Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

2040 жылға қарай Алматыда 3,6 миллион адам болады су мәселесі қалай шешіледі

2040 жылға қарай Алматыда 3,6 миллион адам болады су мәселесі қалай шешіледі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматының Бас жоспарының болжамы бойынша, 2040 жылы мегаполисте 3,6 миллион адам тұратын болады. Соған сәйкес, бір тәулікте судың орташа тұтыну көлемі 777,17 мың текше метрден (2025 жылға қарай) 1,2 миллион текше метрге дейін артады. Өсім — 62,5 пайыз. ТengriНome тапшылық мәселесі қалай шешілетінін баяндайды.

Поделиться

Алматы тұрғындары үшін су қайдан алынбақ? Бас жоспар

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай жерасты кен орындарынан тәулігіне 806 мың текше метр, ал 2040 жылға қарай 973 мың текше метр су алынады. Сондықтан Бас жоспарда жаңа жерасты су алу нысандарын пайдалану ұсынылған:

Ақсай "Барлық" жерасты су алу нысаны (Наурызбай ауданы): жоба
қуаттылығы тәулігіне 43,2 мың текше метр. Жұмыс жобасы әзірленіп жатыр. Осы кезеңдегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 22 миллиард теңгеге бағаланып отыр. "Сайран" жерасты су алу нысаны (қуаттылығы тәулігіне 52,1 мың текше метр): жобалауды қажет етеді. Бұл кезеңдегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 26,5 миллиард теңгеге бағаланып жатыр. Алматы кен орнының жұмыс істеп тұрған су алу тораптарын кеңейту (5Б, 5В, 34, 41, 21, "Орман мектебі"). Талғар кен орнының су алу тораптарын кеңейту (№11, 12).

"2030 жылға дейін сумен жабдықтауға бағытталған инвестициялардың көлемі 569,8 миллиард теңге, 2040 жылға дейін — қосымша 473,9 миллиард теңгеге жетпек. ҚҚС-ты есептегендегі жалпы инвестиция сомасы — 1 триллион 43,6 миллиард теңге, бұл су инфрақұрылымында жоспарланған қайта құру жұмыстарының ауқымын көрсетеді", — делінген Алматы Бас жоспарын түзетудің стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) есебінде.

Қазір не істеліп жатыр? Алматы әкімдігі

Редакция ТengriНome Алматы әкімдігіне жерасты су алу нысандарының құрылысы бойынша жоспарлар туралы толығырақ мәлімет алу үшін сауал жолдады.

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, "Барлық" жерасты су алу нысаны құрылысының жобасы қазір техникалық-экономикалық негіздеменің мемлекеттік сараптамасынан өтіп жатыр.

"Бұл жобаны іске асыру - қала үшін басым міндет: құрылыс аяқталғаннан кейін "Барлық" су алу нысаны Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. "Барлық" су алу нысаны бойынша жобалау жұмыстарын мемлекеттік сараптамадан өткізе отырып, 2026 жылғы желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған", — деп хабарлады басқарма өкілдері.

"Сайран" жерасты су алу нысаны Қарасай батыр көшесінің солтүстігінде, Тілендиев пен Тұрғұт Озал көшелерінің аралығындағы бұрын зерттелген жер учаскелерінде орналасады. Бұл нысан Алмалы ауданының және Жетісу ауданының бір бөлігінің өсіп келе жатқан су қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал №5Б, 5В, 34, 41, 21 және "Орман мектебі" тораптық су алу нысандарын кеңейту мәселесі алдағы уақытта қарастырылады. Дегенмен жақын маңдағы аумақтар қарқынды дамыса, қазіргі су алу нысандарының қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін.

"Осыған байланысты болашақта қосымша су алу құрылыстарын салу үшін арнайы жер учаскелерін резервте қалдыру жоспарланып отыр. Ал гидрогеологиялық жағдай қолайлы болса, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында жаңа ұңғымалар бұрғыланады", — деп нақтылады ведомство өкілдері.

Ал жоспардың төртінші тармағы — Талғар жерасты сулары кен орнының №12 тораптық су алу нысаны. Оны 1980-жылдары Алматыны сумен қамтамасыз ету үшін салу жоспарланған болатын, бірақ белгісіз себептермен құрылыс аяқталмаған.

"Қазір су тұтыну көлемі артып отырғандықтан, қалаға қосымша су көзі қажет. №12 тораптық су алу нысаны осы қажеттілікті өтеуге арналған. Ал №11 тораптық су алу нысаны жұмыс істеп тұр. Сондықтан оны кеңейту жоспарланбаған", — деп түйіндеді басқармадағылар.

Алматының су жүйесі қазір қалай жұмыс істеп тұр?

Алматының су жүйесі Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы, Есентай және басқа да ұсақ өзендерді қоректендіретін мұздықтардың еруіне тәуелді. Су төрт нысаннан жиналып, тазартылып, беріледі:

Үлкен Алматы өзеніндегі бас тазарту құрылыстары (БТҚ) (рұқсат етілген өндіру көлемі тәулігіне 223,014 мың текше метр); Кіші Алматы өзеніндегі "Медеу" сүзгілеу станциясы (рұқсат етілген өндіру көлемі тәулігіне 21,943 мың текше метр); "Қарғалы" сүзгілеу станциясы (қуаттылығы тәулігіне 15 мың текше метр); "Ақсай" сүзгілеу станциясы (қуаттылығы тәулігіне 22 мың текше метр).

Қазір қуаттылығы тәулігіне тоғыз мың текше метр болатын "Нұрлытау" сүзгілеу станциясының (Бостандық ауданы, Ерменсай шағын ауданы) құрылысы жүріп жатыр.

Алайда жерүсті сулары қаланың қажеттілігін толық өтей алмайды. Сондықтан мегаполисті сумен қамтудың негізгі көзі – Алматы мен Талғар кен орындарындағы жерасты сулары. Қазір олар қаладағы жалпы су тұтыну көлемінің 74 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бұл – стратегиялық маңызы бар ресурс. Сол себепті өсіп келе жатқан сұранысты өтеу үшін басқа да жерасты су алу нысандарын дамыту жоспарланған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы Су бас жоспар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары