Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

20 жылға жуық уақыт бойы кейінге ысырылып келген Ертіске көпір салу жобасы іске аса ма

20 жылға жуық уақыт бойы кейінге ысырылып келген Ертіске көпір салу жобасы іске аса ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қалаға тағы бір көпір не үшін қажет

Қазіргі таңда Өскеменде Ертіс арқылы өтетін небәрі екі көпір бар. Екеуі де ұзақ жылдан бері шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп келеді. Әсіресе орталықтағы көпірдің жағдайы күрделі.

Тәулігіне одан 70 мыңға жуық көлік өтеді. Соның салдарынан жол жамылғысының жағдайы сын көтермейді. Халық та шағымын қарша боратып жатыр. 

Осы себепті жаңа көпір салу мәселесі көптен бері жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, қала тұрғындарының күнделікті қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды қажеттілікке айналды. 

- 2025 жылдың наурыз айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталып, жобалаушы анықталды. Қазір бастапқы деректер жиналып, тұжырымдамалық нұсқалар пысықталуда, - деді Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.

Жаңа көпір қандай болмақ

Жоба өңірдегі ең ауқымды көпір өткелдерінің бірі ретінде қарастырылып отыр. Көпірдің ұзындығы 834 метр болса, оған апаратын жолдардың ұзындығы 1181 метрді құрайды.

Әрқайсысының ені 3,5 метрден тұратын алты жолақты жол жалпы ұзындығы шамамен 2,35 шақырым болатын көлік магистралін қалыптастырады. Көпірге кіреберіс Ярославская көшесі мен Алматы тасжолының қиылысынан, ал шығаберіс Серікбаев және Карбышев көшелері маңынан жоспарланған.

- Бұл жоба тек жүргізушілер үшін ғана емес. Ол тұрғын аудандардан жұмыс орындарына жету уақытын қысқартуға, қаланың әр бөлігінің өзара байланысын жақсартуға және көлік ағынын тиімді қайта бөлуге мүмкіндік береді, - дейді Нұрбек Тұраров.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Осыдан кейін облыс билігі құрылысқа қаржы бөлу үшін республикалық бюджетке өтінім бермек. Алдын ала есептеу бойынша жобаның құны 115 млрд теңге шамасында бағаланып отыр.

Жиырма жылға жуық уақытқа созылған жоба

Алғаш рет көпір туралы жоба 2007 жылы таныстырылған. Ол кезде көпірдің ұзындығы 420 метр, ал құны сол уақыттағы бағамен 12,2 млрд теңге деп бағаланған. Құрылысты 2016 жылға дейін аяқтау жоспарланғанымен, жоба бюрократиялық кедергілерден аса алмады.

2010 жылдардың ортасында бұл тақырып қайта көтерілді. Көпір құрылысы облыстың он басым инвестициялық жобасының тізіміне енгізіліп, техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленді. Алайда жобалық-сметалық құжаттамаға қаржы бөлінбегендіктен, 67 млн теңге жұмсалған ТЭН өзектілігін жоғалтты. Осылайша жоба тағы да тоқтап қалды. 2017 жылға қарай құрылыс бағасы 62 млрд теңге деп бағаланған.

- 2025 жылы «Altay Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумында бұл жобаға жаңа серпін берілді. Форум аясында құзырлы басқарма мен Қытайдың International Engineering Branch of Loungian Road and Bridge Co., Ltd компаниясы арасында Серікбаев көшесін жалғау және Ертіс арқылы көпір өткелін салу бойынша меморандумға қол қойылды, - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Құрылыс қашан басталады

Егер дайындық кезеңдері белгіленген мерзімде аяқталса, мердігер компания құрылыс жұмыстарына 2026 жылы кірісуі мүмкін. Дегенмен мамандар мерзім және қаржыландырумен қатар Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына және көпірдің сапасына айрықша көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Себебі былтыр күзде қаладағы Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірі опырылып құлаған болатын. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондықтан жаңа көпірге қойылатын талап та жоғары. Өскемен үшін бұл – жай ғана жаңа құрылыс емес, қалада ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген инфрақұрылымдық мәселелердің біріне нүкте қоютын мүмкіндік. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі Ертіс көпірі күрделі жөндеу алдында кешенді тексеруден өтетіндігі жайлы жазғанбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 00:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары