмыс 2008 жылы 19 мамырға қараған түні жасалған. Сот анықтағандай, сотталушы мен оның сыбайласы қылмыстық орта өкілімен жанжалдасып, жәбірленушіні Фурманов көшесіндегі үйдің жанында аңдыған. Оған бірнеше рет дәлдеп оқ атқан. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан", - дейді Бас прокуратура.
Адам өлтіргеннен кейін сотталушыға халықаралық іздеу жарияланды. Оның сыбайласы 2008 жылдың жазында Қапшағайда демалыс аймағында қарулы оқиғадан кейін ұсталды.
Оқиға барысында полиция қызметкері қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жарақаталған. 2009 жылы сыбайласы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сотталушыны іздеу жұмыстары жалғасты.
"Ол қылмыстық ортада "Кинг-Конг" лақап атымен белгілі болған және қырғызстандық белгілі қылмыстық авторитет айналасына кірген. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да оны 2007 жылы Бішкек қаласында көлік жуу орнының иесін өлтіру ісіне байланысты іздестірген. Көп жыл бойы ол Еуропа елдерінде өзгертілген анкеталық деректерді пайдаланып жасырынған", - делінген хабарламада.
Сотталушы 2025 жылы тамызда Литва шекарасынан өту кезінде ұсталып, қараша айында Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Литвадан елге экстрадицияланды. Ол адамдар тобының алдынала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Тамыз 2026 13:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















