Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Президент көлік министрін қызметінен босатты

40 және 60 жастан кейінгі денсаулық: ағза күрт өзгеретін екі жас кезеңі

40 және 60 жастан кейінгі денсаулық: ағза күрт өзгеретін екі жас кезеңі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан өмір сүру ұзақтығының тарихи максимумына - 76 жасқа жетті. Бірақ бұл көрсеткіштің артында әлдеқайда күрделі әрі шынын айтқанда, әрдайым айқын бола бермейтін тарих жатыр. Біздің елде де, бүкіл әлемде де адамдар қартаюдың табиғатын дұрыс түсінбейді. Бұл туралы TengriHealth айдарында Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман ой өрбітеді.  

Қазақстан өмір сүру ұзақтығының тарихи максимумына - 76 жасқа жетті. Бірақ бұл көрсеткіштің артында әлдеқайда күрделі әрі шынын айтқанда, әрдайым айқын бола бермейтін тарих жатыр. Біздің елде де, бүкіл әлемде де адамдар қартаюдың табиғатын дұрыс түсінбейді. Бұл туралы TengriHealth айдарында Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман ой өрбітеді.  

Бізге қартаю біртіндеп, байқалмай жүретін процесс сияқты көрінеді. Ағза жылдан жылға жайлап тозатындай сезіледі. Бірақ мен бұл тақырыпқа тереңірек үңілген сайын, мұның олай емес екені айқындала түседі. 

Денеміз күрт өзгереді. Егер өмірге осы тұрғыдан қарасақ, көп нәрсе бірден қисынды әрі болжамды бола бастайды. Әсіресе айналамызға - қала ырғағына, күнделікті әдеттерге және жалпы өз денсаулығымызға қалай қарайтынымызға көз салсақ.

Қырық жасқа дейінгі иллюзия

20 жаста адам өзін осал емес күйде сезінеді. Ағза көп нәрсені - артық жүктемені, ұйқы қанбауын, ретсіз тамақтануды, түндегі жеңіл-желпі асты, жол-жөнекей ішкен кофе мен кешкі асты кешіруге дайын. Бұл күй менің есімде жақсы сақталған. Ол кезде төзімділік қоры шексіз көрінеді. Бір жағынан, бұл расымен де солай: дәл осы кезеңде біз алдағы онжылдықтар бойы бізге қызмет ететін іргетасты қалай аламыз.

Бірақ шындыққа иллюзиясыз тура қарасақ, басқа нәрсе айқын болады. Осы жастың өзінде көбі созылмалы стресс режимінде өмір сүреді: оқу, жұмыс (қосымша табыс көздері), үздіксіз қарбалас. Бұған аз қозғалатын өмір салты, жол-жөнекей тамақтану және өзіне күтім жасауды кейінге қалдыру әдеті қосылады.

Салдарынан тіпті 20 жаста біз ресурсты жинақтаудың орнына, көбіне оны жұмсап жатамыз. Дегенмен дәл осы кезең өзіңе инвестиция салудың ең жақсы уақыты: қозғалу, жаттығу, кейін денсаулық негізіне айналатын орнықты әдеттерді қалыптастыру қажет.

Өлшеуге болатын қартаю

Ұзақ уақыт бойы қартаю баяу әрі бірқалыпты процесс болып көрінді. Бірақ заманауи бақылаулар мүлдем басқа картинаны көрсетеді. Ұзаққа созылған зерттеулер бірінде Стэнфорд университетінің ғалымдары бірнеше жыл бойы бір топ адамның 135 мыңнан астам биологиялық маркерін қадағалаған.

Бұл жерде жекелеген көрсеткіштер емес, кешенді жүйе туралы сөз болды: метаболизм, ақуыз, микробиом және ағза қызметінің басқа да деңгейлері. Күтпеген нәтиже шықты: қартаюға байланысты молекулалардың шамамен 81 пайызы бірқалыпты емес, күрт өзгерген.

Басқаша айтқанда, ағза белгілі бір сәтте шұғыл түрде жаңа күйге ауысады. Осындай бетбұрыс болатын екі кезең анықталды - шамамен 44 және 60 жаста.

Егер бұрын өмір түзу сызық ретінде көрінсе, қазір ол баспалдаққа көбірек ұқсайды: ұзақ тұрақтылық күрт өзгеріске ауысады, содан кейін ойын ережесі өзгереді. Бұл тек бір параметрге қатысты емес. Бәрі өзгереді: зат алмасу, иммунитет, гормоналды фон, стресске реакция, қалпына келу қабілеті.

Алғашқы бетбұрыс: дене кешіруді тоқтатады

Алғашқы бетбұрыс кезеңінде, яғни қырық бес жасқа таяғанда, елемеу мүмкін емес жағдайлар болады. Бастапқыда кішігірім белгілер байқалады: ұйқы нашарлайды, артық салмақ қосылады, қалпына келу баяулайды, қан қысымы "ойнай" бастайды, ал талдау нәтижелері бұрынғыдай мінсіз болмайды.

Дәл осы кезеңде көбі алғаш рет толық тексеруден өту туралы ойланады - бұл қызығушылықтан емес, нақты белгілер пайда болғандықтан. Бүгінде бұл кездейсоқтық емес екені түсінікті.

40–45 жас - бұл негізгі биологиялық бетбұрыстың бірі. Зат алмасу өзгереді, инсулинге сезімталдық нашарлайды, тамырға түсетін жүктеме артады. Егер осы уақытқа дейін "бірдеңесі болар" деген ұстаныммен өмір сүруге болса, бұдан былай бұл стратегия жұмыс істемейді.

Қазақстан қауіпті аймақта: неге 40 жастан кейін адамдар жиі ауырады?

Ашығын айтсақ, біздің өзіндік ерекшеліктеріміз бар. Жүрек-қан тамырлары аурулары Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Бұл құрғақ статистика емес - бұл іс жүзінде әрбір отбасы бетпе-бет келетін шындық. Жоғары қан қысымы, артық салмақ, темекі шегу, төмен физикалық белсенділік - мұның бәрі қырықтан кейін сыр беретін негізді қалыптастырады.

Бұған мәдени ерекшеліктер қосылады: мол дастарқан, артық тамақтану, майлы және калориялы тағамдарға құштарлық. Салдарынан зат алмасудың бұзылуы, ол байқалғанға дейін әлдеқайда бұрын қалыптасады. Сондықтан біз үшін 40 жас жай ғана сан емес, таңдау жасау сәті.

Нәтижені айқындайтын төрт бағыт

Уақыт өте келе мен үшін қарапайым құрылым айқындалды. Барлық дерлік қауіп-қатерді төрт бағытқа тоғыстыруға болады:

жүрек-қан тамырлары аурулары; қатерлі ісік; нейродегенеративті аурулар; зат алмасудың бұзылуы.

Ең маңыздысы бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты.

40-тан кейінгі жүрек пен тамырлар: тым кеш болмай тұрғанда, қалай инфаркттің алдын алуға болады?

Атеросклероз бір жылда пайда болмайды. Ол ондаған жылдар бойы қабыну, липидтердің жиналуы және тамырлардың зақымдануы арқылы дамиды. Инфаркт  аурудың басы емес, соңы. Бұл ретте бізде профилактика үшін барлық құрал бар:

қан қысымын бақылау; холестерин деңгейін бақылау; тұрақты физикалық белсенділік; шылым шегуден бас тарту.

Генетиканың орны бөлек. Егер отбасында ерте инфаркт жағдайлары болса, бұл кездейсоқтық емес, ертерек және мұқият қарауды талап ететін қауіп факторы.

Метаболикалық денсаулық: мәселелердің жасырын негізі

Ең аз бағаланатын тақырыптардың бірі - инсулинге төзімділік.

Көбісі бұл терминді білмейді, бірақ оның салдарымен бетпе-бет келеді: артық салмақ, шаршау, қант мөлшерінің ауытқуы, қан қысымының көтерілуі. Бұл жай ғана зат алмасудың бұзылуы емес, қабынудан бастап тамырлардың зақымдануына дейінгі тізбекті реакцияны қоздыратын жүйелі күй.

Ең маңыздысы, бұл тек диабетпен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен емес, сонымен қатар қатерлі ісік қаупінің артуымен де байланысты. Инсулин деңгейінің жоғарылауы жасушалардың белсенді бөлінуіне жағдай жасайды, демек, ісіктердің даму ықтималдығы артады. Сондықтан инсулинге төзімділікпен күресу профилактиканың негізгі стратегияларының бірі.

Қатерлі ісік: бақылау шектелген аймақ

Онкологияда бәрі күрделірек. Иә, біз қауіп-қатерді азайта аламыз - шылым шекпеу, салмақты қадағалау, метаболикалық денсаулықты сақтау арқылы. Бірақ оларды толығымен жою мүмкін емес. Өйткені кейбір процестер - генетика мен кездейсоқ мутациялардың мәселесі. Сондықтан скрининг ерекше маңызды.

Қазақстанда тұрақты тексеруден өту мәдениеті енді ғана қалыптасып келеді, бірақ ерте анықтау көбіне шешуші факторға айналады. Бұл ретте скрининг жүйесінің өзі біртіндеп кеңейіп, қолжетімді бола түсті, ол көбірек ауру түрлері мен жас топтарын қамтиды. 

Дегенмен, тексеруден жай ғана "есеп үшін" емес, саналы түрде жеке қауіп-қатерді ескере отырып өту маңызды. Осылайша олар бақылау иллюзиясын жасамай, ауыр салдардың ықтималдығын шынымен төмендетеді.

60 жастан кейінгі деменция мен есте сақтау қабілеті: ойдың айқындылығын сақтау үшін не істеу керек?

Өмір сүру ұзақтығы ұлғайғанынан деменция және басқа да нейродегенеративті аурулар жиіледі. Мұнда гендер де, өмір салты да маңызды. Бірақ негізгі ұғым бар - когнитивті резерв. Бұл мидың зақымдануларды өтеу қабілеті және ол біздің қалай өмір сүретінімізге тікелей байланысты.

Өзара байланыс бар: физикалық белсенділік - интеллектуалды жүктеме - әлеуметтік байланыстар - сапалы ұйқы - метаболикалық денсаулық.

Шамамен 60 жастағы екінші бетбұрыс: бұдан былай ағза өтемейді - дәл қазір не істеу керек?

Егер бірінші күрт өзгеріс дабыл болса, екіншісі - оның салдары. Шамамен 60 жаста ағза бұрынғыдай мәселелер орнын толтыра алмайды. Иммунитет төмендейді, қалпына келу баяулайды, созылмалы аурулар айқынырақ көріне бастайды. Осы сәтте біз бұрын істеген немесе елемеген әрекеттеріміздің салдары анық көрінеді. 

Бірақ принципті түрде маңызды ой бар: ешқашан кеш емес. Тіпті 60-тан асқанда да жүйелі тәсіл қолданған жағдайда денсаулық жағдайын айтарлықтай жақсартуға болады.

Осының бәрін біріктірген сайын, қарапайым көрініс айқындала түседі. 

Біз бақылай алмайтын нәрселер бар - гендер, кездейсоқ мутациялар, сыртқы факторлар. Бірақ толығымен өзімізге байланысты үлкен аймақ бар және дәл соның нәтижесі қауіп-қатердің шындыққа айналу-айналмауын анықтайды.

20 жаста біз ресурс жинаймыз. 44 жаста оны басқара бастаймыз. 60 жаста салдарымен бетпе-бет келеміз. Мен түйген басты қорытынды: ағза кенеттен бұзылмайды. Тек белгілі бір сәтте бұрын кешіріліп келген қателіктерімізді бұдан былай кешіруді тоқтатады.

Редакцияның көзқарасы автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін 

Автор туралы: Алмаз Шарман - Қазақ тағамтану академиясы мен Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі. Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы.

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

ауру

Денсаулық

жастар

кеңес

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see169

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see161

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see158

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see157

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see150

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see150

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see140

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see138

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see138

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see134

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see131

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see130

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see128

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see126

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see124

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see115

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see113

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары