Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

2026 жылғы Азия ойындары аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады

2026 жылғы Азия ойындары аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады

Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті. Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.

Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.

Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Осылайша Қазақстан 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. Ал 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында еліміз 11-орын алған еді. Осылайша, ұлттық құрама алдыңғы Азиадамен салыстырғанда үш саты жоғарылап, алтын медаль санын арттыра білді.

"Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында бірқатар олимпиадалық спорт түрінен ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұған дейін ұлттық құрама Азиада алтынын соңғы рет 2014 жылы жеңіп алған болатын. Кейінгі екі Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады. Жапонияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды". ҚР Туризм және спорт министрлігі

Сапымен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азиада тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Корея Республикасының құрамасын 43:42 есебімен ұтты. Қарсылас команда сапында жекелей сында Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы атанған Пак Сан Ён да өнер көрсетті.

"Бұл жеңіс қазақстандық семсерлесушілер үшін тарихи жеңістердің заңды жалғасы болды. Ұлттық құрама әуелі Азия чемпионатында топ жарып, кейін алғаш рет әлем чемпионы атанды, енді Азия ойындарының алтынын иеленді. Бұған дейін бір маусымда мұндай нәтижеге ешбір құрама қол жеткізбеген", делінген ведомство хабарламасында.

Академиялық есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді сыйлады. Олар ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында жеңіске жетті.

Таеквондодан Тамирлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен Азиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алды.

Велошабандоз Алексей Луценко да тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Ол жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең атақты спортшысына айналды. Ал Рината Сұлтанова жекелей жарыста топ жарып, Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында Азия ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.

Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына екі алтын медаль салды. Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атақ.

Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жекте де Қазақстан бірден үздіктер қатарынан көрінді. Еркінғали Бүркітәлі мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола медаль иеленді.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға шықты. Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат финалда жапониялық қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ұлттық құрама аралас командалық сында да күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан қатысқан бес финалдың барлығында Жапония балуандарымен белдесті.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан бұл бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесіне қайта қол жеткізді.

"Қазақстандық балуандардың нәтижесінде де оң өзгеріс байқалды. Еркін күрестен ұлттық құрама үш қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылғы Азия ойындарында бұл күрес түрінен Қазақстан жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер күресінде де нәтиже жақсарды. Биыл спортшыларымыз бір күміс және екі қола медаль иеленсе, 2023 жылы бір ғана күміс жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, күрес Қазақстанның жалпы медаль қорына тұрақты үлес қосып келеді. Қола жүлделер санының артуы қазақстандық балуандардың Азия деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді". ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айта кетсек, жарыстың соңына бір күн қалғанда Қазақстан қоржыны тағы жеті, яғни үш күміс және төрт қола медальмен толыққан болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қазан 2026 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары