Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Ғасырлық тарихы бар мешіт: Жаркенттегі қасиетті орынның сыры неде

Ғасырлық тарихы бар мешіт: Жаркенттегі қасиетті орынның сыры неде

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тарихи кешен сонау Х ғасырдың ортасынан бері танымал Жаркент қаласының дәл ортасында орналасқан. Ол арқылы Батыс пен Шығысты жалғастырған Ұлы жібек жолы өтеді. Бүгінгі Жаркент Алматыдан шығысқа қарай 300 шақырым жерде қоныс тепкен. 

Бір қарағанда мешіт өзінің айрықша келбетімен көз тартады. Ол көбіне буддистік ғибадатхана немесе көне қытай сарайын еске түсіретіндей. Дегенмен, бұл таң қаларлық жайт емес. Себебі ғибадатхана 1887-1892 жылдары аралығында қытай сәулетшісі Хон Пикенің жобасымен бой көтерген.

Фото: Kazinform

Тарихи деректерге сүйенсек, бұл мешітті халықтан жинаған қаржыға бірінші гильдиядағы саудагер Уәлиахун Юлдашев салдыртыпты. Ғимарат Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс өнерінің ең үздік тәсілдері ескеріле отырып жасалған. 

Фото: Kazinform

Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, күнделікті бес уақыт намаз оқы­латын кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіш­тен қаланған сәнді дуал қоршау, оңтүстік және солтүстік жағындағы қосымша шағын қақпалар енеді.

Фото: Kazinform

Қасбеті шығысқа қараған, оның мұнарасының биіктігі — он тоғыз метр. Күмбездің астындағы бөлмелерде мешіттің бас имамы, мәзім, есепшілер және медреседе дәріс беретін діни ұстаздар отыратын болған. Үлкен дарбаза, қақпаның маңдайшалары әсем безендірілген, ою-өрнектерден және араб әріптерімен жазылған аяттардан тұрады.

Фото: Kazinform

Мешіттің жалпы аумағы — 28×54 метр. Ғимаратының биіктігі 14,5 метр, Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруда әрі әсемдік көрік беруде мәні өте зор. Бағаналарды құрастыру барысында бірде-бір шеге қолданылмаған. Оларды қиып, қашап қиюластырған. Мұндағы керегеге түсірілген нақышты араб жазуларының өзі әсем өрнек міндетін атқарып тұр. Мешіттің ішіндегі безендірулерден қазақ халқының қошқар мүйіз оюларын да кездестіруге болады.

Фото: Kazinform

Кірпіші де айрықша назар аударуға тұрарлық. Оның құрамы әлі күнге дейін зерттеушілер үшін құпия отыр. Мешітке пайдаланылған қыш кірпіштер Қапшағай өңірінің таза құмдарынан таңдалып құйылып, сол жерде кептіріліп, дайындалып, Жаркентке жеткізілген.

Фото: Kazinform

Кешеннің бас қақпасында бір-бірімен жалғаса жасалған бөлмелерде ерлер және қыздар медреселері болған. Қыздар медресесі кіші жұма мешітіне жалғасады. Бұл кіші жұма мешітінің ұзындығы — 11, ал ені — 5 метр. Жүз елудей адам сыяды. Мұнда күнделікті бес уақыт намаздар өтелген, Кіші мешіттің барлық жағы дәлізден тұрады. Мешіт дуалдар арқылы оңтүстік қақпаға ұласқан. Ал, ерлер медресесі солтүстік биік қақпамен жалғасады.

Фото: Kazinform

Үлкен жұма мешіті 1500-1600 адамға арналған. Он есіктен, жиырма терезеден және көтерме жолдан, яғни, азан шақыратын орынға апаратын баспалдақтан тұрады, Сондай-ақ, мұнда 122 тіреуіш бағана бар. Бұлар өте төзімді әрі биік сары қарағайдан жасалған. Олар Іле Алатауының биік шыңдарында әзірленіп, әбден тазаланып, күнге кептірілген. Одан кейін оларды құрылыс орнына әкелгеннен кейін желіммен тегістеп желімдеп, дәкемен орап тастаған. Сонан соң сыртын қаракөк сырмен қалыңдап сырлап, ұзақ жыл қызмет етуге лайықтаған.

Мешіт екі қабатты: бірінші қабат еркектерге, екінші қабат әйелдерге арналған. Алайда, бүгінде екінші қабаттың кіреберісі ескі баспалдақтардың қауіптілігіне байланысты жабық тұр.

Фото: Kazinform

Кеңес өкіметінің кереғар саясатының кесірінен бұл мешіт ғимараты кезінде кино залы, астық қоймасы, тұрғын үй ретінде пайдаланылған. Дегенмен, жаркенттік жұртшылықтың табанды түрде талап етуі, оған сол кездегі Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғалым Тұрғанбаевтың мұрындық болуы нәтижесінде, ең бастысы — заманымыздың заңғар қайраткері, қазақтың қалаулы перзенті Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың қолдауымен осынау тарихи ғимарат халық игілігіне қайта берілді. Бұл — 1978 жылдың 24 наурызы болатын. Содан бері аталған нысан «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі болып, тарихи-танымдық қызмет атқарып келеді. 

Фото: Kazinform

«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейіне күн сайын 30-40 турист келіп, «Жетісудың жауһары» атанған осынау сәулет ескерткішін және ондағы тарихи жәлігерлерді қызыға тамашалайды. Олардың қатарында Франция, Сингапур, Жапония, Қытай және өзге де елдердің азаматтары бар. Осылайша, осынау тарихи кешен тек қаланың ғана емес Жетісу өңірінің туристер үшін ең тартымды орындарының біріне айналып отыр.

Фото: Kazinform

Айта кетейік, «Қазақстанда мешіттерді кім салады және кім қаржыландырады» деген мақаланы мынау сілтемеден оқи аласыз.

Фото: Kazinform
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 21:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары