Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

2100 жылға қарай мұздықтардың 85% ы жойылуы мүмкін Орталық Азия елдері ортақ әрекетке көшті

2100 жылға қарай мұздықтардың 85% ы жойылуы мүмкін Орталық Азия елдері ортақ әрекетке көшті

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сарапшылардың мәліметінше, аймақта мұздықтардың еруі жеделдеп келеді. Егер парниктік газдар шығарындылары жоғары деңгейде сақталса (SSP5-8.5 сценарийі), 2100 жылға қарай өңір мұздықтарының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 85%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл су ресурстарына түсетін жүктемені арттырып, инфрақұрылым мен халық үшін тәуекелдерді күшейтеді. Сонымен қатар мұздық көлдердің жарылуы сияқты қауіпті табиғи құбылыстар қаупі арта түседі. Осыған байланысты үдерістердің шекарааралық сипатын ескерген өңір елдері бірлескен әрі келісілген әрекеттің маңызын атап өтті.

Бұл мәселе Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит (РЭС-2026) аясында ұйымдастырылған «Орталық Азия криосферасы: ғылыми бағалаудан климат өзгерісіне бейімделу бойынша бірлескен іс-қимылға дейін» атты сессияда талқыланды. Іс-шараны Алматыдағы ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесі ұйымдастырып, оған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ GEF–ПРООН–ЮНЕСКО жобасы аясындағы серіктестер қатысты.

Сессия барысында ЮНЕСКО қолдауымен әзірленген криосфера бойынша бірлескен өңірлік іс-қимыл бағдарламасына (JSAP) ерекше назар аударылды. Құжат мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгі тоңды бақылау мен зерттеу бағытындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ климат өзгерісіне бейімделу тәсілдерін үйлестіруге бағытталған.

Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич ғылыми бағалаудан нақты әрекетке көшу қажеттігін атап өтті. 

– ЮНЕСКО Орталық Азия елдеріне криосфера саласында ғылыми әлеуетті күшейту және өңірлік ынтымақтастықты дамыту бағытында қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі басты міндет – ғылыми қорытындыларды нақты іс-қимылға айналдыру. Бірлескен бағдарлама осы үдеріске негіз болып, климат өзгерісіне бейімделу шараларын үйлестіруге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Сессия қорытындысы бойынша Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның табиғат қорғау ведомстволарының басшылары JSAP бағдарламасын іске асыруды қолдайтын бірлескен мәлімдеме қабылдап, өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады. 

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев климат өзгерісі сын-қатерлері бірлескен шешімді талап ететінін атап өтті.

– Қазіргі жағдайда бірде-бір ел бұл мәселелерді жеке шеше алмайды. Сондықтан өңірлік ынтымақтастықтың маңызы артып отыр. Бірлескен мәлімдеме елдердің күш біріктіруге және ортақ тәсіл қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді, - деді ол.

Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы өңір елдері мен серіктестердің криосфераны бақылау және сақтау бағытындағы жұмысын үйлестіруге негіз болады. Сонымен қатар ол ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындап, бейімделу шараларын ілгерілетуге ықпал етеді. Құжат халықаралық ұйымдар, донорлар және жеке сектор тарапынан қаржы тартуға да мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін өңірлік экологиялық саммитте Каспий теңізі мәселесі көтерілгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 16:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары