Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

24KZ тілшісі аязда суға түсті

24KZ тілшісі аязда суға түсті

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Арқада қыс болмайды. Қар жоқ. Аяз жоқ» деген едік. Бірақ кейінгі күндері орай да борай қар жауып, аяз қысып барады.

Сумаңдаған жел де ызғырып тұр. Өңменіңнен өтеді. Бірақ аяз қанша аттандаса да адамды жеңген жоқ. Астанада жұрт тіпті жазыдкүнгідей суға шомылып жатыр. Қарға қыздырынған сол көптің ішінде, тіпті біздің тілшіміз де бар. 

Таңғы сағат 06:00. Сынап бағанасы 21 градус суықты көрсетіп тұр. Бірақ өткір желдің әсерінен ауа температурасы -30 градустай сезіледі. Алайда «морждар» үшін үскірік аяз кедергі емес. 

Денесін қыздырған қыз-жігіттер Сарыарқаның қызылшұнақ аязын елер емес. Құдды бір аптап ыстықта жүр ме дерсің. Олар күнделікті әдеті бойынша жаттығып барып, мұзды суға шомылады.

Айдос Талғатұлы, қала тұрғыны:

- Бүгін 2-рет түсіп жатырмын. Өткен демалыста келгенмін. Басында қорқынышты болды. Өзім интернеттен адамдардың суға түсіп жүргенін көрдім. Басында суық болды, шынымды айтайын. Енді ақырындап денені үйретіп жатырмын. Судың пайдасы көп. Тестостерон деңгейін көтереді. Иммунитет мықты болады.

Қанат Қалмағамбетов, қала тұрғыны:

– 2019 жылдан бастадым. 6 жыл, 7-ші маусым. Мысалы, қазір бірінші рет түсейін деп отырмын. Ең бастысы қорықпау керек. Ниет керек. Денсаулық үшін. Қазір дәрі ішпейміз. Тұмауды сезсек жүгіріп, суға түсуге келеміз.  

Қазір арнайы клубқа 300-ден астам қала тұрғыны мүше. Олар күн сайын өзенге келіп, Есілге түсуді әдетке айналдырған. Себебі мұзды су қан айналымын жақсартып, бойды сергітеді. Яғни таңғы ызғар олар үшін жаңа күннің қуат көзі.  

Мұнда келгендер қыстың қақаған аязына қарамастан мұздай суға түсуден қорықпайды. Мен де олардан қалыспай бағымды сынап көрейін деп шештім. Әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Адреналин ойнап тұр. Өз бойымдағы фобиямды жеңдім.   

Қуаныш Айтжанов, қала тұрғыны:

- Барлық жастарды осылай суға түсуге шақырамын. Әрине, оңай емес. Бірақ өз-өзіңмен күресу аясында денсаулыққа өте пайдалы нәрсе.

Енді басындағы қобалжу бар, қиындық бар барлығы артта қалды. Қазір өзімді жеп-жеңіл сезініп тұрмын.  

Суға түскісі келетіндер алдымен психологиялық тұрғыда дайын болу керек. Егер денсаулығында қандай да бір кінәрат, өзіне күмән болса түспеген абзал дейді мамандар. Яғни сенімді болмасаңыз, біздің ісімізді сіздерге қайталауға болмайды.

Авторлары: Мерей Қанапия, Досбол Байділдин  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары