Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

60 жастан асқан жолаушылар пойызда жеңілдікпен жүреді

Бурабайда ер адам итті атамын деп әріптесін жарақаттап алды

Полиция Маңғыстау облысындағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

Петропавлда 18 жастағы жігітке іздеу жарияланды

Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталды

Жасыл аймақ басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

Зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілді

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

Инфляция 2026: бір айда азық түлік, техника және қызмет бағасы қалай өзгерді

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Биік үйлер ТЖМ қорытындысынсыз пайдалануға берілмейді

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Қаржы жүйесін цифрландыру халыққа қаншалықты тиімді?

Қаржы жүйесін цифрландыру халыққа қаншалықты тиімді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елімізде цифрландыру жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы осы жылды Цифр­ландыру мен жасанды интеллект жылы деп жариялады. «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жа­тыр­мыз. Қазіргі аяқ алысы­мыз жаман емес», деді Прези­дент. Осы шешім мемле­кет­тік басқарудан бас­тап, қаржы саласына дейінгі бар­лық жүйені қамтып отыр.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Ауқымды деректі өңдейтін жоба

Салық саласын цифрландыру – мемлекеттік басқарудың өзегі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «The Digital Transformation of Tax Administration» атты еңбегінде салық қызметтерін автоматтандыру мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, әкімші­лік кедер­гілерді азай­татыны дәлел­денген. Бұл тұжы­рым елімізде жүзеге асырылып жат­қан бастамалармен толық үндеседі.

Қаржы вице-министрі Ержан Бір­жановтың айтуынша, елімізде салық жүйесін жеңілдетіп, кәсіпкер мен мем­лекет арасындағы байланысты оңай­лататын бірқатар нақты жобалар іске асырылып жатыр. Ол Электрондық қаржы орталығында өткен іс-шарада осы жаңашыл жобаларды таныс­тырды. Соның бірі – «Smart Data Finance» жобасы. Бұл дегеніміз – салық саласында қолданылып жатқан ауқымды деректерге негізделген ақылды жүйе. Осы жүйе арқылы мемлекет салық төлеуші туралы барлық маңызды ақпаратты бір жерге жинайды. Ол үшін 74 түрлі дереккөз пайдаланылады. Соның ішінде адамның немесе компанияның жылжымайтын мүлкі, көлігі, жері, бизнестегі үлесі, бағалы қағаздары, лицензиялары, еңбек шарттары, нотариус арқылы жасалған мәмілелері, тіпті мобильді аударымдарына дейін қамтылады.

Бұдан бөлек, шетелдермен де дерек алмасады. Мысалы, ЭЫДҰ аясында 80 елмен, АҚШ-пен және ТМД-ның 5 елімен ақпараттық интеграция іске қосылған. Соның арқасында ел азаматтарының шетелдегі та­бы­сы мен мүлкі, кімнің қайда ұшқа­ны да көрініп тұрады. Осы деректер не­гізінде мемлекеттік қаржының цифр­лық картасы жасалған. Бұл картада жеке кәсіпкерлерден бастап, ірі ком­па­нияларға дейінгі барлық салық төлеу­шілер қамтылады. Яғни кім қай жерде жұмыс істеп жатыр, қандай көлемде қызмет көрсетіп отыр – бәрі бір жүйеден көрінеді.

Сонымен қатар кассалық тәртіпті бұзу қаупі жоғары кәсіпкерлерді автоматты түрде іріктейтін арнайы сервис іске қосылды. Алғашқы кезеңде бұл жүйе Астана қаласында енгізілді. Ол тәуекел өлшемдеріне сүйеніп, күмәнді жағдайларды өзі анықтайды.

«Мысалы, жүргізілген талдау нәтиже­сінде Астанада тіркелген 121 мың салық төлеушінің 55,9 мыңында түрлі тәуекел анықталған. Солардың ішінде 112 кәсіп­керде кассалық аппаратты дұрыс қолданбау бойынша өте жоғары қауіп белгіленген. Бір мысал, қаладағы танымал бір дәмхана жарты жыл ішінде бар болғаны 388 чек берген. Бұл жүйе арқылы бірден анықта­лып, кәсіпкерге ескертпе жасалды. Нәтижесінде, ол қателігін мойын­дап, қосымша декларация тапсырған. Тағы бір мысалда «Smart Data Finance» талдауы салықтан жалтару схемасына ұқ­сас жағдайларды анықтаған. Бірқатар жеке кәсіпкерлер есептілікті бір IP-мекенжайдан тапсырып, электрондық шот-фактураларды да сол жерден жазған. Оның үстіне олар тапсырыс беруші компанияның қызметкерлері болып шыққан. Кейбір кәсіпкерлердің көлігі жоқ бола тұра, жеткізуші ретінде көрсетілгені де анықталған. Ал 266 жеке кәсіпкердің 252-сі бар болғаны 28 жалдамалы қызметкерді ғана көрсеткен. Қазір бұл фактілер бойынша тексеру тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр», дейді Қаржы вице-министрі.

Сондай-ақ валюталық бақы­лау саласында да жаңа модуль іске қосылды. Ол Ұлттық банк­тің жүйесімен біріктіріліп, валю­талық келісімшарттар мен банк­тер арқылы жасалатын төлемдер туралы ақпаратты автоматты түрде алады. Ал халықаралық әуе рейстері бойынша арнайы модуль жолаушылар легін алдын ала талдап, адамдар мен олар алып жүретін тауарлардың қозғалыс заңдылықтарын анықтауға
көмектеседі.

Тіркелмей-ақ заңды түрде жұмыс істеуге болады

Цифрландыру саласындағы бас­ты жаңа­лықтың бірі – Мемле­кет­тік кірістер комитеті салықтық әкім­шілендірудің жаңа интеграцияланған жүйе­сін іске қосты. Бұл жүйе құжаттарды небәрі 1 минуттың ішінде өңдей алады және «Big Data» арқылы декларацияларды алдын ала толтырып береді. Яғни кәсіпкерлер бұрынғыдай қағазға көміліп отырмайды. Жүйе 13 млн адамға дейін қызмет көрсете алады. ҚҚС декларация­сын да жүйе өзі алдын ала дайындап береді, ал салық төлеуші тек деректі тексеріп, растаса болды.

Жаңа Салық кодексін енгізу кезінде де бірқатар өзгеріс болды. Арнайы салық режіміне өту үшін енді салық төлеушінің жеке кабинеті немесе «е-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы, тіпті банк арқылы да өтініш беруге болады. Бұл әсіресе, шағын бизнес пен жеке жұмыс істейтін адамдарға – үлкен жеңілдік.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркел­мей-ақ заңды түрде жұмыс істей алады. Олар табысынан жеке табыс салығын мүлде төлемейді, яғни – 0%. Тек 4% көле­мінде әлеуметтік төлем аударады. Бұл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі түсінікті. Осы өзгерістерге байланысты «е-Salyq Business» қосымшасы да жаңартылды. Қазір бұл қосымша ар­қылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам оңай тіркеліп, төлемдерін жасап, жұ­мысын толықтай заңды түрде жүргізе алады.

Тағы бір маңызды мүмкіндік бар. Қосымша арқылы сіз жұ­мыс істеп жүрген серіктес ком­панияның қандай салық ре­жімінде екенін, ҚҚС төлеуші ме, жоқ па, салық жүктемесінің деңгейі қандай екенін көре аласыз. Бұл келісімшарт жасауға әрі шығындарды дұрыс есептеу­ге көмектеседі.

Бұл бағытта Цифрлық ҚҚС-да іске қосылған. Қосылған құн салығын ашық, тез әрі әділ қай­таруға арналған жаңа жүйе. Бұл жоба Ұлттық банкпен бірге іске асырылып отыр. Жүйе­ге қатысатын кәсіпкерлер екін­ші деңгейдегі банк­терде арнайы цифрлық шот ашады да таңба­ланған ҚҚС-мен цифрлық теңге сатып алады. Мұнда айырбас бағамы өзгермейді, 1 теңге 1 цифр­лық теңгеге тең. Маңыз­дысы – бұл цифрлық ҚҚС-ны басқа мақ­сатқа жұмсауға бол­майды. Ол тек электрондық шот-фак­туралар арқылы жеткізу­шілермен есеп айырысуға немесе бюджетке ҚҚС тө­леуге ғана қолданылады. Қанат­қақ­ты жоба көрсеткендей, осы тәсіл­дің арқа­сында кәсіпкерлер ҚҚС-ны еш­қандай тексеріссіз 5 жұмыс күні ішінде қайтара алған. Бұл – бизнес үшін үлкен жеңілдік. 

Кеден саласы да кенде қалмады

Keden жүйесі – кеден саласын толық цифрландыруға арналған жаңа ақпа­раттық платформа. Ол 2024 жылғы сәуірден бастап бұрынғы «Астана – 1» және экспорт-импорт бойынша «Бірыңғай терезе» жүйелерінің орнын кезең-кезеңімен алмас­тырып жатыр. Негізгі мақсат – кедендік рәсімдерді автоматтандырып, бақылауды ашық әрі тиімді ету.

Енді өткізу пункттерінде жүктің тіркелуінен бастап өл­шенуі, сканерленуі, суреттерінің талдануы, бақылаудан өтуі және тауарды шығаруына дейін­­гі бар­лық үдеріс бір жүйе ар­қылы жүреді. Бұл үшін интег­рацияланған бақылау жүйе­сі енгізілген. Сонымен қатар шешім қабылдауда адами факторды азайту әрі жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жасанды интеллект қолданылады.

Жасанды интеллект инспек­циялық тексеру кешендерінің суреттерін талдайды. Қазірдің өзінде жүйе 14 тауар санатын өте жоғары дәлдікпен, ал 9 санатты орташа деңгейде танитынын көрсеткен. Бұдан бөлек, ол ел аумағы арқылы транзитпен өтетін тауарлардың кіріп-шығуын да автоматты түрде салыс­тырып, сәйкестігін анықтайды. Жүйе тауар сипаттамасы мен СЭҚ ТН коды бойынша ықтимал нұсқаларды ретімен ұсынып отырады.

Қазір бұл жүйе кеден бекетте­рінде кеңінен енгізіліп, басқа тауар топтары бойынша қосым­ша оқытылып жатыр. Keden жүйесінің тағы бір маңызды тұсы – өткізу пунктіне жетпей тұрып алдын ала ақпарат алу мүмкіндігі. Мемлекеттік кірістер органдары барлық деректі алдын ала көріп, қай тауарға қандай бақылау қажет екенін ертерек анықтай алады. Бұрын мұның бәрі қағаз жүзінде жасалатын.

Енді сыртқы экономикалық қызмет­ке қатысушылар өткізу пунктінде қан­дай қызметтен өткенін бір терезе қағи­даты бойынша онлайн көре алады. Со­нымен қатар ветеринарлық, фито­са­нитарлық, санитарлық сияқты ірге­лес қызметтердің мамандары да осы жүйеде жұмыс істейді. Бақылау да оңтай­ландырыл­ған, яғни тек нақты тауар­лар­ға ғана тексеріс тағайындалады, бұрынғы­дай барлық жүкке бір­дей талап қойылмайды.

Алдын ала ақпараттандыру модулінің арқасында теміржол транзиттік декларацияларын рәсімдеу уақыты 30 минут­тан 10 минутқа дейін қысқарған. Сон­дай-ақ әртүрлі бақылаушы органдармен өза­ра байланыс автоматтандырылған. Құ­жат­тарды қайта-қайта толтыру да жойылған, себебі әкелінетін тауарлар туралы алдын ала мәлімет автоматты түрде декларацияға айналады.

Осы сервистердің нәтижесінде 2025 жылы тауарды кеден органына жеткізбей айналып өтудің 862 дерегі анықталып, 500 млн теңгеден астам кедендік төлем өндірілген. Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Бұдан бөлек, ай сайын шамамен 60 мың сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жұмысы 21 көрсеткіш бойынша автоматты түрде талданып, олар төмен, орташа немесе жоғары тәуекел санатына бөлінеді. Бұл мәліметтер кейін бақылауды жоспарлауда қолданылады. 

Деректер қалай қорғалады?

Цифрландыру тереңдеп, «Big Data» мен түрлі ақпараттық жүйелер енгізілген кезде адамдардың жеке мәліметтері қалай қорғалады деген сұрақ орынды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, деректерді пайдалану қатаң шектеулі тәртіппен жүзеге асырылады. Оның сөзінше, деректерді сақтау бірнеше деңгейде жүзеге асады. Бір жүйе тек жинау мен өңдеуге жауапты болса, екін­шісі толық бақылау мен аудитті қамтамасыз етеді.

