2 мың ауылда 6,6 мың жоба іске асты
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
2 мыңнан аса ауылда 6 мың 600-ге жуық жоба іске асқан. Елімізде өңірлерді дамытуға бағытталған – Өңірлік стандарттар жүйесі іске қосылды.
Бұл бастама қалалар мен ауылдардағы өмір сүру сапасын теңестіруді көздейді. Жүйе білім беру, денсаулық сақтау, көлік, инженерлік инфрақұрылым және мәдениет сияқты 12 негізгі саланы қамтиды. Бағдарлама аясында елді мекендерде жаңа мектептер, ауруханалар мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Биыл ауылдарды дамытуға 174 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Нұрболат Құрметұлы, Экономикалық зерттеулер институты Өңірлерді зерттеу және өмір сапасы орталығының директоры:
- «Ауыл аманаты» деген жоба іске асырыла бастады. Яғни бұл жоба ауылдағы шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беру және ауылдағы кооперативтерге, қожалықтағы кооперативтерге бірігіп техника мен жабдықтарды лизингке алу сияқты құралдар ұсынылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 21:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















