Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Александр Пактың таныстарына қатысты көрінеу жалған айғақ беру ісі қайта жанданды. Мәселе әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты алдында онымен бірге мейрамханада болған адамдар туралы болып отыр. Бұған дейін тергеу тоқтатылған еді. Tengrinews.kz Алматы прокуратурасынан мән-жайды білді.

Іс қайта жанданды: прокуратура не деді?

Tengrinews.kz Александр Пактың таныстарының жалған айғақ беруі мүмкін екендігіне қатысты істің барысын білу үшін Алматы прокуратурасына хабарласты. Ведомство тергеу қайта жанданып, қазіргі уақытта жалғасып жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің 420-бабы 1-бөлігі бойынша көрінеу жалған айғақ беру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте прокуратура тергеу құпиясына сілтеп, күдіктілер санын және істі сотқа берудің ықтимал мерзімін нақтыламады.

"Олар Пақ ішімдік ішпеді деп сендірген": бұл қандай іс және ол неге тоқтатылды?

28 мамырда сот кулуарында қаза тапқан қыздардың бірінің отбасының мүддесін қорғайтын заңгер Мейірман Шекеев тергеу Александр Пак қайғылы оқиға алдында уақыт өткізген компанияға қатысты материалдарды жеке іске бөлгенін айтқан болатын.

"Көрінеу жалған айғақ бергені үшін сотталушының жанында болған төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды (сотқа дейінгі тергеу басталды – ред. ескер.). Сөз ол ішімдік ішкен кезде қасында болғандар туралы болып отыр", – деді Шекеев.

Сотталушы Александр Пак / Отырыстан түсірілген видеодан скриншот

Заңгердің түсіндіруі бойынша, Zeekr жүргізушісінің таныстары тергеуді шатастыруға тырысып, күдікті мас болғанын жоққа шығарған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локация

Бүгін 09:50 1

"Бастапқыда олар күдікті мүлдем алкоголь ішпегенін айтты. Алайда кейін медициналық сараптама нәтижесі шығып, төленген шотты қоса алғанда, басқа да дәлелдер табылды. Осыдан кейін тергеуші бұл эпизодты жеке іске бөліп, материалдарды тергеуге жолдады", – деп толықтырды ол.

Анықтама: 420-баптың 1-бөлігі – "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің көрінеу жалған айғақтар беруі" бойынша 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Кейін, 5 маусымда қылмыстық іс тоқтатылғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі полиция қылмыстық құқық бұзушылық құрамын таппағанын хабарлады.

Ол кезде ІІМ прокуратура бұл шешімнің заңдылығын тексеруі тиіс екенін нақтылаған болатын.

Енді прокуратура жауабынан ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу қайта жүріп жатқаны белгілі болды.

Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғадан кейін қанша іс қозғалды?

Үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бірқатар қылмыстық қудалауға себеп болды. Zeekr жүргізушісі Александр Пакқа қатысты негізгі процестен бөлек (ол 22 маусымда 10 жылға бас бостандығынан айырылды), құқық қорғау органдары тағы үш ілеспе істі тергеді:

1. Ерекше мемлекеттік нөмірлердің берілуі. 26 наурызда, әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан бірнеше күн өткен соң, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның жеке қауіпсіздік департаменті мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру мүмкіндігі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тергеу Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша жүргізілді. Алайда 3 маусымда іс "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" тоқтатылған еді, бірақ шілдеде прокуратура оны қайта жандандырды.

Анықтама. Тергеу "тыйым салынған" сериядағы мемлекеттік нөмірлердің берілуін тексеріп жатыр. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 106 әріптік тіркесімді пайдалануға болмайды, олардың ішінде USA, KNB, MVD, OPG, SOS бар. Мұндай тыйым 2018 жылдан бері қолданыста және ол тілдік сараптама қорытындысына негізделген.

Сот процесі барысында апат болған түні Александр Пак 100 QR 02 жалған мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr электрмобилін басқарғаны белгілі болды.

ҚР ІІМ видеосынан кадр

2. Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне қатысты іс. Күдікті ретінде жол апатынан кейін қызметінен шеттетілген Ержан Ұзабаевтың жеке жүргізушісі болып жұмыс істеген полиция қызметкері А. Ж. танылды. Апат болған түні А. Ж. қызметтік Hyundai Palisade көлігімен қыдырған. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталып, іс Медеу аудандық сотына жолданды.

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі әл-Фараби даңғылындағы адам қағып кету ісі бойынша сотта / 19 маусым / Фото: Tengrinews.kz

3. Жалған айғақ беру туралы іс. Тергеушілер апат алдында мейрамхананың VIP-залында Александр Пакпен бірге болған және кейін алкоголь ішкенін жоққа шығарған топты тексерді. 28 мамырда бұл іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты. Осыдан кейін біз іс қайта жанданғанын анықтадық.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 18:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары