Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

2025 жылы туризм әлем экономикасына 12 трлн ға жуық доллар әкелді

2025 жылы туризм әлем экономикасына 12 трлн ға жуық доллар әкелді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Пандемия кезінде тұралап қалған әлемдік туризм қайта қалпына келді. Биыл саланың экономикаға қосқан үлесі 12 трлн долларға жуықтап, рекордтық деңгейге жетпек. Бұл жаһандық жалпы ішкі өнімнің шамамен 10%-і. Талғамы биік саяхатшылар қай бағыттарды таңдайды?

Ел-жер көремін деушілердің қатары көбейіп, әлемде саяхатқа деген сұраныс артып келеді. Оған қымбатшылық та, жаһандық геосаяси жағдайдың шиеленісуі де кедергі емес.

Әлемде саяхатшылар саны артты

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 1 млрд-тан астам турист халықаралық сапарларға шыққан. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 50 млн адамға көп. Біріккен Ұлттар Ұйымы туризм басқармасының дерегіне қарағанда саяхатшылардың таңдауы Африкаға жиі түседі.

Мұнда келушілер саны биыл 10% артты. Екінші орында Азия-Тынық мұхит аймағы тұр. Туристер саны 8% көбейді. Еуропа бағыты 4% өссе, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Таяу Шығысқа сапарлаған адам саны 2% артқан.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Туризм адамзатты біріктіреді, мәдениеттер арасында көпір орнатады және өзара түсіністікке, бейбітшілікке жол ашады. Жаһандық туризм өз тарихындағы ең үлкен дағдарыс – пандемиядан кейін қайта қалпына келді. Халықаралық туристік сапарлар саны рекордтық деңгейге жетті. Таяу Шығыс пен Африкада пайда болып жатқан жаңа бағыттар мемлекеттерге жаңа мүмкіндіктер мен тың серпін әкеледі.

Биыл халықаралық туризмнен түсетін табысы жоғары қарқынмен өскен елдер: Жапония, Никарагуа, Мысыр, Моңғолия, Марокко, Латвия, Бразилия және Франция. Бұл жайлы демалыс үшін қомақты қаржы жұмсауға дайын туристердің көптігімен байланысты. Қазір әлем бойынша қытайлық туристер саны артқан.

Ал шетелде ең көп қаржы жұмсайтын жомарт саяхатшылар – АҚШ азаматтары. Биыл Құрама Штаттардың тұрғындары саяхатқа 176 млрд доллар жұмсады. Қытай азаматтары 142 млрд доллар жаратса, алманиялықтар демалысқа 98 млрд доллар шашқан екен. Ұлыбритания азаматтары 87 млрд доллар, ал Үндістан тұрғындары 45 млрд доллар жұмсаған.

Саланың қозғаушы күші – жаппай туризм. Сонымен бірге қазір іскерлік сапарлар көлемі артып жатыр. Жаһандық бизнес-саяхат қауымдастығының дерегіне сүйенсек, 2025 жылы іскерлік сапарға шыққан халықтың 62%-і жұмыс пен демалысты қатар алып жүрген. Бұл әсіресе 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында өзекті.

Қысқы туризмге қауіп төніп тұр   

Желтоқсан айы келгелі қысқы туризм қарқын ала бастады. Әсіресе шаңғы тебуді жақсы көретін жұрт тау-шаңғы курорттарына ағылады. Дүниежүзі бойынша мұндай орындарға жыл сайын 400 миллион адам барады. Биыл тау-шаңғы курортының әлемдік нарығы 17 млрд доллардан асады деген болжам бар. Қысқы туризм арқылы экономикасын көтеруге Қытай да кіріскен. Қазір бұл салаға ел тұрғындарының қызығушылығы жоғары.

Дин Юи, Қытай тұрғыны:

- Шаңғы тебуде тәжірибем аз. Сондықтан спорттың осы саласындағы қабілетімді арттыруға көмектесетін жаттықтырушыны іздеп таптым. Қыс мезгілін тиімді пайдаланғым келеді.

Алайда климаттың өзгеруі Еуропаның тау-шаңғы курорттарына әсер етпей қоймады. Қар мөлшерінің азаюы қысқы туризмнің болашағына қауіп төндіріп тұр. Былтыр Франциядағы Гран-Пуй курорты ақ ұлпаның жетіспеушілігіне байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ғалымдардың пайымдауынша, енді бір 75 жылда Альпі тауларындағы курорттардың ғұмыры аяқталмақ. Өйткені кейінгі ғасырда таудың оңтүстік-батыс баурайларында қар 50%-ке дейін азайған. Әсіресе Альпінің Италия, Словения және Австрия сияқты 2000 метрден төмен орналасқан аймақтарда жағдай мүшкіл.

Микеле Боццоли, Eurac Research аға зерттеушісі:

- Альпіде қар мөлшерінің төмендеуі 34%-ке жуықтады. Бұл үдеріс әсіресе 1980 жылдан кейін анық байқалады. Дәл осы уақытта ауа температурасы күрт көтеріле бастады.

Жасанды қыс сәнге айналды 

Қомақты табыстан айырылып, жұмысын тоқтатқысы келмеген тау-шаңғы курорттары жасанды қар сияқты инновациялық шешімдерге бет бұрды. Қар генераторлары су мен ауаны жоғары қысыммен араластыру арқылы жасанды ақ ұлпа дайындап шығарады. «Нәтижесі табиғи қардан да асып түседі», – дейді сарапшылар. Өйткені құрылымы тығыз әрі жылдам ерімейді. Шаңғышылар мен сноубордшылар мұндай тегіс қарды ыңғайлылық пен қауіпсіздік үшін жоғары бағалайды. Жасанды қар қысқы Олимпиада ойындарында да жиі пайдаланылады. 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 2,4 миллион текше метр жасанды қар шығаруды жоспарлап отыр. Ғасыр аяғында осы уақытқа дейін қысқы Олимпиада ойындарын өткізген 21 қаланың ішінде тек Жапониядағы Саппоро ғана қысқы спорт түрлеріне жарамды болып қалады.

Әрине, демалушылар қысқы спорт түрлерімен айналысуға кепілдік беретін курорттарды таңдайды. Әдетте бұл қажеттілікті тек биік таудағы демалыс орындары өтей алады. Олардың көпшілігі АҚШ пен Канадада.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары