Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

2026 жылы су тапшылығы қаупі бар: аграрларға ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту ұсынылды

2026 жылы су тапшылығы қаупі бар: аграрларға ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту ұсынылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олар фермерлермен кездесіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: pexels.com

Нарын-Сырдария сарқырамасына келіп түсетін су көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл келесі жылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығын тудыруы мүмкін. Осыған байланысты кездесуде Су ресурстары министрлігі су қоймаларының жұмыс режимдеріне қатысты бірнеше болжамдық нұсқа әзірленгенін атап өтті. 

Су тым аз келген жағдайда ресурстарды қайта бөлу және лимиттерді түзету мәселесі қаралады. 

Қалыптасып отырған жағдайға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын қысқартып, құрғақшылыққа төзімді, суды аз қажет ететін дақылдарды енгізу арқылы егіс алқаптарын әртараптандыруды ұсынып отыр.

Сондай-ақ Сырдария өзенінің төменгі ағысында төтенше жағдай туындамауы үшін өңірде келер жылы күріш алқабы 70 мың гектардан аспауы тиіс.

«Егіс алқаптары жыл сайын оңтайландырылып жатқанына қарамастан, орташа өнімділік өсіп келеді (2024 жылы 85 мың гектар алқаптың гектарынан – 58 центнер, 2025 жылы 80 мың гектар алқаптың гектарынан – 58,1 центнер өнім алынды). Бұған жаңа күріш сұрыптарын енгізу және заманауи техниканы пайдалану сынды шешімдер септесіп отыр. Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік көлемі артып келеді. Егін алқаптарында судың ысырап болуының алдын алу үшін лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әдіс суды 20%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 60 мың гектар күріш алқабы тегістелді», делінген Үкімет таратқан хабарламада.

Заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тәуекелдерді азайтып, аграрлық-өнеркәсіптің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде бұл технологиялар республика бойынша 500 мың гектардан астам жерде қолданылуда. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін (суармалы жерлердің шамамен 70%-ы) жеткізу жоспарланған. Аталған мақсаттарға жету үшін Үкімет кешенді шаралар қабылдап, соның ішінде субсидиялау мәселелерін де шешуді көздеп отыр.

2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде инвестициялық шығындарды өтеуге бағытталған жалпы трансферттер көзделген, ал қаржыландыру көлемі 215 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Алдағы вегетациялық маусымда жоғарыдан келетін су көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін. Ондай жағдайда су үнемдейтін технологиялар тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарымен қатар өсімдік шаруашылығы жүйесінің міндетті элементі болуы тиіс. Қызылорда облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, инновациялық препараттарды қолдану үшін кемінде 100 гектар жер телімін анықтап, оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуі қажет», деді Қанат Бозымбаев.

Кездесуде фермерлерге суды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету және су ресурстарын есепке алуды одан әрі цифрландыру үшін енгізіліп жатқан цифрлық платформа туралы да айтылды. Аталған платформада өтінім беру және келісімшарт жасасудан бастап, нақты тұтынуды есепке алу және төлем жасауға дейінгі функциялардың барлығы қамтылған. Жүйе процестерді оңтайландырады, суды бөлу мен есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нақты көлемдерді дәл есепке алуға мүмкіндік береді. 

Вегетациялық кезең басталғанға дейін Қызылорда облысының әкімдігіне диқандар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ал «Қазсушар» РМК-ға ылғалды көп қажет ететін дақылдарға бекітілген лимиттерге қатаң сәйкес келетін су беру шарттарын жасасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдағы вегетациялық кезеңде «қара су нарығымен» күресті күшейту тапсырылды.

Су шаруашылығындағы ахуал өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы вегетациялық кезеңге арналған өңірлер бойынша су тұтыну лимиттерін 2026 жылдың 1 ақпанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдау жүктелді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2026 жылдың 1 наурызына дейін ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егістік құрылымын нақты қолжетімді суару суының көлеміне сәйкес түзету тапсырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары