Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

308 марапат алған өнерпаз: “Халық әртісі” атағының бір ғасырлық тарихы

308 марапат алған өнерпаз: “Халық әртісі” атағының бір ғасырлық тарихы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда «Халық әртісі» атағы айтылса, көбіне құрмет пен беделді білдіретін белгі ретінде қабылданады. Бірақ осы атақты алған жүздеген адамның тізіміне қарасаң, бір қызық нәрсе көрінеді: олардың бәрі бірдей емес, әрқайсысы өз дәуірінің өнерге қойған талабын көрсетеді. Бірі жаңа театрды тұрғызған, бірі ұлттық музыканы сахнаға шығарған, бірі теледидар мен үлкен сахна арқылы халыққа жеткен. Әдетте бұл есімдер анықтамалықтарда жылдар мен мамандықтар бойынша тізіледі де, солардың артында тұрған мәдени логика көрінбей қалады.  Шын мәнінде, «Халық әртісі» атағы кімге, қандай өнерге және не үшін жол ашылғанын көрсететін өте дәл көрсеткіш. Ол арқылы мемлекет пен қоғам белгілі бір кезеңде қандай өнерді маңызды деп санағанын байқауға болады.

Бұл мақалада халық әртістерін жеке-жеке өмірбаян ретінде емес, бір үлкен мәдени жүйенің бөлігі ретінде қарастырып көрмекпіз. Мақсат –  300-нан артық есімді реттеп шығу емес, солардың арасынан ортақ заңдылықты көру. Атап айтқанда, әр уақытта «халыққа лайық» деп танылған өнер қандай болған. Осы сұраққа жауап іздеу арқылы «Халық әртісі» атағының артында тұрған үлкен тарих ашылады деп есептейміз.

Кеңестік Қазақстандағы «Халық әртісі» феномені

1920 жылдардың басында бұл атақ әлі жүйеге айналмаған еді. Алғашқы екі марапат – Александр Затаевич пен Нина Анненкова-Бернарға берілген атақтар. Затаевич қазақ музыкасын жинап, нотаға түсіріп, оны Кеңес кеңістігіне танытқан этнограф әрі композитор ретінде бағаланса, Анненкова-Бернар болса қазақ сахнасының алғашқы кәсіби актрисаларының бірі болды. Және Қазақстан мәдениет тарихында бірінші және екінші алған "Халық әртістері" ретінде қалды.

1930 жылдары Қазақстанда кәсіби сахна енді ғана қалыптаса бастады. Театр, опера, симфониялық және халық аспаптар оркестрлері нөлден құрылды. Осы кезде «Халық әртісі» атағы жаңа мәдени кеңістікті адамдар арқылы бекіту үшін керек болды. Сондықтан алғашқы марапатталғандар белгілі бір өнер саласының тірегіне айналған тұлғалар еді. Театрда Жұмат Шанин мен Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышпаев, музыкада Евгений Брусиловский мен Ахмет Жұбанов, опера сахнасында Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Евгений Иванов, Анатолий Овчинников, ал дәстүрлі күйшілік өнерде Дина Нұрпейісова сол кезеңнің «халықтық» бейнесін қалыптастырды.

Қарап отырсақ, бұл адамдардың ортақ белгісі жеке танымалдықтан бұрын, олар құрған сахнаға байланысы. Бірі қазақ драма театрын қалыптастырды, бірі опера репертуарын жасады, бірі ұлттық музыканы үлкен сахнаға алып шықты. «Халық әртісі» атағы сол еңбекті ресми түрде бекітіп отырды.

1940-1950 жылдары атақтың мазмұны өзгере бастады. Енді ол жаңа жүйені құрушыларға емес, сол жүйенің ішінде жоғары кәсіби деңгей көрсеткен орындаушыларға беріле бастады. Бұл кезеңде Жүсіпбек Елебеков, Қали Байжанов, Роза Бағланова, Қапан Бадыров, Жамал Омарова, Галина Уланова, Зинаида Морская, Муслим және Ришат Абдуллиндер, Шәкен Айманов сияқты есімдер алдыңғы қатарға шықты. Олардың әрқайсысы белгілі бір сахнада6 операда, театрда, эстрадада тұрақты репертуар көтерген кәсіби тұлғалар болды.

1950-1960 жылдары кәсіби өнер толығымен қалыптасқан соң, атақ сахналық шеберлік пен кең танымалдыққа байланды. Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Нұрмұхан Жантөрин, Нұрғиса Тілендиев, Ғазиза Жұбанова, Сыдық Мұхамеджанов, Шамғон Қажығалиев сияқты тұлғалар осы кезеңнің «халықтық» типін көрсетті. Олар тек бір театрдың немесе бір оркестрдің емес, бүкіл республиканың мәдени бет-бейнесіне айналды.

1970-1980 жылдары «Халық әртісі» ұғымы одан әрі кеңейді. Сахнаға теледидар, гастроль, үлкен концерт залдары шықты. Бұл жылдары Асанәлі Әшімов, Фарида Шәріпова, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Мағауия Хамзин, Еркеғали Рахмадиев, Нұрғиса Тілендиев, Болат Аюханов, Әзірбайжан Мәмбетов, Құддус Құжамияров сияқты есімдер кең аудиторияға танылған өнер өкілдері ретінде атақ алды. «Халық әртісі» енді тек кәсіби ортада емес, бүкіл қоғамда көрінетін тұлғаларға берілетін белгіге айналды.

Жүйе ауысқан кездегі «Халық әртістері» (1991-1999)

Кеңес Одағы тарағаннан кейін «Халық әртісі» атағы жоғалып кеткен жоқ, бірақ оның мағынасы күрт өзгерді. Бұрын бұл атақ орталықтандырылған мәдени жүйенің ішіндегі иерархияны бекітсе, енді ол жаңа мемлекетте кім мәдени кеңістікті ұстап тұрғанын көрсету құралына айналды. 1990 жылдары марапат көбіне репертуарды, ұжымдарды және сахналарды құлатпай алып қалған адамдарға берілді деп көрінді бізге.

Осы жылдары композиторлар мен кәсіби музыка өкілдері алдыңғы қатарға шықты. Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуов кеңестік эстраданың ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның да әндік символына айналды. Базарбай Жұманиязов пен Төлепберген Әбдірашев сияқты композиторлар мен дирижёрлер жаңа жағдайда да академиялық музыканың тірегін сақтап қалды. Қобызшы Ғалия Молдакаримова мен скрипкашы Гаухар Мырзабекова дәстүрлі және классикалық орындаушылықты оқу орындары арқылы жалғастырып отырды. Театр саласында да бұл атақ көбіне сахнаны ұстап тұрған адамдарға берілді. Тұңғышбай Жаманқұлов пен Рубен Андриасян Алматыдағы негізгі театрлардың бет-бейнесін анықтаса, Досжан Жанботаев пен Ақсақал Қалмырзаев секілді актерлер аймақтық театрлардың тірегіне айналды. Бұл кезеңде атақ орталық қана емес, облыстық сахналарға да бет бұра бастады. Сахналық ән мен көпшілікке бағытталған өнер де жаңа мағына алды. Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова теледидар мен концерт залдары арқылы кең аудиторияға жетті.

Бұл адамдардың барлығы кеңестік сахнадан шықса да, тәуелсіздік кезеңінде жаңа тыңдарманмен қайта байланыс орната алды.

1990 жылдардағы «Халық әртісі» бұрынғы жүйенің жалғасы емес, өтпелі уақыттың тірегі болды. Бұл атақ енді идеологиялық канонды емес, мәдени өмірді нақты ұстап тұрған адамдарды көрсететін белгіге айналды.

20 жылдан кейінгі ескі де жаңа марапат

2000-2022 жылдар арылығында  «Халық әртісі» атағы мүлде берілмей қалды. Бұл мәдениетте үзіліс болды деген сөз емес, керісінше атақтың өзі жүйеден уақытша шығарылды. Осы аралықта жаңа опера әншілері, дирижёрлер, актерлер, эстрада жұлдыздары өсіп шықты, бірақ олардың ешқайсысы бұрынғыдай мемлекеттік мәртебемен бекітілмеді.

2023 жылдан бастап «Халық әртісі» атағы қайта беріле бастады. Бірақ ол кеңестік дәуірдегідей бір ғана канонға сүйенген жоқ. Жаңа тізімдерден бірден бірнеше түрлі «халықтық» үлгі көрінді: академиялық опера, драмалық театр, дәстүрлі күй, эстрадалық сахна, білім беру мен орындаушылық қатар жүрді.

Опера мен академиялық сахнада Шахымардан Әбілев, Талғат Күзембаев, Жамиля Баспакова, Майра Мұхамедқызы, Абзал Мұхитдинов сияқты орындаушылар мен дирижёрлер марапатталды. Театрда Меруерт Өтекешова, Дінмұхамед Ахимов, Михаил Токарев, Дулыға Ақмолда, Болат Әбділманов, Шынар Жанысбекова сияқты актерлер мен сахна шеберлері алдыңғы қатарға шықты. Осы қатарға Қазақстанның, тіпті әлемдік эстрадалық сахнада танымал болып жүрген Димаш Құдайбергеннің есімін ерекше атап өтуіміз керек. 

Дәстүрлі орындаушылық та назардан тыс қалған жоқ. Рамазан Стамғазиев, Айтқали Жайымов, Айгүл Қосанова, Айгүл Үлкенбаева мен Секен Тұрысбек ән-күй өнерінің бүгінгі тірегі ретінде танылды. 

Бүкіл тізімді бір жерге жинап қарасақ, «Халық әртісі» атағы ешқашан бір ғана мәнге сыймағаны көрінеді. Алғашында ол сахнаны құруға, өнерді институцияға айналдыруға қызмет етті. Кейін ол кәсіби деңгейдің, мектеп пен шеберліктің белгісіне айналды. Уақыт өте келе атақ кең аудиторияға шығатын, халықтық өнермен байланыса бастады. Тәуелсіздік жылдарында ол мәдени жүйені ұстап тұрған тірек адамдарды көрсетуге көшті, ал соңғы кезеңде жаңаша кейіптегі белгіге айналды. Сондықтан «Халық әртісі» атағын бір ғана өлшеммен бағалау мүмкін емес. 

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,  Аikyn.kz   сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары