290 млн теңге салық және халықаралық іздеу: қазақстандық әйел Ресейден экстрадицияланды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры бола тұра, декларацияға табысы туралы бұрмаланған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан ол 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Биыл қаңтар айында ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", – делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
"Оған тағылып отырған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп толықтырды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
2026 жылғы 18 тамызда іздеуде жүрген қазақстандықтың Мәскеуде ұсталып, елге экстрадицияланғаны хабарланған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Сот үкімінен жалтарған әйел Ресейден экстрадицияланды
02 Шілде 2026 10:49
Қазақстандық әйел 290 миллион салық төлемегеннен кейін Ресейге қашып кетті
21 Тамыз 2026 10:16
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
05 Қаңтар 2026 13:52
1,3 млрд теңге салық төлеуден жалтарған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
27 Желтоқсан 2025 10:58
Алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
17 Наурыз 2026 10:31
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 10:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















