Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Ел аумағын қамтыған акция

2021 2025 жылдары жүзеге асырылған құрылымдық реформалар ел экономикасына қалай ықпал етті?

2021 2025 жылдары жүзеге асырылған құрылымдық реформалар ел экономикасына қалай ықпал етті?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2021-2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасында өзгерістер болып, айтарлықтай өсіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,6% болады деп жоспарланған еді. Бұл өсімге экономиканың нақты секторлары – мұнайдан бөлек салаларды, яғни инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамыту арқылы орындалып жатыр.

Үш бағыт Қазақстанда экономикалық өсудің әлеуметтік пайдасын нақты көрсетеді:

1. Ауыл-аймақтарды дамыту арқылы табысты арттыру;

2. Цифрлық мемлекеттік қызметтер арқылы уақыт пен ресурсты үнемдеу;

3. Ұлттық қордан түсетін трансферттер арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту.

Ауыл шаруашылығы: тұрақты табыс пен ауылдық өмір сапасын жақсарту

2025 жылы Қазақстандағы ауылдық аумақтарды дамыту және фермерлерге қолдау көрсету бағытындағы негізгі өзгерістер туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пікір білдірген еді.

«2025 жылы ауылдық аумақтарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары бірыңғай тетікке біріктіріледі. Бұл шешім ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, фермерлердің техника мен тыңайтқыштарға қолжетімділігін арттыруға және жергілікті өнім өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біз субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттерді тиімді бөлу арқылы ауылдық жерлерде инвестициялық ахуалды жақсартуды мақсат етіп отырмыз», – деді Бауыржан Омарбеков.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин келтірген мәлімдемеге сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мен субсидиялау шаралары, фермерлерге жеңілдікті несие беру және мал шаруашылығы мен техникаға қолжетімділікті арттыру бағытында төмендегідей нақты іс-шаралар іске асырылып жатыр.

2025 жылғы ауыл шаруашылығының ұлттық санақ деректері жарияланды: шамамен 1,6 миллион үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы нысаны қамтылды. АӨК-ке (агро өнеркәсіптік кешенге) несие мен лизинг беру жүйесінде өзгерістер бар. 2025 жылға арналған субсидияланған сыйақы мөлшерлемелері бекітілді. Түркістан облысында мал шаруашылығының аналық басына арналған азық субсидиялары – 219 000 теңгеге дейін белгіленді. Сонымен бірге 2025 жылы “Кең дала” бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына 700 млрд теңгеге дейін несие беріледі.

Біріктірілген мемлекеттік қолдау тетігі арқылы ауылдық жерлерде инвестицияны басқару оңтайландырылады, бюрократия азаяды, ресурстар тиімді пайдаланылады. Жеңілдетілген несие мен субсидиялар фермерлерге техника мен мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттырады. Азық өнімнің тұрақты өсуі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады және жергілікті халықтың экономикалық белсенділігін қолдайды. 2021-2025 жылдар аралығында Қазақстан цифрландыру саласында ірі жоба‑жоспарларды қолға алып, электронды мемлекеттік қызметтерді мазмұнды түрде жетілдіріп келеді.

Нақты жобалар мен іс-шаралар

Жүзеге асқан нақты жобаларға тоқтала кетейік:

eGov 3.0 порталының жаңаруы. 2025 жылы Қазақстанда eGov порталдың үшінші нұсқасы – eGov 3.0 іске қосылды. Бұл платформада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көбірек функция мен интеграцияны қамтиды, сонымен қатар жасанды интеллект компоненттері қосылып отыр. 

Жасанды интеллектіні қолдану. Мемлекеттік қызметтерге AI технологияларын енгізу – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі. Мысалы, электронды үкімет жүйесінде деректерді талдау арқылы әкімшілік процестерді оңтайландыру жоспары жасалған.

“Отбасының цифрлық картасы” (Digital Family Card). Бұл GovTech шешімі – әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мақсатында. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырылып, отбасы экономикасының әлеуметтік‑экономикалық көрсеткіштерін қадағалайтын жүйе құруды көздейді. Бұл карта әлеуметтік тәуекелдерді болжауға және тұрғындарға мемлекеттік қолдауды мақсатты түрде бағыттауға мүмкіндік береді.

Аймақаралық цифрлық трансформация жобасы. 2024 жылы Қазақстан он екі елмен бірлесе отырып, мемлекеттік секторды цифрлы басқару мен трансформациялау жобасын іске қосқан. Бұл жоба цифрландыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін нығайту және қазақстандық мемлекеттік оргалардың цифрлық басқару тәжірибесін дамытуға бағытталған.

Интернет пен байланыс инфрақұрылымын дамыту. Digital Kazakhstan бағдарламасы аясында тасымалдау, өнеркәсіп және логистика секторлары цифрландырылады. Мысалы, «ақылды» сенсорлық құрылғылар қолданылатын “цифрлық кеніш” жобасы өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Биометриялық сәйкестендіру және цифрлық жеке тұлғаны тану. Электронды  үкімет платформасында биометрия (бетті тану, QR-қолтаңба) сервистері енгізіліп жатыр, бұл қызмет алуды жылдамдатады және қауіпсіз етеді. 

Жоғарыда атқарылып жатқан жобалар мен іс-шаралардың маңыздылығына тоқталар болсақ:

- Цифрлық платформалардың кеңеюі мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырады, бюрократиялық кедергілерді азайтады;

- Онлайн рұқсаттар мен лицензиялар бизнеске есеп жүргізуді жеңілдетеді, инвестиция мен кәсіпкерлікті ынталандырады;

- Цифрландыру еңбек өнімділігін арттыруға және жұмысқа қабілеттілікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық қор, инвестициялар және әлеуметтік инфрақұрылым

2025 жылы Ұлттық экономика министрі Ұлттық қордан түсетін трансферттер мен әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған инвестициялар туралы мәлімдеді. Министр атап өткендей, «Үкімет 2025 жылдан бастап нақты сектордағы жобаларды қолдауға бағытталған бағдарламаларды күшейтеді. Меншікті кірістерді арттыру – ұлттық бюджеттің тұрақтылығы үшін маңызды».

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қорға түсімдер шамамен 1,2 триллион теңгені құрады, ал қордан түсетін трансферттер 5,25 триллион теңге көлемінде жоспарланған. Сол уақытта бюджеттің меншікті кірістері 63,7%-ға жетіп, 2028 жылы 83,5%-ға дейін өседі деп күтіледі.

Ұлттық қордан түсетін қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға – мектептер, ауруханалар, жолдар салуға және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталады, бұл халықтың өмір сапасын жақсартады.

Сонымен қатар қордан келетін трансферттер экономикаға тұрақтылық әкеліп, сыртқы дағдарыстар кезінде активтердің тиімді пайдаланылуына мүмкіндік береді, ал бюджеттің меншікті кірістерінің өсуі мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті табыс көздеріне тәуелді ету арқылы қаржылық тұрақтылықты күшейтеді.

2021-2025 жылдардағы экономикалық саясат ауыл шаруашылығын жаңғырту, цифрландыруды тереңдету және Ұлттық қор ресурстарын тиімді пайдалану арқылы халықтың өмір сапасына нақты әсер етті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 01:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see99

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары