2 жыл тойға бармай, ипотеканы жаптық : қаржы сарапшысы тиімді тәсілді айтты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қаржы сарапшысы Перизат Бауыржан «Ашық алаң» бағдарламасында той шығындарын уақытша қысқартудың отбасы бюджетіне тигізетін пайдасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, отбасы екі жыл бойы той-томалаққа барудан бас тартып, осы уақыт ішінде ипотекалық несиесін толық жапқан. Сонымен қатар екі баласына қосымша капитал жинап, депозитке қаражат салған.
«Отбасымызбен екі жыл бойы тойға бармадық. Соның нәтижесінде ипотекамызды жаптық, екі баламызға қосымша капитал жинадық. Қазір сол депозиттен ай сайын 250 мың теңге табыс түсіп отыр. Халықтың 52 пайызында несие бар. Егер отбасылар екі жыл бойы той шығындарын қысқартса, орта есеппен 15 млн теңге жинауға болады. Осындай қадамды 1000 отбасы жасаса, қарызы барлардың үлесі 52 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеуі мүмкін», – деді сарапшы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 15:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