«Біріншіден, біздегі барлық дерек бірыңғай жүйеге бірік­тірілгенімен, оған қол жеткізе алатын адамдар саны шектеулі. Бұл деректерді кез келген адам көре алмайды. Барлығы білікті, нақты міндеті бар қызметкерлер ғана жұмыс істейді. Деректердің физи­калық қауіпсіздігін ішкі істер органдары қамтамасыз етеді. Ал цифрлық инфрақұрылым бөлек орналасқан, ол бізден тәуел­сіз қорғалады. Бізде орталық деректерді бақылау жүйесі бар. Ол кез келген жобадағы барлық әрекетті қадағалайды. Қай қыз­меткер қай уақытта, қандай дерекке кірді, не жүктеді, не көрді бәрі жүйеде тіркеліп тұрады. Егер біреу жеке мақсатпен немесе заң­сыз қызығушылықпен дерекке қараса, біз оны бірден көреміз әрі сол сәтте сұраққа тартамыз», дейді вице-министр.

2024 жылы «Salyq кэшбэк» деген жоба да іске қосылған еді. Онда дүкеннен немесе қызмет көрсетушіден чек алған әр азамат ақшасының бір бөлігін қайтара алады. Нақты айтқанда, фискалдық чек бойынша сатып алған соманың 2% кө­лемінде кэшбэк беріледі. Қатысу өте оңай. Тауар не қызмет үшін төлеген кезде міндетті түрде чек алу керек. Сол чектегі штрих-кодты «Amian» деген арнайы мобильді қосымша арқылы сканерлейсіз. Осыдан кейін жұмсаған ақшаңыздың 2%-ы сізге кэшбэк ретінде түседі. Түскен қаржыны кез келген банк картасына шығарып алуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады. Ал былтыр осы жоба кеңейіп, 12 облыстың 48 ауданын қамтыды. Қаржы министрлігінің сөзінше, іске асқан өңірлерде чек алу мәдениеті де айтарлықтай артқан. Мы­салы, 2025 жылы берілген чектер саны 2024 жылмен салыстырғанда 126%-ға көбейген.

«Amian» қосымшасы тек кэшбэк алу үшін ғана емес, басқа да пайдалы мүмкіндіктер береді. Қолданушылар чектің түпнұсқа екенін тексере алады, бар­лық чекті телефонда цифрлық түрде сақтайды. Сонымен қатар комитет ұйымдастыратын түрлі ұтыс ойындары мен акцияларға қатысуға мүмкіндік бар. Егер чек берілмесе немесе дүкенде POS-терминал болмаса, сол жерден Мем­лекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:21
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

60 жастан асқан жолаушылар пойызда жеңілдікпен жүреді

02 Ақпан 2026 11:17see152

Бурабайда ер адам итті атамын деп әріптесін жарақаттап алды

02 Ақпан 2026 13:06see117

Полиция Маңғыстау облысындағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы ақпаратты жоққа шығарды

02 Ақпан 2026 15:52see116

Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

02 Ақпан 2026 12:30see116

Петропавлда 18 жастағы жігітке іздеу жарияланды

02 Ақпан 2026 11:39see115

Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

02 Ақпан 2026 14:25see114

Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталды

02 Ақпан 2026 11:46see112

Жасыл аймақ басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

02 Ақпан 2026 14:13see111

Зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілді

02 Ақпан 2026 11:40see110

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

02 Ақпан 2026 17:23see107

Инфляция 2026: бір айда азық түлік, техника және қызмет бағасы қалай өзгерді

02 Ақпан 2026 17:53see107

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see106

Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады

02 Ақпан 2026 15:37see105

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

03 Ақпан 2026 16:35see105

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

03 Ақпан 2026 13:40see105

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

03 Ақпан 2026 12:42see104

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

03 Ақпан 2026 00:31see104

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

03 Ақпан 2026 17:28see104

Биік үйлер ТЖМ қорытындысынсыз пайдалануға берілмейді

02 Ақпан 2026 10:23see103

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары