Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

2026 жылдан бастап салық төлеушілерге кепілсіз төлем мерзімін шегеру жеңілдігі беріледі

2026 жылдан бастап салық төлеушілерге кепілсіз төлем мерзімін шегеру жеңілдігі беріледі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Арайлым Есқалиева атап өткендей, жаңа Салық кодексінде салық төлеушілер үшін бұрынғыдай кепіл мүлкін немесе банк кепілдігін ұсыну талабы жеңілдетіледі.

- Жаңа Салық кодексі аясында біз кепілсіз мерзімін шегеру және бөліп төлеу тетігін енгізуді көздеп отырмыз. Яғни салық төлеушілер мүлікті кепілге қоюға немесе банк кепілдігін ұсынуға міндетті болмайды. Мұндағы жалғыз шарт – салық берешегі 1500 айлық есептік көрсеткіштен (шамамен 6 миллион теңгеден) аспауы тиіс. Осындай жағдайда салық төлеушілерге 12 айға дейін кепілсіз мерзімін шегеру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі, – деп түсіндірді Арайлым Есқалиева.

Спикердің айтуынша, жаңа тәртіптің басты мақсаты ол кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, рәсімдерді жеңілдету.

– Бүгінде салық төлеушілер кепілге қойылатын мүлікті бағалап, оны жоғалту не бүліну тәуекелінен сақтандыру рәсімдерінен өтеді. Біз осы процесті жеңілдетіп, олардың уақытын үнемдеуді көздеп отырмыз, – деді ол.

Арайлым Есқалиева сондай-ақ кепілсіз мерзімін шегеру немесе бөліп төлеуге үміткер болу үшін бірқатар талаптардың бар екенін атап өтті.

– Біріншіден, салық берешегі 1500 АЕК-тен аспауы тиіс. Екіншіден, салық төлеуші ретінде кемінде 2 жыл тіркелген болуы қажет. Үшіншіден, салық төлеушінің міндетті сипаттағы орындалмаған хабарламалары болмауы және оның қызметі тоқтатылмаған болуы шарт, – деді ол.

Сонымен қатар спикер қолданыстағы кодекске сәйкес, бір салық төлеуші бірнеше рет мерзімін шегеру немесе бөліп төлеу рәсімін қолдана алатынын түсіндірді.

– Мысалы, егер салық төлеуші қазіргі таңда кепілмен немесе банк кепілдігімен мерзімін шегеру алса, кейін екінші рет те ала алады. Бірақ бұл жағдайда басқа мүлік кепілге қойылуы тиіс. Бір мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді, – деп нақтылады маман.

Мұндай жеңілдіктер кәсіпкерлердің қызметін шектеуге әкелмейді.

- Егер жеке кәсіпкер өз міндеттемесін уақытылы орындай алмайтынын алдын ала байқаса, ол өтініш беріп, мерзімін шегеру немесе бөліп төлеу рәсімін қолдана алады. Бұл кезде шоттар бұғатталмайды, ал төлем белгіленген кесте бойынша – ай сайын немесе тоқсан сайын тең үлеспен жүргізіледі, – деді Арайлым Есқалиева.

Жаңа норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

– Бұл мүмкіндік жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін, яғни 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріледі. Өтінішті барлық салық төлеушілер – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бере алады, – деді спикер.

Сонымен қатар салық міндеттемесін орындау мерзімін шегеру немесе бөліп төлеу тек белгілі бір жағдайларда ғана қарастырылады.

– Өтінішті беру негіздері нақты көрсетілген. Біріншіден, бұл – форс-мажорлық жағдайлар: табиғи апаттар, әскери әрекеттер, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар. Мұндай жағдайда өсімпұл есептеу тоқтатылады. Мысалы, өткен жылы көктемгі су тасқыны кезінде көптеген салық төлеушілерге мерзімін шегеру мен бөліп төлеу беріліп, сол кезеңде өсімпұл есептелген жоқ.Екіншіден, өндіріс немесе қызмет маусымдық сипатта болса. Үшіншіден, жеке тұлғалар уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жағдайда. Сондай-ақ соттың қарызды қайта құрылымдау туралы шешімі, әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындардың қызметі, қосымша салық есептілігін тапсыру немесе салықтық тексеру актісіндегі есептелген сомаға келісу де негіз болып саналады, – деді ол.

Айта кетерлігі, егер салық төлеуші өтінішті салықтық тексеру актісі бойынша келісілген сомаға байланысты берсе, ол кемінде 5 жыл бойы тіркелген болуы тиіс деп нақтылады Арайлым Есқалиева.

Бұған дейін 2026 жылы дивиденд алатын жеке тұлғаларға да прогрессивті салық шкаласы қолданылатынын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 20:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары