Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Әл Фарабидегі адам өлімімен аяқталған ЖКО ға қатысты қылмыстық іс қайта жанданды

Әл Фарабидегі адам өлімімен аяқталған ЖКО ға қатысты қылмыстық іс қайта жанданды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған еді. Қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары бірнеше қылмыстық іс қозғады. Соның бірі "әдемі" мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беруге қатысты. Бұған дейін тергеу тоқтатылғаны хабарланған болатын, алайда Tengrinews.kz тілшісі прокуратура істі қайта жандандырғанын анықтады.

Бұл қандай іс?

26 наурызда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасынан бірнеше күн өткен соң, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның өзіндік қауіпсіздік департаменті мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру мүмкіндігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша жүргізілді.

Алайда 3 маусымда қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылды. Сол кезде ІІМ кім күдікті болғанын нақтыламаған еді.

Неге іс қайта жанданды?

Алматы прокуратурасы іс материалдарын зерделеп, істі қосымша тергеуге қайтарғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижесі бойынша қала прокуратурасы оны қосымша тергеуге қайтарды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады қадағалау органы редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Дереккөз мәліметінше, билікті асыра пайдалану туралы істе әлі күнге дейін күдікті жоқ.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

10 күнде 760 келі есірткі: ІІМ ауқымды операцияның мән-жайын ашты

Бүгін 08:56 1

Анықтама: 362-бап 1-бөлігінің санкциясы 3000 АЕК-ке дейін (2024 жылға 11 076 000 теңге) айыппұл салуды, 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарды немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Қандай нөмірлерге тыйым салынған?

Тергеу "тыйым салынған серияға" жататын мемлекеттік нөмірлердің берілуін тексеріп жатыр.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда автокөлік нөмірлерінде қолдануға болмайтын 106 әріп тіркесінен тұратын тізім бар.

Оның ішіне, мысалы, USA, KNB, MVD, OPG, SOS және басқалары кіреді. Мұндай тыйым 2018 жылдан бері қолданыста және ол тілдік сараптама қорытындысына негізделген.

Сот процесі барысында апат болған түні Александр Пак 100 QR 02 жалған мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr электрмобилін басқарғаны белгілі болды.

Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғадан кейін қанша іс қозғалды?

Үш адамның өмірін қиған жол апаты бірқатар қылмыстық қудалауға себеп болды. Zeekr жүргізушісі Александр Пакқа қатысты негізгі процестен бөлек (ол 22 маусымда 10 жылға бас бостандығынан айырылды), құқық қорғау органдары тағы үш ілеспе істі тергеді:

1. "Әдемі" мемлекеттік нөмірлердің берілуі. "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша істі ІІМ 3 маусымда тоқтатқан болатын, алайда енді прокуратура тергеуді қайта бастады. 2. Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне қатысты іс. Күдікті ретінде жол апатынан кейін қызметінен шеттетілген Ержан Ұзабаевтың жеке жүргізушісі болып жұмыс істеген полиция қызметкері А. Ж. танылды. Апат болған түні А. Ж. қызметтік Hyundai Palisade көлігімен жасырын жүрген. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталып жатыр, іс Медеу аудандық сотына жолданды.

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі әл-Фараби даңғылындағы жол апаты ісі бойынша сотта / 19 маусым / Фото: Tengrinews.kz

3. Жалған айғақ беру туралы іс. Тергеушілер апат алдында мейрамхана VIP-залында Александр Пакпен бірге болған және кейіннен алкоголь ішкенін жоққа шығарған топты тексерді. 28 мамырда бұл іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, алайда ІІМ бұл шешімнің заңдылығын прокуратура бағалайтынын атап өтті.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 12:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары