Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

2 қараша. Жылнама

2 қараша. Жылнама

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық журналистерге қарсы қылмыстардың жазасыз қалуына қарсы күрес күні

БҰҰ-ның халықаралық күндері жүйесінде аталып өтеді. 2013 жылдың 27 қарашасы күні БҰҰ-ның «Журналистердің қауіпсіздігі және жазасыз қалу проблемасы» тақырыбындағы қарары бірауыздан мақұлданды. Онда 2 қараша Журналистерге қарсы қылмыстардың жазасыз қалуына қарсы халықаралық күрес күні ретінде белгіленген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы алғашқы Республикалық дүнген құрылтайшылық конференциясы өтті. Онда Алматыда Дүнген мәдени орталығын құру туралы шешім қабылданды. Орталықтың алғашқы төрағалары болып Бакир Яхияевич Баяхунов пен Ильяс Набиевич Вансванов тағайындалды.

1999 жылы Семей университетіне ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіш орнатылды.

2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ашылды. Мұражайдың басты мақсаты - қуғын-сүргін құрбандары болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірбаянын, суреттерін жинастыру.

2005 жылы ҚР отын-энергетика кешенін қарқынды әрі тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесу мақсатында заңды тұлғалардың тәуелсіз ерікті, коммерциялық емес бірлестігі — «KAZENERGY» қауымдастығы құрылды.

2006 жылы Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік кеңесіне (ЭӘК) мүше болып сайланды. 54 мүше мемлекеттен тұратын ЭӘК БҰҰ-ның 14 мамандандырылған мекемесінің, 10 функционалдық және 5 өңірлік комиссиясының жұмысын үйлестіреді, БҰҰ жүйесінің ұйымдарына және мүше-мемлекеттерге ұсыныс береді. БҰҰ Жарғысына сәйкес ЭӘК халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге көмектесу үшін, адамдардың еңбекпен толық қамтылуына, экономикалық және әлеуметтік прогреске жауап береді.

2011 жылы «Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ-да қазақстандық 100-інші локомотив құрастырылды. 0100 жол нөмірі бар тепловоз Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

2012 жылы ҚР Президенті мен Монако князі II Альбердің келіссөздері нәтижесінде екі елдің мүдделеріне сай келетін бірлескен декларация қабылданды.

2015 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесінің жалауы Астанаға жетті. Қазақстанға айтулы шараның символын Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесіндегі Қазақстан павильонының бас комиссары Әнуарбек Мусин әкелді. ЭКСПО жалауы ЭКСПО-2015 өткен Милан қаласынан Қазақстанға салтанатты түрде табысталған болатын.

2015 жылы Лондонда Ұлыбритания және ҚР Білім және ғылым министрліктері басшылығының қатысуымен британдық және қазақстандық университеттердің (UK - KazakhstanUniversitiesForum) бірінші форумы өткізілді. Форум басшылары face-to-face форматында халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру саласында ынтымақтастық болашағын талқылаған 35 қазақстандық және 32 британдық ЖОО үшін тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналды.

2016 жылы тараздық шахматшы Мадина Дәулетбаева ресми түрде әйелдер гроссмейстері атанды.

2016 жылы Қарағандыда Жұлдыздар аллеясында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Сыздықовтың атымен аталған белгі пайда болды. Болат Сыздықовтың құрметіне қойылған атаулы белгі аллеядағы жетінші белгі болды. Б.Сыздықов әр жылдары «Гүлдер», «Арай», «А-Студио» тобының ансамбльінде ойнаған. 1992 жылы «Мюзикола» дуэтін құрды. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Б.Сыздықовқа «ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.

2018 жылы ҚР Ұлттық банкі күмістен жасалған номиналы 5000 және 500 теңгені құрайтын «Теңгеге 25 жыл» коллекциялық тиындарын айналымға шығарды.

2018 жылы Астанада латын графикасындағы жаңа басылымның - «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесер рәсімі өтті.

2019 жылы Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Қазақстанның туризм елшісі атанды. Жас дарын енді ресми түрде туристерді елімізге тартуға үлес қосатын болады. Данэлияны Туризм елшісі ретінде сайлау рәсімі Жастар жылына орай елордада ұйымдастырылған «ZhasStar» фестивалі кезінде өтті.

2020 жылы Берлинде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті. Шара аясында Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

2021 жылы Алматы қаласының Медеу ауданында, Шевченко көшесінің оңтүстігінде, Қонаев көшесінің шығысында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениетін, өнерін, ғылымы мен білімін дамытуға барынша күш салған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист-ғалым Нұртас Оңдасыновтың ескерткіші ашылды.

2021 жылы Сәтбаев қаласында «Ұлы Дала» тарихи парк-мұражайы ашылды, оның аумағында Сарыарқаның тарихи көрікті жерлерінің макеттері - Алашахан, Жошыхан, Домбауыл жауынгері, Орда ханы, Аяқкамыр, Болған ана кесенесі орнатылды. Сондай-ақ, саябақта Ұлытау тауларының миниатюралары, Теректі петроглифтері, белгілі төрт бидің барельефі - «Төрт босаға»ұсынылған.

2023 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Өзбекстан және Түрікменстанның басшылары Астанаға келді.

2024 жылы джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы, 17 жастағы Жібек Құлымбетова он бірінші әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, әлемді тағы да бағындырды. Грекияда ол Греция, Моңғолия, БАӘ, Франция және Израиль сияқты әртүрлі елдерден келген мықты қарсыластарына қарсы бес жекпе-жекте жеңіске жетті. Қазір оның еншісінде 11 әлем чемпионаты титулы бар: сегізі джиу-джитсудан және үшеуі грепплингтен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2025 07:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары