Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

2,5 триллион теңге көлемінде тиімсіз шығын анықталды Елнұр Бейсенбаев

2,5 триллион теңге көлемінде тиімсіз шығын анықталды Елнұр Бейсенбаев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс отырысында таныстырылған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында маңызды мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша республикалық бюджет – жай ғана қаржы жоспары емес, ол - алдағы үш жылдағы ел дамуын айқындайтын маңызды құжат. Осы ретте Елнұр Бейсенбаев құжатта ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауларында, сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттер қамтылуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бюджетті пысықтау және тиімділігін арттыру бойынша назар аударуды қажет ететін мәселелерге жеке тоқталды. 

Ең алдымен Елнұр Бейсенбаев бүгінде мемлекеттік борыш көлемі шекті межеден асып кеткенін жеткізді. 2028 жылға қарай жалпы қарыз 57,5 триллион теңгеге жетіп, оған қызмет көрсету шығындары 4,5 триллион теңге болады.

- Бұл – бюджет шығыстарының 15 пайызы. Мұндай тәуелділік – экономикалық қатердің нақты көрінісі. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордың шамадан тыс қарызы алаңдатпай қоймайды. 2026 жылға қарай квазимемлекеттік сектордың борышы 70 миллиард долларға жетеді. Бұл – Жалпы ішкі өнімнің 20,5 пайызы. Яғни ел экономикасының айтарлықтай бөлігі осы секторға тәуелді. Осылайша, мемлекет өзін-өзі борышқа тіреп отыр. Егер осы саясатты өзгертпесек, ертең біз қарызды емес, қарыз бізді басқаратын жағдайға жетуіміз мүмкін. Бұл – тек Үкіметті ғана емес, Парламентті де алаңдататын мәселе, - деді депутат.

Депутат квазимемлекеттік сектордың табысын қадағалау мәселесін де көтерді. Былтыр тікелей «AMANAT» партиясының депутататтары «Самұрық-Қазына» қорының табыс дивидендтерінің 50 пайызын мемлекеттік бюджетке аудару мәселесін заңмен бекіткен. Бұл – шамамен 500 миллиард теңге қаражат. 

- Алайда аталған соманы бюджет жоспарында көрмей отырмыз. Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингін капитализациялауға жыл сайын 1 триллион теңге бөліну жоспарланып отыр. Үкіметтің пайымдауынша, бұл экономиканы ынталандыруға бағытталады. Бірақ, аталған қаражаттың негіздемесі жоқ, депутаттардың арқасында Үкіметтің кепілі берілді. 1 триллион теңге – өңірлердің бюджеттегі тапшылығын шешуге болатын қомақты сома. Сондықтан «Бәйтеректің» капитализациясына бөлінген қаржының әрбір теңгесі Мәжіліспен бірге нақтылануға тиіс, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ Елнұр Бейсенбаев негізсіз және тиімсіз шығындар мәселесіне тоқталды. Жоғары есеп палатасының қорытындысы бойынша, 2,5 триллион теңге көлемінде жүйелік мәселелер анықталған. 

- Атап айтқанда, құжаттардың сәйкессіздігі, жобалық-сметалық құжаттаманың дер кезінде дайындалмауы. Бұл – жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселе. Мысалы, Еңбек министрлігі асыра болжау нәтижесінде 45,7 млрд теңге артық көздеген. Денсаулық сақтау саласында 52,4 млрд теңге артық шығын қарастырылған, - деп нақтылады ол.

Төртінші мәселе - өңірлерді қолдауға бағытталған қаражаттың тапшылығы. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасын келесі жылы қаржыландыруға қатысты мәселе бар. Оны аяқтау үшін 183,4 млрд теңге қажет.

- Бюджетте бұл соманың көзделмеуі де ауылды түлетуге арналған маңызды жобаның іске асуына қолбайлау болмақ. Сондай-ақ, Үкімет 2026 жылға даму бюджетін екі есеге азайтты. Қазір тапшылық шамамен 1,9 триллион теңгені құрап отыр. Ал басталып, 2026 жылы аяқталатын жобалардың өзіне 878 миллиард теңге қаражат бөлінбей отыр. Бұл дегеніміз құбыры бар, суы жоқ, іргетасы бар, қабырғасы жоқ, уәдесі бар, ісі жоқ жүздеген жоба келесі жылы аяқсыз қалады деген сөз. Ол туралы «AMANAT» фракциясының депутаттары дабыл қағып жүр, - деді депутат.

Бесінші. «Жайлы мектеп» – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірегей жоба. 

- Алайда осы ұлттық жобаның ахуалы алаңдаушылық туғызып отыр. Қазірдің өзінде бұл жобаны жай ғана ұстап тұру үшін 54 миллиард теңге жетіспейді, - деді депутат.

Елнұр Бейсенбаев көптеген монополистер өздерінің үстемдігін теріс пайдаланып отырғаны да үлкен мәселе екенін айтты.

- Олар көрсететін 750 түрлі қызметтің тарифтері мемлекет тарапынан реттелмейді. Тарифті инвестицияға айырбастау жобаларын тек мемлекет қана жүзеге асырып келеді. Ал монополистер болса, престеу, пломбалау, қосу сияқты реттелмейтін қызмет түрлерінің бағасын көтеру арқылы мол пайдаға кенеліп отыр. Олар инфрақұрылымды жаңартуға мардымсыз қаржы салып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үдерісін тежеп отыр. Бюджетке қосымша кіріс көздерін осы жерден іздеу қажет! - деді депутат.

Қорытындылай келе Елнұр Бейсенбаев «AMANAT» фракциясының ұстанымын білдірді.

«AMANAT» фракциясының пікірінше, бюджетке қарсы дауыс беру – бұл өзің отырған бұтақты кескенмен бірдей. Сондықтан әрбір депутат бюджетін қарсы дауыс беру - ол жарты миллионнан астам мұғалімді, үш жүз мыңға жуық дәрігерді, әскерилер және ондаған мың мемлекеттік қызметшіні жалақысыз қалдыратынын түсінуі керек. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, жетім балалар, жалғызбасты аналар мен 700 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қамқорлықсыз, әлеуметтік төлемдерсіз қалады. Осы санаттағы азаматтардың мүддесін басшылыққа ала отырып, депутаттар бұл бюджет жобасын қолдап дауыс беруі қажет. Иә, бюджет жобасы консервативті. Бірақ қазіргі күрделі жағдайда – тұрақтылықты сақтайтын құжат.

Әріптестер, біз Мәжілістегі парламенттік басымдыққа ие партия ретінде мәселелерді ашық әрі бүкпесіз көтереміз. Түйткілдер шешімін тапсын деп қатты да айтамыз.  Өйткені ел алдындағы жауапкершілікті түсінеміз. Бүгінгі бюджетке де қолдап дауыс беру – сол жауапкершіліктің айқын көрінісі. Барлығыңызды қолдауға шақырамын», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары