Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

10 ақпан. Жылнама

10 ақпан. Жылнама

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күні

2013 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы дәнді-бұршақты дақылдардың маңыздылығына назар аударту және оны дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін 2016 жылды бұршақ дақылдылар жылы деп жариялады. Оны сәтті өткізгеннен кейін Буркин-Фасо делегациясы Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күнін бекіту туралы ұсыныс айтты. Бұл бастама қолдау тауып, 2018 жылдың 20 желтоқсанында Бас ассамблея резолюция қабылдады. Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күнінің басты міндеті – дәнді-бұршақты дақылдардың қоректік құндылығымен таныстыру, сонымен қатар тұрақты даму мақсатына жету үшін дәнді-бұршақты дақылдардың маңыздылығын түсіндіру.

Пушкинді еске алу күні

Э. Дантеспен дуэльден кейін қаза болған ұлы орыс ақынын еске алу күні. Дантеспен дуэль Санкт-Петербордың іргесіндегі Қара өзенде өткен. Осы күні ақынның жеке суреттерінің, отбасылық альбомының, классикті бейнелеген суретшілердің картиналарының көрмелері өтеді. Мәскеудегі А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейі мен оның филиалдары келем деушілерді көрмеге шақырады. Санкт-Петерборда ақынды еске алу салтанаты ол тұрған үйдің ауласынан басталады. А.С. Пушкин Дантеспен болған дуэль кезінде алған жарақатынан 1837 жылы 10 ақпанда 37 жасында көз жұмды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1934 жылы шахтерлер орталығы – Қарағанды қала мәртебесін ресми түрде алды.

1993 жылы Ресейдің Қорған облысында тұратын қазақтардың құрылтайы өтті. Құрылтайдың арнайы шешімімен «Шаңырақ» атты Қорған қазақтарының мәдени орталығы құрылды.

1995 жылы Алматыда өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының Кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде ұжымдық қауіпсіздік, ТМД шекара және бітімгершілік күштерін құру туралы мәселе талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды.

2000 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді.

2000 жылы ҚР Үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қаулы қабылдады.

2002 жылы Қазақстанның атом өнеркәсібінің ғылыми, техникалық, технологиялық, білім беру проблемалары мен қоршаған орта проблемаларын шешу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорны – Жоғары технологиялар институты құрылды.

2006 жылы Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық қоғамдық қор құрылды. Қордың алдына қойған негізгі мақсаты – ақын туралы естеліктерді жарыққа шығарып, жас мұқағалитанушыларды жұртшылыққа таныту. Сондай-ақ ақын шығармаларын шет тілдеріне аудару.

2008 жылы Өскеменде Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында нанотехнологиялар мен электронды микроскопиялар жөніндегі жапон-қазақстан ғылыми-зерттеу оқу орталығы құрылды. Халықаралық орталықтың құрылуы Қазақстанда ең серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін инженерлік бағыттағы зертханалар желісін құрудың президенттік бағдарламасын дамытудағы маңызды қадам болып отыр. Кен-металлургия өнеркәсібі ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдар алудың жоғары технологиялар бағыты бойынша жұмыс істейтін «ІРГЕТАС» инженерлік зертханасында заманауи жабдықтарды құрастыру үшін өңірге жапондық «Interactive Corporation» компаниясының өкілдері келді.

2014 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін қашықтықтан онлайн оқыту» инновациялық жобасын іске қосты.

2015 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 1966 жылы ашылған «Шағырлы-Шөмішті» жаңа кен орны пайдалануға берілді. Кен орнындағы газдың жалпы қоры 32,4 млрд текше метрді құрайды.

2018 жылы өскемендік суретші Анастасия Саченок Жапонияның Осака қаласындағы Монета сарайы өткізетін халықаралық конкурста жеңіске жетті. Конкурс шарттары бойынша, қазылар алқасына тарих, техникалық өркендеу және экология тақырыптары бейнеленген монетаның электронды эскизі мен гравирленген үлгісі ұсынылуы тиіс болды. Анастасия Саченок және оның әріптестері Дидар мен Ерғали ұсынған монета үздік деп танылды.

2019 жылы Қазақстанның шаңғы жарыстары командасының көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өткен Альпі кубогында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 қашықтықта жеңіске қол жеткізді. Полторанин мәреге 36:3.0 уақытта жетті.

2024 жылы ҚР Ұлттық музейінде «National Geographic» журналының көрмесі ашылды. «National Geographic: жабайы табиғаттың ең керемет фотосуреттері» көрмесі National Geographic-тің үздік фотографтарының жұмыстары ұсынылған. Керемет суреттер NatGeo-ның 115 жылдық тарихын көрсетіп, көрермендерге фотосурет технологиясындағы өзгерістер жабайы табиғатты зерттеуде жаңа өлшемдерді қалай ашатынын көруге мүмкіндік береді.

2024 жылы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатты боран кезінде өз кәсібіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған медицина қызметкерлерін марапаттады. Алғыс хатпен Бауыржан Құдияров, Сая Рысбаева және Қайрат Төлеу Алғыс хаттармен марапатталды.

2025 жылы Алматының «Қайраты» мен Лондонның «Челсиі» 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаевтың трансфері бойынша келісімге келді. Ол 2026 жылдың жазында 18 жасқа толғаннан кейін ресми түрде ағылшын клубына қосылады. Оған дейін Сәтбаев «Қайрат» сапында ойнай береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 07:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары